Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде 1-ші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
2016 жылғы 20 шілдеде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде Министр Т. Донақовтың төрағалығымен 1-ші жартыжылдықтың қорытындыларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжілісінің жұмысына ҚР Президенті әкімшілігі мен Премьер-министр кеңсесінің өкілдері, мемлекеттік мекемелердің әдеп жөніндегі уәкілдері, Министрліктің аумақтық департаменттерінің басшылары мен орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған Ұлт Жоспарындағы бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыс қорытындылары пысықталды.
Атап айтсақ, биылғы 1-ші жартыжылдықта Қазақстанда мемлекеттік қызметтің конкурстық іріктеуге негізделген мансаптық моделі енгізілді.
Барлық конкурстардың жалпы санының (жалпы және ішкі) 48 % -да бос орындарға өзге мемлекеттік қызметшілер ауысты, былтырғы жылы бұл көрсеткіш бар жоғы 26 % құраған болатын.
Мемлекеттік қызметке деген қызығушылық арта түскенінің бір айғағы ретінде мемлекеттік қызметшілердің түрлі мекемелер арасында алмасуы деңгейінің шамамен екі есе төмендеуін келтіруге болады.
Егер 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында мұндай алмасулар 5,6 % құраса, 2016 жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 3,6 %-ға тең болды.
Министрлік пен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша да жұмыс атқарып келеді.
Қабылданған шаралардың арқасында бұл жұмыстың тиімділігін анағұрлым арттыруға мүмкіндік туды: мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері 4 есеге дейін төмендеді (16 мыңан 3,8 мыңға дейін).
Мемлекеттік қызмет істері органдарының күшімен осындай тексерулер нәтижесінде 114 азаматтың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді.
Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің де бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және қорғау бойынша шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелерге заңға кереғар қабылданған шешімдердің күшін жою бойынша 138 ұсыныс енгізілді, соның ішінде 110 (79%) орындалып, заңға қайшы қабылданған 39 бұйрықтың күші жойылды.
Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту істері үштен бірге кеміді.
Атап айтсақ, 1-ші жартыжылдықта Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін облыстық және аудандық деңгейдегі 115 қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде олардың саны 163 жететін.
Министрлік сыбайлас жемқорлықтың алдың алудың тиімді механизмі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау әдісін кеңінен қолдана бастады.
Жыл басынан бері орталық мемлекеттік органдардың 2 құрылымдық бөлімшесі және жергілікті атқару органдарының 76 бөлімшесінің қызметтеріне осындай талдау жүргізілді.
Осының нәтижесінде мұндай шаралар әртүрлі әлеуметтік топтар үшін идеологиялық өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасатын диалог алаңына айналды деуге негіз бар.
Мұның бәрі жоғары құқықтық стандарттар мен жемқорлыққа деген төзбеушілікке негізделген мемлекеттік қызмет, елдің даму басымдылықтары мен мақсаттарын жүзеге асыратын маңызды институт ретінде қалыптасуына сеп болады.

