Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру жөніндегі брифинг

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру  мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылуымен брифинг өткізді.

Жиынды Департамент басшысы  Бақтияр Камалов  ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа қабылданған заңдардың негізі қағидаттарын, мемлекеттік қызметтің  қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері мен саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасу мәселелеріне тоқталды. Сонымен бірге, жаңа қабылданған заңдардың негізінде мемлекеттік қызмет саласын өз деңгейінде жетілдіріп, қазіргі талапқа сай, халыққа сапалы, әрі тиімді қызмет көрсетуде бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жұмыс атқарудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Бақтияр Камалов Алматы қаласында 81 мемлекеттік орган бар, оның 36-сы жергілікті, 46-сы аумақтық, аталған органдарда 5138 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады. Жыл басынан 2018 үміткер тест тапсырып, оның ішінде 917-і қанағатанарлық (45,4%) нәтижеге ие болды. Бұл нәтиже 2015 жылы 28% құраған болатын.  Жыл басынан қала бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметке - 144 адам қабылданды. Оның ішінде жергілікті мемлекеттік органдарда - 53, аумақтық органдарда -91. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер үшін - 40 ішкі конкурс, 21 барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері үшін ішкі конкурс және жалпы 26 конкурс өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша     120-дан астам  іс-шаралар өткізіліп, БАҚ-та 900-дан астам басылым  жарияланды, соның ішінде әлеуметтік желілерде.  6 мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау өткізіліп, 9  мемлекеттік мекеменің  мемлекеттік сатып алуға жариялаған ақпараттарына мониторинг жүргізіліп, 50 млн. теңге үнемделгені туралы мәселелерді ортаға салды.

Брифингке қатысқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан Департаменттің 5 айда атқарылған жұмыстарының көрсеткіштері, мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі мен  ашықтығы, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды алдын-алу,  мемлекеттік қызметке  қабылданатын  үміткерлерге  қойылатын талаптар мен жеңілдіктер,  шетелдік азаматтарды мемлекеттік қызметке тартудың мәселелері,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның күресті іс қимылға айналдырудың қандай қажеттілігі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жұмыстары және т.б. көптеген сұрақтар қойылды.

Қойылған сұрақтарға  жаңа қабылданған заңнамалар мен мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңдарға қосымша актілерді  басшылыққа ала отырып, белгіленген тәртіпке сәйкес  толыққанды жауап берілді.

 
0
0
530

Осы тақырып бойынша

«Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру жөніндегі брифинг - Yvision.kz