Алматыда Мемлекеттік қызметші күнін атап өтті

Ағымдағы жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (Бұдан әрі – Департамент) Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп Ғ. Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер театырында Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиын өткізді.
Департамент басшысы Бахтияр Камалов қонақтарды шын жүректен құттықтап, бұл мейрам Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен 2013 жылы бекітілгенін айтты. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатынына ерекше тоқталды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді деп жеткізді.
Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ерлан Жайлаубай Мемлекет басшысымен ұсынылған бағыт халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басқарма басшысы Мақсат Қуандықов қатысушыларды құттықтап, Департаментпен қаланың мемлекеттік органдардың арасындағы ынтымақтастық жемісті болатынына сенім білдірді.
Жиын барысында, Мемлекеттік қызметші күніне орай 26 мемлекеттік органдардың 800 мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен Спартакиадасында жүлделі орындарға йе болған жеңімпаздар кубоктар, грамотарлар және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара, мемлекеттік қызметшілер мен отандық эстраданың жұлдыздарының өнер көрсетуімен мерекелі концерт ретінде аяқталды.
