Целиноград ауданының жастары арасында футболдан жарыс өтті
Ағымдағы жылдың 1 тамызында «Жас отан» жастар қанатының қолдауымен «Адал жол – Честный путь» марафоны шенберінде Новоишимка, Семеновка, Мортық, Родина ауылдарының жастары арасында футболдан жарыс өтті. Жарыс Новоишимка ауылының футбол алаңында өткізілді.
Турнирді ауыл әкімі салауатты өмір салты, оның жастар өміріндегі маңызы туралы сөзімен ашып берді. Демеушілерге алғысын білдірді.
1-ші орынға Новоишимка командасы, 2-ші орынға Семеновка, 3-ші орынға Мортық командасы ие болды.
Жеңімпаздарға «Ауыл әкімінің кубогі», барлық команда мүшелеріне медальдар, сондай-ақ «Үздік гол», «Үздік голкипер» номинациялары бойынша сыйлықтар табысталды.
Шараға 40 адам қатысты.
