Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үш тілде білім беру туралы...

Құрметті оқырман, болашақта мұғалімдерді дәрістерін ағылшынша өткізуді міндеттеу туралы шағын мәтін қалдырып кетсем. Қазіргі таңда, ауылдық мектептерді қоспағанда, қалалық мектептерде ағылшын тілін өте жоғары деңгейде меңгеріп шығатын оқушылар саусақпен санарлықтай. Олар ең жоғары лауазымды мектептерден (КТЛ, НИШ, РФМШ, Дарын) білім алушылар. Оларға үкімет ерекше көзқараспен зейін салып, басқару білім беру жүйелеріне зейін салып назар аударып тұрады. Ол мектептердің өзінде ағылшын тілін өте мықты деңгейде меңгеріп шығатындар аса көп болмайды.
Осы ақпарат нүктесіне жүгіне отырып қалай бүкіл Қазақстан мектептерін толықтай ағылшын тіліне көшіре аламыз деген сұрақ туындайды. Қазіргі таңда өз қаншама тіл үйрену және сол ағылшын тілінде сабақ беруге мүмкіншілігі бар адамдар саны да қаншама? Расында бұндай үлкен істі бастау қиындық туғызатыны анық. Бірақ кейбір өз пәнін жетік меңгермеген мұғалімдер, ерекше стажды мұғалімдер қанша уақытта ағылшын тіліне бейімдене алады?!
Оқушылардың өздері бүкіл мектептегі білім алу жылдарында ағылшын тілін қиындықпен меңгереді. Сол себепті ағылшын тіліне көшу үлкен қиындықтарға алып келетіні сөзсіз.
Бүкіл мектептерді бұндай режимге ауыстыру қателік болады. Үкіметтің қолынан келетін ең үлкен мүмкіндігі ол жоғарыда айтылған мектептердің санын көбейту немесе қосымша облыстық мектептер ашу. Тек сонда ғана біз сәл болсын ағылшын тілін меңгеруге ұмтыла аламыз және уақыт өте келе сондай мектептердің санын көбейту арқылы осы режимге көше аламыз.

Үш тілді білім дейді үкімет. Бірақ жас бүлдіршін ол үш тілді қаншалықты оңай және эффективті түрде меңгере алады? Әрбір мемлекетте өзінің мемлекеттік тілі қастерленің жоғары қойылады. Әрбір азамат өз ана тілін, мемлекеттік тілін білуге борышты. Бірақ бұл сөзбен біз оның адам құқықтарын шектей алмаймыз.
Қазіргі таңда біздің алдымзда өте үлкен қауіп бар. Ол - жастардың глобализация қатты сіңісіп вестернизация үрдісінің күшею қаупі. Батыс елдеріне еліктеу қазақ балаларынан табылатын көрініс. Жастайынан бұған еліктеу өз тіліңе, мәдениетіңе немқұрайлы қарауға алып келу ықтималдылығ жоғары.
Үш тілді білімге оралайық. Қазіргі таңда қазақ баласының өзі қазақ тілін тамаша деңгейде толық меңгермеген қалыптасқан жағдай бар. Және де бастауыш мектептерді оларға өзге тілдерді үйрету олардың қазақ тілін меңгеру үрдісін тежеп мәдениетімізге де нұқсан келтіруі мүмкін.
Не себептен бастауыш мектептерде үш тілді білім берген қауіпті?
Бала бастауыш мектебінде білім алу фундаментін құрады. Және осы фундаментін құру барысында оның қай тілде білім алғаны үлкен рөл алады. Өзге тілде білім алып фундамент құрған бала орта мектепте де сол шет тілінде білім алуға құштар болады себебі оған осы тіл өз ыңғайымен ерекшеленеді. Мысалы бастауышта есеп шығару және әдебиет сияқты пәндерде орысша меңгерген балаға орта мектепте орыс тілінде білім алған оңайырақ. Осылай қазақ тіліне немқұрайлылық пайда болу ықтималдылығы өседі. Одан мәдениеттің ұмытылуы өріс алады. Қалай деген сұраққа мынандай мысалмен жауап берсем. "Қыз қуу" ұлттық ойыны халқымыздың мәдениетіне жатады және оның дәстүрін оның аты айқындап тұр. Ал енді қазақшаны ұмыта бастаған адам бұл атауға ерекше мән бермегендіктен (мағынасын түсінбегеннен) ол туралы ойланбайтын да болады. Мәдениеттің жоғалуы ұлтымыздың бұзылуына алып келеді, себебі тіл мен мәдениет адамды арнайы бір этносқа қатысты екенін айқындаушы факторлар болып табылады.
Әрине, көп тіл білген, және әлемдік ғылым, мәдениет тілін де білген нұр үстінен нұр, бірақ жастайынан бұндайды оқушыға үйрету жоғарыдағыдай поблемаларға алып келуі мүмкін.

1
2
989

Осы тақырып бойынша

Үш тілде білім беру туралы... - Yvision.kz