Мазмұнға өту

Жаңа

Cыни тұрғыдан ойлау (critical thinking) сiздiң қолыңыздан келе ме?

Қайырлы күн, бiлiмге құмар жастар! Егер Сiз iзденiмпаз, прогресшiл және динамикалық интроверт болсаңыз менiң блогыма дәл түстiңiз! Бүгiнгi талқыға салынатын тақырып "сыни тұрғыдан ойлау" (critical thinking) болмақ. Бұл сөз тiркесiмен алғаш рет Ұлыбританияның Рединг Университетiнде оқып жүргенiмде таныстым. Мағынасына қарағанда, оқып шыққан мәлiметтi сынап, терiстеп шығу керек екен деп түсiнуге болады. Алайда, қателескен екенмiн, одан берi 2 жыл Британдық оқу жүйесi арқасында қисынды тұрғыдан ойлауды әбден жаттықтырып үлгердiм деп ойлаймын және сiздермен бөлiспекпiн. Осы жерде ескере кететiн жай, әрбiр Британдық оқу орыны сiзден қисынды тұрғыдан оқып, ойлай бiлудi талап ететiн болады. Сонымен қисынды ойлау дегенiмiз не? 1. Алған мәлiметiңiзге сұрақ қоя бiлуiңiз (Question assumptions). Оқығ…

0
0
1041

Қоғамдағы стереотиптер

Сендерге біздің қоғамда қалыптасқан "стереотиптер" жайлы айтып өтейін.Жалпы стереотип деген не? Стереотип – оқиғаларға, адамдарға қатысты халық арасында кеңінен қалыптасқан жалпы түсінік.Сендер қолданып жүрген стереотиптерді айтып өтейін: Әкім, депутат болсам барлығының жағдайын жасаймын; Мультфильмді тек балалар көреді; Қымбат па? Онда сапасы жақсы; Қыздар сән салонына барған соң әдемі болып кетеді; Қыз ақылды болса көріксіз, көрікті болса ақылсыз; Шымкенттіктер өте қу! Кәрістің жігіттері мен қыздары өте сұлу! Айфон смартфонын ұстаса бай, абыройлы болып кетеді(оны тағы кредитке алған); Жігіт жыламауы керек; Қыздың жолы жіңішке;Жігіт күтініп, әдемі киініп жүрсе, ол- гей болуы мүмкін. Армияда болмасаң жігіт емессің! Адал еңбекпен байып кету мүмкін емес; Соңғы үлгідегі қымбат телефон ұстауы…

0
0
16749

Қайран қазағым-ау!!! Қайда жоғалып барасын?!

Ассалаумағалейкум Алаш жұрты. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жалынды жастар!!! Бүгінгі күніміз не болып бара жатыр? Қазақи, өз туған халқымызға тән қасиеттеріміз қайда жоғалып бара жатыр? Қоғамымызбен не болып жатыр? Жаңалықтар тізімін оқып, қарап шықсан, шашын тік тұрады. Ал оның барлығысы ненің кесірінен?! Қандай себеп болып отыр? Қазақтың санасын, жүрегін, иманын кім уландырып жатыр? Қазақтың намысы қайда кетті? Отаным деп, елім-жерім деп жанын аямай, азатығымызды алу жолында құрбан болған, ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз бекерден бекер күрескен болғаны ма?! Ана тілім деп 20 жылдан аса шырылдап жүрсек те, нәтижесі қайда?! Кейбіреулер қазақ тілінің деңгейі әлдеқайда көтерілді деп те айтатын болар. Бұл ақпаратты шынымен, ешкім даттап тұрған емес, дегенме…

0
0
1740

Ессіз емес, ақылды болыңыздар!

Жақында бір танысыммен кездестім, мен жалдамалы жұмыскер болып істеген бұрынғы жұмыс орнынан бері танимын. Танысымды Арсен деп атайық. Екі сағаттық әңгімеде ол өзінің өміріне көңілі толмайтынын айтты. Ол өмірінің көп бөлігін алады деп жұмысын кінәлады. Ауыр жұмысты орындауға тапсыратын бастығын жамандады. Ағымдарды шығындарын ғана өтеуге жететін айлығының төмен екенін де айтып кетті. Мен Арсеннің өмірін елестете бастадым... Сағат таңғы 7, оятқыш дабыл беруде, осы дауысты қарғап, Арсен тұрып, ұйқыдан ісінген көздерін сүртеді. Ол күн ешқандай қызықты күттірмейді. Оған бүгін не болатынын алдын ала біледі. Жұмысқа сүйретіліп келеді, күнін өткізеді, ақыры кешкі сағат 6 болды! Үйге қайту керек! Бірақ үйде не бар? Жұмыстың көптігінен кешкі ас істеп үлгермеген әйелі бірінші қабаттағы дүкеннен жар…

0
0
980

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Қазақстан Республикасында медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға және аталған Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы шеңберінде болып өтті. Меморандумға қол қоюдың негізгі мақсаты қоғамдағы шиеленістің деңгейін төмендетуге әсер ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу, соның ішінде медиация институтын дамыту мен оны жан-жақты енгізу бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыру болып табылады. Мемлекет басшысы судьялардың VI съезінде сот тәртібінде қаралатын даулардың санын қысқартудың, оларды шешудің баламалы түрлерін енгізудің, татуластыру рәсімдерін және медиация…

0
0
427

Алғашқы қадам...

Бәріне Сәлем! Мен бұл сайтқа тіркелгеніме бір жылдың жүзі болып қалды. Осы уақыттың ішінде бұл сайтқа көп нәрселер жазып, өз ойыммен бөлісіп жүрдім. Білгеніммен бөлісіп, білмегенімді біліп жүрдім. Бірақ біршама уақыт кірмей кеттім. Қазір осы жазбаларды қайта жазғым келеді. Ең алдымен өзімді таныстырып кетсем. - Есімім (nickname) - ХанСа -Мен 17 жастамын және мен студентпін -Мен - тұйықпын. Мен - флегматикпін -Таныстарым-көп, достарым - аз... -Болашақта шет елге оқуға түскім келеді -Қазір, ағылшын тілін және кәріс тілін үйренудемін. Қытай тілін де үйреніп қалуым мүмкін -Маған түрлі тілдерді меңгерген, табиғатты фотоға түсірген, блог жазған, пианинода ойнаған, ән айтқан, дәмді тағамдар пісірген ұнайды -Мен адамды жұбата алмаймын. Оның орнына оған мотивация болатындай нәрсе айтқан ұнайды -Бо…

0
0
1613

Астанада кезексіз емханалар пайда болды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мен Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ерік Байжүнісов №5 қалалық емханада «Кезексіз емхана» имидждік жобасын жүзеге асыру шараларымен танысты. Астанадағы алғашқы медициналық ұйымдардың бірінде кезекті электронды басқару жүйесі енгізілді. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік берді. Аталған емхана қаладағы 74 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін (күніне 500-ден астам қабылдау жүзезе асырылады) ірі емханалардың бірі болып табылады. Емханада пациенттердің медициналық қызметкерлермен белсенді түрде араласуы үшін зал ұйымдастырылды. Мұнда паценттерге әркез көмекке келуге дайын тұратын медициналық қызметкерлер арасынан тағайындалған бірнеше администраторлар қызмет көрсетеді. Ме…

0
0
462

ҚР ДСӘДМ-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай –ДСӘДМ) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып, өңірлердегі әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу мәселелері, ЭКСПО…

0
0
387

БҚО бойынша Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы тікелей эфирде

2016 жылдың 23 маусымда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі күні Қазақстан Республикасының Мемлекетітк қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин «ТДК-42» телеарнасының «На чистату» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

0
0
295

Діни ақпараттың БАҚ-та жариялануындағы кейбір өзекті мәселелері

ХХІ ғасыр ақпарат пен технологияның қарыштап дамыған жаһандану дәуірі болғандықтан әлемдік кез келген жаңалықтар бұқаралық ақпарат құралдары (одан ары – БАҚ) арқылы үлкен жылдамдықпен тарау мүмкіндігіне ие. Соңғы жылдар ішінде Сирия, Ирак, Йемен, Нигерия және т.б. елдердегі діни ахуалдың шиеленісе түсуі әлем назарын өзіне аударды. «Халифат» құрамыз деп ұрандаған Боко Харам, Хизб ут-Тахрир, Әл-Каида, ДАИШ (ад-Даулат ул-Исламийя фи ль-Ирак-и-уа аш-Шам – Ирак және Шам ислам мемлекеті (ИШИМ) террорлық ұйымдарының лаңкес әрекеттері жайлы жаңалықтар кез келген ақпарат құралдарынан табылады. Қолға түскен христиан дін өкілдері мен язидтік сенімді ұстанушы адамдардың, шетелдік журналистер, мемлекет қызметкерлерімен қатар, қарапайым халықтың өлім жазасына кесілуі, қыз-келіншектердің күңдікке сатылу…

0
0
2986