Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» марафоны аясындағы «Жемқорлыққа бөгет» аудандық акциясы

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде тұрғындар арасында адамдар көп жиналған орындарда «Намыс» қоғамдық қоры еріктілерінің қатысуымен «Өзіңді сыбайлас жемқорлықтан қалай сақтау керек»  ақпараттандырушы қағаздарының таратылуымен «Жемқорлыққа бөгет» аудандық акциясы болып өтті. Бұл акцияның мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атмосфераның қалыптасуына ықпал жасау, сыбайлас жемқорлықтың мінез-құлқын ескерту және жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылығын қалыптастыру. Акция барысында «Намыс» ҚҚ еріктісі Говядов Данил: «Біз бұл акцияны “Өзіңнен баста” деген ұранмен өткізіп жатырмыз және сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғам болып күресу керек. Сонда ғана қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атмосфера қалыптасып, бұл зұлыммен күресу шарасы оңды нәтиже береріне сенім артуға болады. Және біз жастардың атынан барлығын сыбайлас жемқорлықлы жоюға шақырамыз». Іс-шараға амамен 100 адам қатысты.

 

0
0
690

Александр Тасболатов: «Шындық. Адалдық. Әділдік», «Егемен Қазақстан», 20.07.2016 г.

Адамды адамның өлтіруге қақы жоқ. Тіпті, мемлекет те жаза ретінде адамды өлтіруге тоқтау салып жатады. Қанды қол кәнігі қылмыскердің өзі бірнеше жылды арқалап, тас қапасқа қамалса да, оның өміріне ешкім балта шаба алмайды. Бірақ солай екен деп, адамдар адам өлтіруден қалыс қалып жатқан жоқ. Алып қашады, зорлайды, өлтіреді, әйтеуір, адамға адам дегенін жасайды. Артынан бар болғаны өмір бақи бас бостандығынан айырылуға сотталады. Ал бұлардың арасында кім жоқ дейсіз, нағыз баскесері де, қосақ арасында қоса кеткені де кездеседі. Ондай жазықсыз жандардың тағдырын сындыруға кім себепкер болады? Сенсеңіз де, сенбесеңіз де айтылатын бір жайт, оған нағыз адам өлтірушіні іздеуші адамдардың өздері кейде себепкер болады екен. Сондықтан нағыз қылмыскер мен жазықсыз жанды айыра алу қай заманның болмасын көкейтесті мәселесі. Демек, қылмыстық істерді саралау, зерделеу, дәлелдемелерді таразыға тарту, адам өлтірді дегенді кінәлі немесе кінәсіз деп тану, өмір бақи көрер жарығынан айырып, тар қапасқа тоғыту – айтуға ғана оңай.

Иә, қылмыстық істерді қарау сол қылмыстың қалай жасалғанын зерделеп шығу ғана емес, оның ауыр­лығын сезініп, қасіретін жүрек­тен өткізу. Сондайда адам­ға демеу болар адалдық, әділдік, шындық қағидаттары ғана. Шы­найы ақиқатқа жеткізер үш негіз – осы. Дауласа қалған жанның алдан күтер әрі арқа сүйер үміті де осы үш-ақ нәрсе. Тағдыры таразыға тар­тыл­ғанда көздегені осы талап аясынан табылып жатса, сот менің құқығымды қорғады деп жаны жай табады. Ал бұл орайда екінші тараптың, яғни екінші жақтың талабы тасқа соғылып дегені болмай қалса, сот менің құқығымды қорғамады, менікі дұрыс еді, бірақ оны ескермей бұра тартты дейді. Қылмыстық істегі мұндай келеңсіз көріністер көптің көңілін күпті етері де жасырын емес.

Қудалау органдарының қатесін анықтауда сот органдарының атқа­ратын қызметі зор. Адамға қысым жасалып сұрау алынған тек­серіс­тердің сырын сот қана біле алады. Бұл, баршамыз жалықпай айтатындай, әділдікке жетудің жалғыз ғана жолы. «Міне, сол жұрт аңсаған әділдікті орнату үшін бүгінде біз сот жүйесінде көптеген жаңалықтар мен өзгерістерді алға тартып отырмыз», дейді осы бір көкейтесті тақырыпта сот жүйесінің жаңа қызметі туралы әңгімелеп берген Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Абай РАХМЕТУЛИН. Айтса айтқандай-ақ, ағымдағы жылдан бастап, еліміздің сот саласы жаңа жүйе бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл өзгеріс көзі қарақты оқырмандар мен жаңалықтарға жақын жүретін жандарға, етене таныс екені сөзсіз. Өйткені біздің халқымыз қашан да жақсылыққа жаны құмар ғой. Жақсылық бізді жаңа жетістіктерге, ойлаған ісімізге, аңсаған мұрат-мақсаттарымызға жеткізеді дейміз. Міне, осы орайда Мемлекет басшысының Бес институттық реформасы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парында белгіленген мінде­т­терді, әсіресе сот саласы қызмет­кер­леріне орындау халыққа – жақсылық, судьяларға – абырой әкелмек. Ал онда Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету бағы­тында 11 қадам түгел сот жүйе­сіне арналып отыр.

Әлемдегі озық отыз елдің қатары­на ену үшін Қазақстанның тек экономикасы, саяси, мәдени жағдайлары ғана емес, құқықтық саласы дамып, осыған сай сот жүйесі айтарлықтай алда болуы қажет. Өйткені, мұндай реформалар не үшін, қандай мақсатпен шығарылады? Әрине, ең алдымен ол халыққа тиімді болуы қажет. Қандай жағдайда болмасын адам­ның құқығы қорғалуы тиіс. Бұл орайда аталған Ұлт Жоспарында айтылғандай, енді нақты талап алқабилерге де қойылып отыр.

Заң үстемдігін қамтамасыз етуде басымдық берілген «100 нақты қадамның» 21-қадамына сәйкес, алқабилер соты қолданылатын салалар аясы кеңейтілді. Ең маңыздысы, алқабилер соты міндетті түрде қатысатын қылмыстық істердің санаттары анықталды. Елбасы қол қойған жаңа заңға сай, алқабилер қатысатын соттардың қарау­ын­дағы істердің аясы ұлғайып, қосымша төрт құраммен толықтырылды. Жалпы, мемлекет тарапынан көңіл бөлінген сайын, бұл жүйе өзі­нің тиімділігін көрсетіп келеді. Атап айтқанда, 2010-2014 жылдары алқабилердің қатысуымен 133 адамды ақтау туралы үкім шы­ға­рылды. Бұл көрсеткіш алқа­би­лердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер бойынша сотталған адам­дар­дың 8,5 пайызын құрады. Яғни, бұл деректер алқабилер іс­тер­ді қарау процесі кезіндегі ақ­тау үкімінде үлес салмағының едәуір басым болғанын растайды. Мәселен, бұрын олардың алдына ату жазасына кесу мен өмір бойы­на бас бостандығынан айы­руға тартылғандардың тағ­дырын шешу талабы қойылса, енді адам ұр­лап, ауыр халге ұшырату және жасөс­пірімдерді зорлау қылмысы бо­йынша құрам қосылды. Мұндай істер аса ауыр қылмыстық санатта болғандықтан алқабилер қаты­суы­мен қаралатын болады.

Бірақ айыпкердің адамды ұр­лағаны немесе жасөспірімді зор­ла­ғаны қудалау органдары арқылы тексеріліп, сот алдына анықталып келіп тұрса, онда неліктен оның кінәлі, кінәлі еместігіне бас ауыр­тудың қажет бар дейді біреу­лер. Расында, алқабилерсіз-ақ судья­ның өзі ондай адамды соттап жібермей ме? Соттай алмайды. Неге? Өйткені, сот тексерудің заң­ды­лығына көз жеткізбей, дәлел­дер­дің нақтылығын зерделемей, қос тараптың уәждерін елеп-екшемей ақиқатты айта алмайды. Адамның айыбы заң жүзінде айқындалып тұрса ғана ақиқат айтылады. Ал оны алқабилер алдында анықтап беру үшін бір тараптан қорғаушы, екінші жақтан айыптаушы, яғни прокурор сайысқа түседі. Олар өз пікірлерін ортаға салып, уәждерін дәлелдеп береді. Міне, бұлардың дәлелдемелерін тыңдаған алқабилер де оны іш­терінен сарапқа салып, қоры­тын­ды шығарып, бюллетеньге сот­талу­шының кінәсі бар ма, жоқ па деген бір ауыз сөзді белгілейді. Осы­лайша халық мұндай адамдарды алқабилер арқылы өздері соттайды немесе ақтайтындығын айтады А.Рахметулин.

Әрине, алқабилер институтын енгізу барысында талай ай­тыс-тартыстың болғаны белгілі. Бір­қатар адамдар, оның ішінде тіпті заңгерлердің өздері де қалайша кәсіпқой судья емес, керісінше құқықтан ешқандай хабары да әрі заң білімі де жоқ адамдар ең жоғары қылмыстық жазаны тағайындауға қатыса алады деп, о баста шу көтергені белгілі. Олар қалай­ша кінәлі, кінәлі емес деп адам тағдырын шеше алады деп тартыс туғызды. Бірақ алқабилер алғаш рет Қазақстанда ғана қолданысқа енбегені рас, ол дамыған елдердің тәжірибесінде баяғыдан бері бар. Сондықтан оның қоғамға берер пайдасы зор екені айқындалып, сонау 2007 жылдан бері жұмысын бастап, өз тиімділігін көрсетті.

Алқабилер институты енгізіл­гені­мен оның құрамын дайындау, алғашқыда қиындыққа соқтырғаны белгілі. Қоғам дайын емес пе, әй­теуір, алқабилерді іріктеу барысы орасан кедергілерге ұласып отырды. Өйткені, жергілікті әкімдіктер әзірлеген тізімді дайындап, одан соң тексеріле келгенде қараса, арасында тіпті жүйкесі сыр бергендер, бұрын сотталғандар, шетелдік азаматтар да, т.б. адамдардың да қосылып кететіні талай анықталды. Демек, әкімдік ұсынған алқабилер тізімі арасында небір адамдар болады деген сөз. Кейде оларға сенім­сіздік артылатыны да сондық­тан ба дейміз.

Бұл жерде кейде көпшілік, нелік­тен аудандық, облыстық сот­­тар­­дың шығарған шешімдері өз­геріссіз қалып жатады дейтіні тағы бар. Әрине, егер заң бойынша ол шешімдер дұрыс шығарылған болса, оны қалайша дұрыс емес деп айтуға болады, дейді А.Рах­метулин. Қылмыстық істер жөнін­де­гі алқа төрағасының пікірі бойынша, сот жұмысын статистикамен мүлде байланыстырмау қажет. Біреулер соттарда ақтау үкім­дері аз деп айтады немесе көп дейді. Мұны қалай түсінуге болады? Статистика бойынша жағым­ды ақпарат беру үшін ақтау үкімі осыншама, ал өзгеріссіз қал­дыру осыншама деп қолдан құрас­тырылу қажет пе? Бұл адам тағ­дыры ғой. Бұл мүмкін емес қой.

Оның үстіне қазіргі уақытта қудалау органына да айрықша талаптар қойылуда. Олардың дұрыс тексерілмей жіберілген істері сотта шешімін таппаса, қайта тексеріліп, бұзылып жатса, онда оларға да сұрау салынады. Шикі істерінің соттан өтпейтіндігін тергеу органдары жақсы біледі. Ал егер талапқа сай тексеріліп, заңға сәйкес, іс дәлелденіп сот алдына жеткізілсе, тұтас заң талабына сай жүргізілген болса, оны қалайша сот дұрыс емес деп шешім қабылдауы тиіс? Демек, осының бәрін зерттеп, зерделеп отырумен айналысатын сот қана дұрысты дұрыс деп тани алады.

Мәселен, алқа төрағасының айтуынша, өткен жылы республика соттарына 49 215 қылмыс­тық іс түскен. Оның 16 639-ы қыс­қар­тылса, соның ішінде тарап­тардың татуласуы бойынша 12 971 іс болды. Жалпы, сол өткен жылы 31 597 адам сотталды. Бұл аз сан емес. Дегенмен, солардың ішінде 8 054 сотталғанға немесе 25,5 пайызына нақты бас бостандығынан айы­ру тағайындалған. Сонда 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда, нақты бас бостан­дығынан айыруға сотталған адам­дар­дың саны 13,1 пайызға төмен­деген. Бұған қоса, сол өткен жылы алғашқы рет соттармен тағайын­далған жазалардың теңдігі өзгер­генін баса айту керек.

Иә, расында 2014 жылмен салыс­тырғанда, баламалы жаза шара­ларының арасынан айыпп­ұл­ды қолдану 7,8 есеге, ал қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша 5,5 есеге өскен. Бұл келтірілген мәлі­­мет­­тер жазалардың балама­лы бас бостандығынан айыруын қол­дану бойынша жаңа қыл­мыс­тық заңның неғұрлым жоға­ры әлеуетін аңғартады. 2015 жылы бірінші сатыдағы соттармен 9 001 сотталған жазаны өтеуден мер­зі­мінен бұрын шартты түрде босатылған, 2014 жылмен салыс­тыр­ғанда, (7 979 сотталған) 11, 4 пайызға артқан. 2015 жылы бірінші сатыдағы соттармен 5 520 сотталғанға жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылған, яғни 2014 жылмен салыстырғанда, көрсеткіш 3 есеге асқан. Қорытындылай келе, егер 2014 жылы колониялардан босатылған сотталғандардың саны 6,5 мыңнан артпаған болса, өткен жылы ол 2 есеге жоғарылаған және 11,6 мыңды құрапты.

Қудалау органдары тергеп, тек­серіп, сот алдына жіберген істер­дегі кемшіліктерді, заңсыз­дық­тарды табу – соттың міндеті. Ал бұл міндетті орындау барысында әр судьяға үлкен талап жүк­теледі. Уақыт өткен сайын білік­тілік те жетілдіріліп отыруға тиіс. Осы орайда сот жүйесінде жа­ңа­дан Сот жюриі құрылғаны бел­гі­лі. Ұлт Жоспарына сәйкес, Сот жюриінің жаңа құрамы бекі­тілді. Ол комиссиялардың жұмы­сын неғұрлым айқындай түседі, әрі оның шешімдеріне деген судья­лардың сенімін арттырады. Бұл құрылым қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметіне баға береді. Сонымен қатар, судьяның орнынан түсу құқы­ғын растау, оны тоқтату мә­се­лелерін және оларға қатысты тәр­тіптік істерді қарайды. Таратып айтқанда, Сот жюриінің құрамы біліктілік және тәртіптік комиссия­лардан тұрады. Олар жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби қызметіне баға береді. Біліктілік комиссия­сы 7 судьядан тұрады, олардың құрамында облыстық соттардың екі судьясы, Жоғарғы Соттың екі судьясы және отставкадағы үш судья қызмет етеді.

Қазіргі уақытта осы комис­сия­лар аймақтарға шығып, бір­неше жыл жұмыс істеп жүрген судья­лардың кәсіби деңгейін тексеруде. Олардың білімі, кәсібилігі қазіргі заман талабына сай нақты зерделенеді. Расы керек, мұндай талап деңгейінен өте алмай қалған судьялар да табылып отырғандығын қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы жасырмайды. Өйткені талап қатаң. Бұл арада олардың тек білімдері, тәжірибелері ғана емес, нақты жұмыс, яғни қараған істері, шығарған шешімдер барысы, іс-әрекеттеріне шағымдар, сот этикасын және жұмыс тәртібін сақтау – бәрі ескеріледі. Демек, істі қарауда сапа бірінші тұруы қажет деген сөз. Көрсетілген тексеріс тек Сот жюриінің бақылауында болу емес, ол судьяның өзінің кәсіби біліктілігін көтеру жөнінде үнемі жұмыс жасауды білдіреді.

Енді үш буынды сот жүйесіндегі басты мақсат – сот сатыларын мейлінше азайту арқылы азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот әділдігіне қолжетімділікті арттыру болып табылады. Іс бойынша сот шешімінің жедел қабылдануына қолжеткізуге негіз қалайды. Үш буынды сот жүйесі Еуропаның көп­теген дамыған елдерінде қалып­тасқан үрдіс. Қазір сотқа түс­кен істердің басым көпшілігі бірін­ші және екінші сатыдағы, яғни аудан­дық, облыстық және оларға теңес­тірілген соттарда өзінің түпкі­лікті шешімін тауып жатыр. Бұрын облыстық сотта апелляция мен кассация қатар жұмыс істеген. Енді тек апелляциялық саты облыстық сотта қалып, ал кассациялық саты Жоғарғы Соттың құзырына берілді. Мұның пайдасы, сот шешімдерінің жедел әрі сапалы қабылдануына және орындалуына мол мүмкіндік тудырады», дейді қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы.

Әрине, бүгінгі таңда соңғы реформаларға байланысты үш сатылы сот жүйесінен басқа да үлкен өзгерістер енгізілді. Судьялар өте білікті де жауапты болулары керек. Сондықтан болашақ және бүгінгі жұмыс істеп жүрген судьяларға талап күшейтілді. Бұрын судьялыққа үміткерлер тиісті біліктілік емтиханын тапсырып, тағылымдамадан өткеннен кейін судьялық қызметке тағайындалатын. Үміткерлерге қойылатын талап бойынша бұрын еңбек өтілі екі жыл болса, енді бес жыл мерзім болып белгіленді.

Қазіргі таңда судьялыққа ірік­теу талаптарын қатайту мақ­сатында бірқатар жұмыстар атқарыл­ды. Мысалы, жоғары заңгер­лік білімі бар, моральдық-адам­гер­шілік ұс­танымы берік, кемін­де бес жыл сот отырысының хат­шысы бол­ған, судьяның консуль­танты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе заңгерлік мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар үміткерлер судьялық қызметке таңдалып алынады.

Бұларға қоса, тағы бір маңыз­ды жайт, Ұлт Жоспарының 22-қадамын­да адамның және азамат­­тардың конституциялық құқы­ғын шектейтін барлық тергеу қыз­меті жөніндегі өкілеттікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету көзделген. Осы арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етудің міндеті жүк­тел­ген, яғни тергеу судьясына қосым­ша төрт процессуалдық әре­кетке рұқсат етілген. Бұдан бұлай тергеу судьясына қосымша берілген құзыреттері бойынша тексеру, тінту, алу және жеке адамды тінту әрекеттерін жүзеге асыруға құқылы. Қазіргі уақытта тергеу судьясы нәти­желі жұмыс жүргізуде. Атап айт­қан­да, бірінші сатыдағы сот судьясы ретінде ай­қын­далған тергеу судьясы, негізі­нен, прокурорлармен бірге аза­маттарымыздың құқықтарын қорғау­ды қадағалайды. Ол күзет­пен ұстауға санкция беру, үйқамақ­қа отырғызу, медициналық мекемеге күшпен қамау және тағы басқа шаралардың заңдылығын тексереді. Және де оның өкілетті­гіне ауыр немесе аса ауыр қылмыс­тар­дан бөлек істер бойынша кепілзат­тың көлемін анықтау міндеті жатады.

«Қысқаша айтқанда, тергеу процесі кезіндегі заңдық негіздер мен құқықтардың сақталуын жүзе­ге асыруы тиіс. Жалпы алған­да, тергеу судьясы бірінші саты­дағы сот судьяларының арасынан тағайын­далады. Сот алдына бар­ғанда кейбіреулердің бұған дейін берген жауабынан бас тартатын оқиғалар өмірде жиі кездесіп қалады. Осындай дәлелсіз деректерді азайтып, істің сотқа бұлтартпас айғақтар негізінде бар­уын қамтамасыз ету – тергеу судьяларының басты міндеті деу керек. Тергеу судьяларының институты қызмет ету кезінде танылды және өзін ақтап шықты. 2015 жылы тергеу судьяларының қарауына жалпы алғанда, барлығы 25 мың өтініш, шағымдар, ұсыныс­тар келіп түсті. Қылмыстық ізге түсу ор­гандарының әрекеттеріне (әрекет­сіздігі) және прокурордың шеші­міне түскен шағымдардың қаралғандарының ішінде үш бөлігі дерлік толық немесе ішінара қана­ғат­тандырылған. Осылайша, қыл­мыстық процеске қатысушы тұлға­лар тергеу судьяларына өтініш жолдау арқылы өздерінің құқықтарын белсенді қорғап келеді», – дейді Абай Рахметулин.

http://sud.gov.kz/rus/node/124266

0
0
800

Аршалы ауданында «Адал жол» марафоны аясында «Мен салауатты әрі адал азаматпын» акциясы өтті

Елімізде сыбайлас жемқорлық көріністерімен тиімді күресу мәселелеріне мемлекет тарапынан болмасын, қоғам тарапынан болмасын жұмсалатын  күш  пен бөлінетін уақыт аз емес.

Бұл мәселе мемлекеттің даму стратегиясында алғашқы орындардың бірінде.  Атап айтқанда, а.ж. 19 шілдесінде Аршалы ауданы әкімдігінің ғимаратында «Мен салауатты әрі адал азаматпын» акциясы өткізіліп, азаматтардың жұмыс орынында бойы, салмағы, артериялық және көз қысымы өлшенді. Бұл акцияның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау,халық арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Акция жұмысына білікті педиатрлар, эндокринолог, пульмонолог және жалпы практика дәрігерлері ат салысты. Аршалы аудандық ауруханасының балалар дәрігері Ж. С. Оспанова өз сөзінде: «Бүгінгі таңда халықтың денсаулығын сақтау және нығайту  ел дамуының басты стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Біз осы акцияны тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға тарту, зиянды әдеттерден аулақ болуды қалыптастру, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет етуге шақыру мақсатында өткізіп отырмыз», - деп атап өтті.

Сонымен қатар,  акцияға қатысушылар  салауатты өмір салтының түрлі аспектілері жайлы ақпарат алды. Акция аясында «Өзіңді сыбайлас жемқорлық озбырлығынан қалай сақтау керек» буклеттері таратылды. Іс-шараға 70 адам қатысты.

 

0
0
541

Прокуратура қатарына ең үздіктер қабылданады

Бүгінгі таңда прокуратураның штат саны 5,5 мыңнан сәл асады, дегенмен соның өзінде-ақ 180 бос лауазым бар.

Неге деген сұрақ туындайды?

Мен өзіміздің мақсатымызды тереңінен ашып айтайын, ол – үміткерлердің ең үздігін іріктеу болып табылады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/prokuratura-kataryna-en-uzdikter-kabyldanady

0
0
345

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде 1-ші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

2016 жылғы 20 шілдеде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде Министр Т. Донақовтың төрағалығымен 1-ші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісінің жұмысына ҚР Президенті әкімшілігі мен Премьер-министр кеңсесінің өкілдері, мемлекеттік мекемелердің әдеп жөніндегі уәкілдері, Министрліктің аумақтық департаменттерінің басшылары мен орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған Ұлт Жоспарындағы бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары пысықталды.

Атап айтсақ, биылғы 1-ші жартыжылдықта Қазақстанда мемлекеттік қызметтің конкурстық іріктеуге негізделген мансаптық моделі енгізілді.

Барлық конкурстардың жалпы санының (жалпы және ішкі) 48 % -да бос орындарға өзге мемлекеттік қызметшілер ауысты, былтырғы жылы бұл көрсеткіш бар жоғы 26 % құраған болатын.

Мемлекеттік қызметке деген қызығушылық арта түскенінің бір айғағы ретінде мемлекеттік қызметшілердің түрлі мекемелер арасында алмасуы деңгейінің шамамен екі есе төмендеуін келтіруге болады.

Егер 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында мұндай алмасулар 5,6 % құраса, 2016 жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 3,6 %-ға тең болды.

Министрлік пен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша да жұмыс атқарып келеді.

Қабылданған шаралардың арқасында бұл жұмыстың тиімділігін анағұрлым арттыруға мүмкіндік туды: мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері 4 есеге дейін төмендеді (16 мыңан 3,8 мыңға дейін).

Мемлекеттік қызмет істері органдарының күшімен осындай тексерулер нәтижесінде 114 азаматтың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді.

Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің де бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және қорғау бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелерге заңға кереғар қабылданған шешімдердің күшін жою бойынша 138  ұсыныс енгізілді, соның ішінде 110 (79%) орындалып, заңға қайшы қабылданған 39 бұйрықтың күші жойылды.

Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту істері үштен бірге кеміді.

Атап айтсақ, 1-ші жартыжылдықта Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін облыстық және аудандық деңгейдегі 115 қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде олардың саны 163 жететін.

Министрлік сыбайлас жемқорлықтың алдың алудың тиімді механизмі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау әдісін кеңінен қолдана бастады.

Жыл басынан бері орталық мемлекеттік органдардың 2 құрылымдық бөлімшесі және жергілікті атқару органдарының 76 бөлімшесінің қызметтеріне осындай талдау жүргізілді.

Осының нәтижесінде мұндай шаралар әртүрлі әлеуметтік топтар үшін идеологиялық өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасатын диалог алаңына айналды деуге негіз бар.

Мұның бәрі жоғары құқықтық стандарттар мен жемқорлыққа деген төзбеушілікке негізделген мемлекеттік қызмет, елдің даму басымдылықтары мен мақсаттарын жүзеге асыратын маңызды институт ретінде қалыптасуына сеп болады.

 

0
0
318

Мемлекеттік қызметкерлерге бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Жастарды жұмыспен қамту, жастар арасындағы жұмыссыздықты шектеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Осы орайда облысымызда ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.  21 шілде күні сағат 15:00-де Мемлекеттік қызметкерлерге бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Біздің мекен-жайымыз: Жастар бастамаларын дамыту орталығы, Ломов көшесі 38.

 
0
0
697

БҚО-да ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды

2016 жылдың 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа Заңының нормаларын түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға жауапты мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кеңесті Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов ашып, ол ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» алғашқы 15 қадамы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті.

Одан әрі, ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын түсіндіру бойынша Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Д.Ерманов баяндама оқып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 456-1 бабына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу айыппұл салу жөнінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау кезіндегі іс-қағаздарын жүргізу тілі мәселелері бойынша БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Г.Бисенгалиева ақпараттандырды.

Өз кезегінде, семинарға қатысушы мемлекеттік қызметшілер өтініштерді қарау бойынша өз сұрақтарын қойып, оларға қолданыстағы заң нормаларына сай жан-жақты жауаптар берілді.

 
0
0
292

Болғай да құтты бесігің

 

Нұрфараби жарығым,

Баязиттің ұрпағы.

Асылбектің жалғасы,

Немеремсің алғашқы.

 

Үміт шоғын үрлеумен

Қаншама жыл алмасты.

Алаулап атты қыр таңы,

Қаншама түндер өтпеді.

 

Өзге елдің өсіп ұрпағы,

Өмірде мынау өтпелі

Кешігіп жатты атаңның

Аңсай бір күткен көктемі,

 

Алладан тілеп көктегі,

Жаратқаннан мырза жоқ тегі,

Бұл атаң сені армандап,

Қаншама жылды өткерді.

 

Ақыры Алла жарылғап,

Қақтың – ау өмір есігін.

Жатырсың жүзің албырап,

Болғай да құтты бесігің,

Болғай да құтты бесігің!

     

Атасының Нұрфарабиге берге батасы

 

Қалың Нұрдың ішінде

Айдай болып жарқыра.

Қалың Нұрдың ішінде

Тау бұлағындай тасқындап,

 

Қара Ертістей сарқыра.

Қалың Нұрдың ішінде

Күндей болып күлімде.

Сенде болсын байлық та,

 

Сенде болсын білім де.

Ұзақ жасап, жарып шық,

Жарып шыққын түбінде.

( Әумин)

Cүлеймен Баязитов

0
0
677

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі

2016 жылдың 14-15 шілде күндері ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» тақырыбында Казталов және Жәнібек аудандарында көшпелі семинар-кеңестер өткізілді.

Семинар-кеңестердің мақсаты Әдеп жөніндегі уәкілдің  мемлекеттік қызметте қызметтік этика ережелерін сақтау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі функцияларын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілерге қызметтік этика ережелерін қолдану, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері мен ұжымда адамгершілік-психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша   кеңестер болып табылады.

Семинарлар барысында департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзекті мәселелер, осы әлеуметтік қауіпті құбылыспен күрес бірқатар мән-жайларға байланысты және сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатындығы жөнінде тоқталып, жаңа Әдеп кодексі мен ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатындығы туралы баяндады.

Сондай-ақ, Департамент басшысы барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізуге міндетті екендігіне басты назар аударды.

Сонымен қатар, семинар-кеңестерде Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Төлепқалиев ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңына және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру мәселелері туралы хабарлама жасап, ақпараттандырды.

Іс-сапарлар барысында Департамент басшысы Казталов ауданы Тереңкөл, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округтерінің активіме кездесіп, жаңа реформалар жөнінде ақпараттандырды.

Барлық кездесулер өткізілген жерлерде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізіліп, мемлекеттік қызмет саласындағы сұрақтарға жауаптар берілді.

   
0
0
423

25 жылдықтың маманы

Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен кезекті бос қызмет жәрмеңкесі өтті. Тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай   өткізілген «25 жылдықтың  маманы» жәрмеңкесіне 100- ге жуық адам қатысты.  Облыс бойынша 18-ші шілдеден бастап жастарды жұмыспен қамту апталығы жүргізілуде.

2016 жылдың түлектері, жұмыссыз жастар  тікелей жұмыс берушілермен ақылдасып, түйіндемелерін ұнаған қызметтерге қалдырды.  Инновациялық Еуразия Университеті, Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі,  «Белый ветер» техникалық дүкені, «Союз Оконных Технологий» фирмасы, “Павлодар қаласының трамвай басқармасы” АҚ, «Қазақстан Алюминий» АҚ, Павлодар облысының Ішкі істер департаменті жұмыс берушілер қатарынан табылды.

 
0
0
406