Алматыда мемлекеттік функцияларды азаматтық секторға беру мәселелері жөніндегі оқыту семинары өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы қалалық филиалы, «Ақпараттық ресурстық орталығы» Қоғамдық бірлестігі және Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен бірлесіп 2016-2020 жылдарға арналған мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында мемлекеттік функцияларды азаматтық секторға беру мәселелері жөніндегі оқыту семинарды үкіметтік емес ұйымдар үшін өткізді.
Департамент басшысы Бахтияр Камалов кейбір мемлекеттік функцияларды азаматтық секторға беру мәселелерінің қағидаларын, тетіктерін және кезеңдерін түсіндіре отырып, аталған іс-шаралар кешені «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жүзеге асырылынатынын айтты.
Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры Әбікен Тоқтыбеков, өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту және мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға берудің әдістерін атап, мемлекеттік аппарат, мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам болатыны туралы ақпарат берді.
«Ақпараттық ресурстық орталығы» ҚБ өкілі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Алтынай Көбеева, өз сөзінде азаматтық секторға бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар функцияларды беру қажет екенін айтып, мемлекеттік функцияларды қабылдауға үкіметтік емес ұйымдардың дайындық мәселелерінде тоқталды.
Халықаралық ақпараттандыру академиясының бас директоры Алексей Цеховой мақсаттарға тиімді қол жеткізу бағытында халықаралық стандарттарға сәйкес жобалық басқаруды еңгізу өте маңызды екенін айтып өтті.
Іс-шара диалог алаңының форматында өтіп, қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.
