Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болғай да құтты бесігің

 

Нұрфараби жарығым,

Баязиттің ұрпағы.

Асылбектің жалғасы,

Немеремсің алғашқы.

 

Үміт шоғын үрлеумен

Қаншама жыл алмасты.

Алаулап атты қыр таңы,

Қаншама түндер өтпеді.

 

Өзге елдің өсіп ұрпағы,

Өмірде мынау өтпелі

Кешігіп жатты атаңның

Аңсай бір күткен көктемі,

 

Алладан тілеп көктегі,

Жаратқаннан мырза жоқ тегі,

Бұл атаң сені армандап,

Қаншама жылды өткерді.

 

Ақыры Алла жарылғап,

Қақтың – ау өмір есігін.

Жатырсың жүзің албырап,

Болғай да құтты бесігің,

Болғай да құтты бесігің!

     

Атасының Нұрфарабиге берге батасы

 

Қалың Нұрдың ішінде

Айдай болып жарқыра.

Қалың Нұрдың ішінде

Тау бұлағындай тасқындап,

 

Қара Ертістей сарқыра.

Қалың Нұрдың ішінде

Күндей болып күлімде.

Сенде болсын байлық та,

 

Сенде болсын білім де.

Ұзақ жасап, жарып шық,

Жарып шыққын түбінде.

( Әумин)

Cүлеймен Баязитов

0
0
621

Осы тақырып бойынша