Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Кездесу барысында Қ.Бозымбаев Елбасына мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және энергетика салаларындағы дамудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын хабарлады. Бұдан бөлек, мұнай өңдеу және энергетика өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жыл соңына дейін Қашаған кен орнын қолданысқа енгізу жоспары, Теңіздің өндірістік қуаттылығын кеңейту және Қарашығанақ кен орнындағы сұйық көмірсутегі өндірісін арттыру талқыланды. Мемлекет басшысы жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және экономикадағы энергия тасымалдауға артып отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында отын-энергетика кешенін одан әрі дамыту керектігіне назар аударды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті елдің ғылыми-технологи…

0
0
397

Ұлтаралық қатынастар.

Ералиев ауылындағы жанжал туралы түрлі дереккөзден там-тұмдап біраз материал жидық. Әлі анықтай түсетін ақпараттар да жеткілікті.. Бір анығы... Еліміздегі кез келген диаспора өкілінің автохтон ұлт - қазақ халқының өкіліне қарсы жасаған зорлық-зомбылығы мен тұрмыстық кикілжіңіне басқаша реңк беріп, ұлтаралық жанжалға айналдыруға немесе солай көрсетуге тырысатындар қашанда табылады. Әсіресе, мұндай жағдайлар экономикалық дағдарыс кездерінде қауіпті. 1. Сондай жағдайдың алдын алу үшін ҚХА, диаспоралардың мәдени орталықтары мен зиялы қауым өкілдері өз туғандарының санасына жердің иесі қазақ екенін жастайынан сіңіру керек. Қазақстанның барлық естияр тұрғыны мойындауға тиісті бір шындық бар. Қазақстанда қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсармай, өзге ұлттардың ішкендері бойларына…

0
0
1459

Құрметті мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылар!

Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне шағыммен жүгіне алатындығыңызды хабарлаймыз. Департаменттің мекен жайы Орал қаласы Достық-Дружба даңғылы 201, 309 бөлме (облыстық маслихаттың ғимараты). Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қалалық және аудандық бөлімшелерінде, қызмет алушылардың шағымдары және пікірлері үшін Департаменттің жәшіктері орнатылғанын хабарлаймыз. Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент…

0
0
320

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23%-дан астам төмендеді

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23,1%-ға төмендеді (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін). ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жол-көлік жарақатын төмендету мақсатында Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып (Төтенше жағдайлар комитеті) транспорттық медицина құрылған болатын. Бұл – санитарлық авиация, трассадағы медициналық-құтқару пункттері болып табылады. Санитарлық авиация қызметі 5 жылдың ішінде (құрылғаннан бастап) аймақтардағы ауыр халдегі пациенттерге 6,7 мыңнан астам ұшырылым жасады. Өмірге қауіп төндіретін көрсеткіштер бойынша 6 мыңнан астам пациент тасымалданып, 500 ота оқиға орнында жасалды.…

0
0
326

Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді

Хогвартс сиқыршысы Гарри Поттер туралы сегізінші кітап жарық көрді, - деп хабарлайды көптеген шетелдік БАҚ, соның ішінде The New Paper, The Independent, Telegraph. Сатылымдар дүние жүзі бойынша түн ортасында басталды. "Гарри Поттер және қарғыс атқан бала" жаңа кітабы әзірше тек ағылшын тілінде шықты. Оның желісі "Гарри Поттер және ажал сыйлары" атты жетінші кітабында болған оқиғалардан кейін 19 жыл өткенде суреттеледі. Кітап салтанатты түрде Лондон, Эдинбург және Манчестер қалаларында таныстырылды. Waterstones ағылшын кітап дүкендер желісінің 140 дүкенінде осы таныстырылымның жаңа бөлімінің шығуына байланысты түнде арнайы костюммен сауық кештері өтті. Ресейлік көптеген БАҚ-тың мәліметі бойынша, " Мәскеу кітап үйінде" ағылшын тілінде шыққан кітап тамыз айының бірінде шығады. Ресейде кітап…

0
0
1041

Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Департаменттің жаңа басшысын таныстырды

Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Департаменттің жаңа басшысын таныстырды

http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-zhogargy-sottyn-sudyalary-men-apparatyna-departamenttin-zhana-basshysyn-tanystyrdy

 

0
0
351

Жоғарғы Сотта Әкімшілік процестік кодекстің жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы болып өтті

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Әкімшілік процестік кодекстің жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының отырысын өткізді. Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары мен Департаменттің жауапты қызметкерлері қатысты. Кодекс жобасы туралы айта келе, А.Қыдырбаева Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік әділет жүйесін құру қажеттігі, ол қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізумен қатар, сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды түріне айналуы тиіс деп көзделгендігін атап өтті. Кодексті әзірлеу қажеттігі туралы мәселені көтере келе, Жоғарғы Сот судьясы Валерий Ноздрин: «Өзінің табиғаты бойынша әкімшілік іс жүргізу – азамматтар мен ұйымдарды мемлекеттік органдар мен олардың лауа…

0
0
419

Басты мақсат — көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігі мен Ақпарат және коммуникация министрлігі арасындағы бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша бірлескен іс-шара жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2016 жылғы 29 шілдеде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «ХҚКО» - ның ғимаратында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша кезекті апта сайынғы азаматтарды (қызмет алушыларды) қабылдау шарасын өткізді. Азаматтарды қабылдау әділет органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілді. Сонымен қатар, Департамент «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру ше…

0
0
687

Қазақстанда баланы емізудің Ұлттық апталығы өтуде

Баланы емізу Халықаралық апталығының аясында 2016 жылдың 1-7 тамызы аралығында еліміздің барлық аймақтарында «Баланы емізу – тек тамақтандыру ғана емес!» атты апталық өтпек. Аталмыш шараның мақсаты – емізу ісін насихаттау, ерте жастағы балалар ауруларының алдын-алу, жүкті және емізетін аналарға қолдау көрсету болып табылады. Ұлттық апталықтың аясында емізу мәселелерінің артықшылықтарына арналған бірқатар консультативтік шаралар ұйымдастырылып, өткізілмек. Бұл шаралар отбасын жоспарлау, босануға дайындалу, жас ана мектептері мен дені сау бала кабинеттерінде болашақ ұрпақ үшін емізудің маңыздылығы жөнінде семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, дәрістер өткізу болып табылады. Қазақстанда перинаталдық көмектің тиімділігін арттыру мен жас балалар ауруларын біріктіріп жүргізу бойынша аймақ…

0
0
384