Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы оқушылары қоғамдағы адал еңбек үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тарапынан Алматы қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің 9-11 сыныптарының арасында өткен "Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек" атты үздік шығарма байқауының және 5-8 сынып оқушыларының арасында өткен "Сатылмайтын адал еңбектің бейнесі" атты үздік сурет байқауының жеңімпаздарына салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.

Осындай маңызды іс-шараларға оқушылар белсенді түрде қатысып, кейбір бастауыш сынып оқушылары арасынан қызығушылық  таныта бастағандары  атап өтілді. Аталған байқаулар өскелең ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным мен қалыпты мінез-құлықты қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмыстар өскелең ұрпақ үшін маңызды рөлге ие. Жастайынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарды өскелең ұрпақтың бойына  сіңіру жемқорлықты түп тамырымен жоюға мүмкіндік береді.

Алматының барлық мектептерінің қоғам тану мен құқықтық негіздері пәндеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптары енгізілген.

Алматы қаласы бойынша үздік суреттері үшін жалпы білім беру мекемелерінің келесі қатысушылары мараппаталады:

1 орын

Шаталина Наталья - №103 мектеп-гимназияның 5 сынып  оқушысы.

2 орын

Антонец Ирина -  №83 ЖББМ-нің 7 сынып оқушысы;

Садулла Арайлым - №26 ЖББМ-нің 5 сынып оқушысы.

3 орын

Ридль Екатерина - №20  ЖББМ-нің 7 сынып оқушысы;

Андронов Михаил, Андронов Роман - №20 ЖББМ-нің 7 сынып оқушылары.

Алматы қаласы бойынша үздік шығармалары үшін жалпы білім беру мекемелерінің келесі қатысушылары мараппаталады:

1 орын

Қажыбаева Аида - №139 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;

Танкисов Тахир - №153 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;

Мыңбаева Жансая - №140 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы;

Душкина Светлана - №85 ЖББМ-нің 9 сынып оқушысы.

 

2 орын

Жалаубаева Айдана -  №15 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;

Кәріпжан Ақерке - №123 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;

Хашимжан Розмира - №150 ЖББМ-нің 9 сынып оқушысы;

Асбандияр Құрманғазы - №32 ЖББМ-нің 9 сынып оқушысы.

3 орын

Асқарова Жансая - №104 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы;

Азнабакиева Нигара - №150 ЖББМ-нің 11 сынып оқушысы;

Расщупкин Никита -  №11 ЖББМ-нің 9 сынып оқушысы;

Пак Игорь - №28 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.

0
0
607

Осы тақырып бойынша

Алматы оқушылары қоғамдағы адал еңбек үшін - Yvision.kz