Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа тыныс

Таң атқалы өте ғажап көңіл-күйде тұрдым. Бұл өмірімнің жаңа парағы ашылған күн. Өмірімнің түбегейлі өзгеретінін сезіп қатты қуанышқа кеңелдім. Өткен өмірімнің барлық естеліктерін жойып, жаңа өмірге қадам бастым. Ең бірінші өз ойымды тазартып, алдыма дұрыс мақсат қойып, соны қағаз бетіне түсірдім. Екінші, жазғандарымды жүзеге асыруға асықтым. Терезеден күн сәулелері түсе бастаған сәттен, кеудемді қуаныш кернеп тұр. Тұра сала өлең қостым. Бар даусына қойып, ләззат алдым. Бұл жаңадан жазып алған әуендерім еді. Жаңа өмір парағын ашқандықтан өз өлеңдерімді сорттаудан бастаған болатынмын. Мұңлы көңіл-күйге душар етіп, болмаша естеліктерді еске түсіріп, көңілге қаяу түсірер әуендерді өшіріп тастадым. Тек позитивті өлеңдерді қалдырып қойдым. Біраз маңызсыз суретерімді де өшіруді жөн көрдім. Ендігі менің өмірім өзгеше сипат алады. Өзімде, өмірімде өзгереді. Мені алдыда үлкен бақытым тосуда. Бақытыма асықпын. Оны күтудемін. Оған қол жеткіземін. Мақсаттарым жұлдыздар іспетті. Тек қол жетімді. Қанша уақыт қажет болса да сол жұлдызыммен қауышам. Ақтық жүрек дүрсілі соғылғанша қол жетпес арманға қол созудан жалықпай өтем өмірден. Мақсатсыз өмір қызықсыз. Оның еш маңызы қалмайды. Менің ойымша, өмірдің бар сәні мақсатқа айландыратын арманда. Бірінші армандайсың, сосын оны мақсатыңа айналдырасың. Бәрі де оңай. Өзіңді психологиялық тұрғыдан дайындасаң, бәрі де жеңіл. Тек адамның ішкі дайындығына байланысты. Бірақ мақсатыңа жету жолында өмірдегі ең маңызды құндылығыңды жоғалтып алмауға тиіссің. Ол – имандылық. Имандылық сөзінің ауқымы кең. Ол сенің адамгершілігің, мейірімділігің, құрмет, ізетің, адалдығың, даналығың, әділеттілігің... ол жақсы қасиеттер жиынтығы. Бастысы сол. Мендегі қиындық тек достар мәселесі. Бүл күнге дейін нағыз дос таба алмадым. Бәрі алды да болар деген үміттемін. Бірақ, өзімді жалғызбын деп есептемеймін. Өзімнің ішкі түйсігіммен маған қазіргі достарымның қажеттілігінің шамалы екенін білемін. Ешқайсының да менің жан досым емес екенін білемін. Менің анам – менің досым. Жан досым, қолдаушым, бәрі де бір Алла Тағала. Сенерім, сиынарым, қорқатыным да Жаратушы ием. Дегенмен, адамның досы болуы керек. Келісемін. Бірақ іздемеймін. Мүмкін өзімнен де бар шығар, мінезімнен болар. Маған бұл жағы белгісіз. Барлық адамға жағу міндет емес. Бар достарыма қанағат. Жаңа таныстарымның пайда болғанын қалаймын. Жаңа достар тапсам деймін. Бұл керемет болар еді. Сонда шынымен өмірім өзгереді. Алдыда үлкен сын күтіп тұрғандықтан мен оған жақсылап дайындалуым керек. Бір саладан маған көмек қажет. Онсыз болмайды, өз күшіммен түсінер емеспін. Тәтем бір жігітті білетін және сол салада білім алғанын айтқан. Сол жігітпен сөйлесіп, маған көмек көрсетуін өтінгем келеді. Бұған дейін ешқандай қиындықтар тумайтын. Әрдайым өз күшіммен түсініп, ұғып алатынмын. Соңғы жылдары болған оқиғалар мазалап сабағыма дұрыс мән бермеген секілдімін. Бұл сол өткізіп алған күндерімнің, дұрыс мән бермеуінің зардабы іспеттес. Былтырғы жылы мектепте белсенділік танытып көптеген іс-шараларды өткіздім. Құжаттарын жасаумен айналыстым. Сол кездері көп сабақты жіберіп алдым. Жылдың басынан өз мақсатыма жете алмадым. Ал бұл жылы тіпті тырыспадым. Президенттік сайлау болған. Үлкен сенім артып қатысқан болатынмын. Қатты жеңіске жеткім келген. Өзіме тым қатты сеніп қойғандығымнан масқара болып төмен дауыс жинап қалдым. Өзге қатысушылармен салыстырғанда, бағдарламам, ұсыныстарым бәрі де керемет болды. Бірақ мүлде ойламаған адам жеңіске жетті. Бұл маған ауыр соққы болды. Әрдайым жеңіске қиналмай жетіп үйренген едім. Ал сол кезде жеңіліске ұшырадым. Бір жағынан жеңбегенім пайдалы болды. Жауапкершілігім көп болар еді. Өзім өте жауапты адам болғандықтан ондай істі үлкен талпыныспен орындайтын едім. Жеңген адамның мұндай істерде еш тәжірибиесі болмағандықтан оған әсер етпеді. Ешқандай өзгерістерде әкелмеді. Тек аты ғана болды. Бұл жылы өз уақытымды текке кетіргім келмегендіктен сайлаудан бас тарттым. Қатысқанымда жеңіске жетер ме едім?! Бұл жылы қолдаушыларым көп болды. Бұл жылғы болған президентте тәжірибиесіз болғандықтан ешқандай жұмыс жөнді атқарылмады. Ешкімнің көңілі соңғы екі жылғы президентке толмады. Осы күзде жақсы президент болады деген үміттемін. Қажет болса көмектесуге де дайынмын. Оның алдыңғы жылдары сабағыма мән бермеуімнің себептері ауыр болды десем артық айтқаным емес. Себебі, мен де, отбасым да ауыр күндерді бастан өткердік. Ойлап қарасам, санаулы уақыттың ішінде көп қиындықты бастан кешірген екенбіз. Үлкен сыннан өттік. Кімнің қалай өткені белгісіз. 12-13 жасар жасөспірім қызға мұндай өмір сынағына төтеп беру оңай емес екеніне сенімдімін. Бірақ қазақта “басы қатты болса, аяғы тәтті болады” деген жақсы сөз бар. Жастайымнан үлкен қиындықтармен күресіп, оған төтеп беруді үйренсем, кейінгі кезеңдегі қиындықтар әдеттегі жағдайға айналады.

 
0
0
1553

Осы тақырып бойынша

Жаңа тыныс - Yvision.kz