Целиноград ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
А.ж. 29 шілдесінде Целиноград ауданының Ақмол ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Адал жол – Честный путь сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының аясында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Ақмол ауылдық округінің әкімі Дүйсекеев Ж. Т., ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дюсебекова А. О., сондай-ақ, ішкі саясат бөлімінің және Ақмол селолық округ әкімі аппаратының мамандары, тілдерді дамыту орталығы және басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде ауылдық округ әкімі Дүйсекеев Ж. Т. қазақстандықтардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дюсебекова А. О. қатысушыларға жоғары кәсіби және тиімді басқару құрылымын құру ісінде, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқын жасау жаңа стандарттарын түсіндірді.
Дөңгелек үстел өткізу барысында мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың негізгі себептері туралы түсініктеме берілді. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және алдын алу, жолын кесу жөніндегі бағыттар берілді.
Бұдан әрі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараға 26 адам қатысты.

