Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің халық алдында есеп беру кездесуі

2016 жылы 8 маусымда Алматы қаласының коммуникация қызметінің залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҮЕҰ, "Атамекен" ҰКП, БАҚ өкілдерімен, Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесшісімен, жоғары оқу, орта оқу орындары мен Алматы қаласының білім, денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен бірлесіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Советбекұлы Донақовтың Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында бейнеконференц байланыс арқылы өткен халық алдында есеп беру кездесуіне қатысты.

Министр, Министрліктің қызметі туралы және келешектегі жоспарлары туралы мәлімдеді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды қамтамасыз ету, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, министрліктің негізгі миссиясы екенін,  Министр атап өтті.

Министр мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар алмауға кеңес берді. Ол қызмет әдебі деген түсінік және заң талаптары бар екенін атап өтті. Төмен тұрған, әсіресе тікелей бағынудағы қызметкерлер айтарлықтай қарапайым болса да, әлдеқандай тартулар бергені  ұнамсыз, сондықтан мемлекеттік қызметшілерге, әсіресе өз қарамағындағылардан сыйлық алғаны дұрыс емес екендігін атап өтті. Мұндай мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеті орынсыз, өйткені қызмет әдебін бұзу ретінде бағалануы мүмкін. Одан басқа құқық қорғау заңнама талаптары да бар. Ал осы іс-әрекеттер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық шеңберінен шығуына қауіп бар екендігі мәлім.

Есеп беру кездесуінің қатысушылары, еліміздің тұрғындары және Алматы қаласының жұртшылық өкілдерімен онлайн-режимде сұрақтар қойылып, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру - бірінші институционалды реформаны іске асыру барысы жайында толық жауаптар алынды.

 
0
0
311

Осы тақырып бойынша

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің халық алдында есеп беру кездесуі - Yvision.kz