Мазмұнға өту

Жаңа

«ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте.

1 шілде күні ОҚО Шымкент қаласында 2016 жылға арналаған туризмді дамыту жоспарына сәйкес, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-ға дайындық» атты семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға туристік ұйымдардың, қонақ үйлердің, такси қызметінің, ОҚО бойынша барлық аудындық кәсіпкерлік бөлімдерінің, қорық-музейлердің және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты мен міндеті – ішкі туризмді дамыту. Семинар барысында ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында қаланың туристік әлеуетіндегі шетелдік туристер қабылдаудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдары қамтылды. Айтулы семинар-тренингке «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысып өз пікірлерін білдіріп қайтты.

0
0
367

Ақтөбе облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 49 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 49 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлануда, оның 45-де күрделі жөндеу, 4-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөнделетін ғимараттардың 37-сі – білім беру, 6 – денсаулық сақтау, 5 - мәдениет нысаны және 1-і дене шынықтыру. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1 мың 82 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 549 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады. Бүгінгі күні 40 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 988 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі…

0
0
330

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді.

29 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ОАР елінің саяхатшысы Дэвид Маркус Клинтон келді. (ОАР) саяхатшысы Дэвид Клинтон, жер шарын айналып жүріп 5 жылдың ішінде 79 елге барып көрген. 2016 жылдың 22 сәуірінде Қазақстаннан өтіп бара жатқанда, ол Балқаштың маңайында жол апатына түседі. Оның көлігі сынып қалғандықтан, саяхатшы экспедициясын тоқтатып, көлігін жөндеу үшін әлеуметтік желілер арқылы заттарын сатуға мәжбүр болды. Қазақстанда жол-көлік оқиғасына ұшыраған ОАР саяхатшысы Дэвид Клинтонға Қазақ Географиялық Қоғамы қолдау көрсетіп Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға қарай өзінің автокөлігімен экспедициясын жалғастыруға мүмкіндік алды. Қазақ Географиялық қоғамынан қолдау алып экспедициясын жалғастырып, отанына ОАР -ға қайтып оралуы үшін, Қазақстан, Қырғызстан,…

0
0
396

ҚР ДСӘДМ мамандары павлодарлық дәрігерлерге күйдіргі жұқтырған пациенттерді емдеуге көмектесуде

Бүгін Павлодар қаласына күйдіргі жұқтырған науқастарға консультативтік және медициналық көмек көрсету үшін Астанадан ҚР ДСӘДМ Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Бауыржан Байсеркин мен реаниматолог дәрігер келді. 10 тамызда астанадан құрамында дәрігер-инфекционист және нефролог-эфферентолог бар Республикалық санитарлық авиация орталығының бригадасы жіберілген болатын. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметері бойынша, 8 және 9 шілде аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Ертіс ауданы Иртышск селосынан «Тері түріндегі күйдіргі» алдын ала диагнозымен 3 пациент жатқызылды. Диагноз барлық пациенттерде лабораториялық зерттеулер арқылы расталды. Олардың біреуінің жағдайы тұрақты ауыр, екеуінікі – орта дәрежелі ауыр. Пациенттер қажетті ем алуда. Адамдарғ…

0
0
234

Прокуратура органдарына қызметке іріктеудің жаңа құралдары туралы брифинг

Бүгін Бас прокуратурада Кадр жұмысы департаментінің бастығы Александр Огай мен Департаменттің басқарма аға прокуроры Ғабит Әбдіхалықов бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Брифингте олар прокуратура органдары жүйесіне қызметке іріктеудің жаңа құралдары туралы баяндады.

Сөз сөйлеушілер атап өткендей, жаңашылдықтардың басты мақсаты – іріктеудің сапасын арттыру, кандидаттың тұлғасын терең зерттеу, кадр іріктеудегі субъективтік факторды азайту. Ашық және объективті конкурс ең үздік үмірткерлерді іріктеуге мүмкіндік береді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін іріктеу тетіктері туралы барлық ақпарат ведомстволық сайтқа орналастырылады.

0
0
281

«Холдинг „Кәсіпқор“ акциясы шеңберіндегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Іс-шараның атауы: «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ның акциясы шеңберіндегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Өткізілу күні мен уақыты: 2016 жылдың 13 шілдесі, сағат 14:30 Өткізілу орны: «Павлодар қаласының Трамвай басқармасы» АҚ Шараның барысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Оған Павлодар қаласы трамвай басқарқармасының кадр қызметі, Павлодар қаласының жұмыспен қамту бөлімі, Жастар бастамаларын дамыту орталығының «Еңбек биржасы» қатысады. Жәрмеңке аяқталысымен, «Холдинг «Кәсіпқор» Комерциялық емес акицонерлік қоғамының төрағасы Н.Р. Аршабектовтің, «Павлодар қаласы трамвай басқармасы» АҚ-ның төрағасы М.Д. Махмутовтің, сол мекеменің жұмысшы жастар Кеңесінің төрағасының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Акцияның мақсаты: жұмыссыз жастарға көмек көрсету, жұмысқа тұрғызу мәселелерін шешу, қыс…

0
0
702

Ярмарка вакансий в рамках акции «Холдинг „Кәсіпқор“

Впервые в Павлодаре «Холдинг «Кәсіпқор» проводит акцию, направленную на трудоустройство безработной молодежи.

В ходе акции пройдет Ярмарка вакансий, в которой примут участие:

  • кадровая служба трамвайного управления;
  • отдел занятости города Павлодара;
  • «биржа труда» Центра развития молодежных инициатив.

Данное мероприятие направлено на то, чтобы оказать содействие  и трудоустроить молодых людей  в крупные предприятия и цеха города Павлодара.

Дата и время проведения: 13 июля 2016 года, в 14.30 часов

Место проведения: АО «Трамвайное управление города Павлодара»

Организаторы: НАО «Холдинг «Кәсіпқор» при поддержке управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области

1
0
337

«Сенің „ЖОҚ“ деуің маңызды»

А.ж. 11 шілдеде Ерейментау аудандық кітапханасында облыстық дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Баршамыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігеміз» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру және өз әрекеттерің үшін қоғам алдында жауапты болуға баулу. Кітапхана қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа күрес-мемлекеттік саясатың басты бағыты» тақырыбында құқық сабағын өткізді. Сабаққа №8 агротехникалық колледждің ІІ курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында жиналғандар тақырыптық әдебиеттерді қарап, пікірлерімен бөлісті. Жасөспірімдер кітапханасында «Зло на букву «К» тақырыбындағы ақпараттық- танымдық сағат өткізілді. Құқықтық әдебиет бойынша тақырыптық көрменің шолуы өткізілді. Іс-шараның аяғында қатысушыларға «Сенің «ЖОҚ» д…

0
0
591

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында дифтериямен сырқаттану 30 есеге төмендеді

Кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 25 жылда республикада дифтериямен сырқаттану деңгейі 30 есеге азайды. 2015 жылы дифтерияның бірде бір жағдайы тіркелмеген, ал 1991 жылы дифтериямен сырқаттанудың 30 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,18 жағдай), 14 жасқа дейінгі балалар арасында 8 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,15 жағдай) тіркелген. Дифтерия – ауа-тамшылы жолмен жұғатын, ауыр түрде өтетін жұқпалы ауру. Дифтерия таяқшалары мұрын, аңқа, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатына түскенде жылдам көбейіп, орталық жүйке жүйесін, тамырлар мен жүректі зақымдайтын ерекше дифтериялық улы затты бөледі. Дифтерия ауруы дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздіктен басталады да, жұтынғанда ауырсыну белгілері байқалады. Көп жағдайда адамдар ауруд…

0
0
340

Кіріспе

Кіріспе.
Кей сәтте қаптаған мазасыз ойлардың қамауына түсіп, шырмалып қалатыным бар... Ішімде ұша алмай торда тыпыршып тұрған құс маза бермей, жүрегім жиі соғып, я сол құсты қалай босатарымды білмей дал боламын. Құдды бір шабыты келген ақындай, ұйқым қашады. Әттең, ақындық туа бітер дарын. Әйтпесе, торымның таптырмас дара кілті сол болар ма еді... Дегенмен, мен бір кілт таптым) Әзірше, байқап көру керек. Ол кілттің сәйкестігі сіздерге байланысты сияқты. Қияли қыздың жазбаларын оқыр бір адам болар ма екен? Қызық...

1
0
633