Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі

2016 жылдың 14-15 шілде күндері ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» тақырыбында Казталов және Жәнібек аудандарында көшпелі семинар-кеңестер өткізілді.

Семинар-кеңестердің мақсаты Әдеп жөніндегі уәкілдің  мемлекеттік қызметте қызметтік этика ережелерін сақтау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі функцияларын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілерге қызметтік этика ережелерін қолдану, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері мен ұжымда адамгершілік-психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша   кеңестер болып табылады.

Семинарлар барысында департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзекті мәселелер, осы әлеуметтік қауіпті құбылыспен күрес бірқатар мән-жайларға байланысты және сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатындығы жөнінде тоқталып, жаңа Әдеп кодексі мен ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатындығы туралы баяндады.

Сондай-ақ, Департамент басшысы барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізуге міндетті екендігіне басты назар аударды.

Сонымен қатар, семинар-кеңестерде Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Төлепқалиев ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңына және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру мәселелері туралы хабарлама жасап, ақпараттандырды.

Іс-сапарлар барысында Департамент басшысы Казталов ауданы Тереңкөл, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округтерінің активіме кездесіп, жаңа реформалар жөнінде ақпараттандырды.

Барлық кездесулер өткізілген жерлерде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізіліп, мемлекеттік қызмет саласындағы сұрақтарға жауаптар берілді.

   
0
0
379

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі - Yvision.kz