Кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның негіздері түсіндірілді
А.ж. 3 тамызында Целиноград ауданының Акмол ауылында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Адал жол – Честный путь сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының аясында «Сыбайлас жемқорлықты бірге женейік» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: қазақстандықтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін насихаттау мемлекеттік саясаттың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ұсыныстарын әзірлеу, жоғары моральдық - этикалық нормалар мен құндылықтарды ілгерілету қағидаттарын адал бәсекелестік және Отанға адал қызмет ету ықпалын өсіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру процесіне тарту және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге Целиноград ауданының кәсіпкерлік жане өнеркәсіп бөлімінің басшысы және мамандары, «Нұр Отан» партиясның Целиноград аудандық филиалының сектор және санақ меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің маманы және ауданның барлық ауыл аумақтарынан келген кәсіпкерлер қатысты.
Әңгімелесу айшықты сұхбатқа айналды, қатысушылар өткізіліп отырған, кәсіпкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға 31 адам қатысты.
