Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» марафоны аясындағы «Жемқорлыққа бөгет» аудандық акциясы
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде тұрғындар арасында адамдар көп жиналған орындарда «Намыс» қоғамдық қоры еріктілерінің қатысуымен «Өзіңді сыбайлас жемқорлықтан қалай сақтау керек» ақпараттандырушы қағаздарының таратылуымен «Жемқорлыққа бөгет» аудандық акциясы болып өтті. Бұл акцияның мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атмосфераның қалыптасуына ықпал жасау, сыбайлас жемқорлықтың мінез-құлқын ескерту және жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылығын қалыптастыру. Акция барысында «Намыс» ҚҚ еріктісі Говядов Данил: «Біз бұл акцияны “Өзіңнен баста” деген ұранмен өткізіп жатырмыз және сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғам болып күресу керек. Сонда ғана қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атмосфера қалыптасып, бұл зұлыммен күресу шарасы оңды нәтиже береріне сенім артуға болады. Және біз жастардың атынан барлығын сыбайлас жемқорлықлы жоюға шақырамыз». Іс-шараға амамен 100 адам қатысты.

