Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аршалы ауданында «Адал жол» марафоны аясында «Мен салауатты әрі адал азаматпын» акциясы өтті

Елімізде сыбайлас жемқорлық көріністерімен тиімді күресу мәселелеріне мемлекет тарапынан болмасын, қоғам тарапынан болмасын жұмсалатын  күш  пен бөлінетін уақыт аз емес.

Бұл мәселе мемлекеттің даму стратегиясында алғашқы орындардың бірінде.  Атап айтқанда, а.ж. 19 шілдесінде Аршалы ауданы әкімдігінің ғимаратында «Мен салауатты әрі адал азаматпын» акциясы өткізіліп, азаматтардың жұмыс орынында бойы, салмағы, артериялық және көз қысымы өлшенді. Бұл акцияның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау,халық арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Акция жұмысына білікті педиатрлар, эндокринолог, пульмонолог және жалпы практика дәрігерлері ат салысты. Аршалы аудандық ауруханасының балалар дәрігері Ж. С. Оспанова өз сөзінде: «Бүгінгі таңда халықтың денсаулығын сақтау және нығайту  ел дамуының басты стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Біз осы акцияны тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға тарту, зиянды әдеттерден аулақ болуды қалыптастру, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет етуге шақыру мақсатында өткізіп отырмыз», - деп атап өтті.

Сонымен қатар,  акцияға қатысушылар  салауатты өмір салтының түрлі аспектілері жайлы ақпарат алды. Акция аясында «Өзіңді сыбайлас жемқорлық озбырлығынан қалай сақтау керек» буклеттері таратылды. Іс-шараға 70 адам қатысты.

 

0
0
497

Осы тақырып бойынша

Аршалы ауданында «Адал жол» марафоны аясында «Мен салауатты әрі адал азаматпын» акциясы өтті - Yvision.kz