Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада -2016

2016 жылдың 18-19 маусымында «Динамо» стадионында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті және Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп Мемлекеттік қызметші күніне арналған Алматы қаласының әкімшілік мемлекеттік және құқық қорғау қызметшілер арасында Спартакиада өткізілді.

Спартакиада ойындарының басты мақсаты мемлекеттік қызмет имиджін және тартымдылығын арттыру. Мемлекеттік қызметші күнін тойлау мемлекеттік қызметтің беделіне, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсіби жұмысының негізгі принципін нығайтуына ықпал етеді.

Спартакиаданың салтанатты ашылуында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы Бахтияр Камаловпен Алматы қаласы бойынша Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Байсейітов Рүстем Сәлімұлы құттықтады.

Спартакиада: шағын-футбол, волейбол, жеңіл атлетика, арқан тарту, үстел теннисі, армрестлинг, шахмат, дойбы 8 спорт түрінен өткізілді.  26 мемлекеттік органдар, оның ішінде 4 құқық органы қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 600 мемлекеттік қызметшілер болды.

Спорт ойындарының  қорытындысы бойынша жеңімпаздар салтанатты түрде медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 
0
0
547

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада -2016 - Yvision.kz