Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дөңгелек үстелдер сериясы жалғасуда

А.ж. 28 маусымда Степногорск қаласында  «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты.

Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы, Әдеп кодексіндегі өзгерістерге қатысты  мәселелер талқыланды, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің ардагерлері өскелең ұрпақпен жинаған тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлі мен миссиясының ашылуына, мемлекеттік қызмет имиджінің артуына бағытталған.

Дөңгелек үстел аяқталған соң, қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін  мемлекеттік қызметтің әрі қарай дамуына бағытталған Манифестке қосты.

0
0
425

Осы тақырып бойынша

Дөңгелек үстелдер сериясы жалғасуда - Yvision.kz