Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«...Бізді шын мәнінде адал балалар деп санауға болады»

А.ж. 13 шілдеде Ерейментау ауданының «Сказка» бала бақшасының дайындық тобында облыстық дәстүрлі  «Адал жол – Честный путь» марафонын жүзеге асыру шеңберінде балалардың бойында моральдық-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, бір-біріне және үлкендерге  сыйластықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Адалдық жүрегі» тақырыбындағы сабақ өтті.

Іс-шара шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінді. Сабақ балалардың шеңберге тұрып, ізгі тілек айта отырып, «жүректі» бір-біріне беруінен басталды. Сабақтың келесі кезеңі – «Адал болу деген не?» тақырыбына әңгімелесу. Ертегіні тыңдаған соң, балалар оны талқылауға көшті.  Әңгімелесу барысында олар өздерінің адалдыққа қатысты ұстанымдарын ашық көрсетіп, ой-тұжырымдарымен бөлісті.

Содан кейін «Айна» ойыны ойналды. Ойынның мазмұны – балалар жұптарға бөлініп, «адам» мен «айнаны» көрсетулері керек. Ойынның мәні – «айна» «адамның» қимыл-қозғалыстарын тура қайталаауы керек.

«Бүгін достарымыздың көп болуының және олармен адал болудың қандай маңызды екенін білдік. Достарымызға біз сенім артамыз, қиын жағдайда қол үшін береміз. Адалдық, шыншылдық, кішіпейілдік қашанда адамның ең басты байлығы болып келді, және солай бола бермек. Ешқашан әкеңе де, анаңа да, достарыңада, таныстарыңа да, бейтаныс адамдарға да жалған айтушы болма. Егер біз осы қарапайым ережелерді ұстанатын болсақ, бізді шын мәнінде адал балалар деп санауға болады», - деді ұстаз С. Стригунова сабағын қорытындылай келе.

0
0
402

Осы тақырып бойынша

«...Бізді шын мәнінде адал балалар деп санауға болады» - Yvision.kz