Екі ұдай «жеңіс»
Осы тілде жазып отырған, мен Селтикті емес, Астананы күттім. Астананың жеңіс парадын. Елорда командасының алдағы жарқын болашағын күттім. Түнімен, теледидар алдында телміріп күткенім... бәрі-бәрі босқа кетті... Бірақ, әрине, Тағдыр Астанаға осындай ғана «жеңіс» сыйлаған екен.
... 45 ші минут әлі есімде. Ай, осы жерден біздікілерге қиын болады-ау деген жаман ой өзінің жемісін берді. Солай болды. «Селтиктік» Гриффитс айып добын сәтті орындап, қақбаға қағытып кеп жіберді. 1 ші гол кетті, бізге. Амал жоқ, қабылдадық.
... Ішіміз қыжылдап, енді не болар екен?, деп «беймазданып» отырғанда біздің жігіт, тура, 17 минут өткен соң, есепті теңестірді. Біреулер мұны, ойда жоқ, сәттілік деп бағалап жатты. Мен оған келіспес едім. Себебі, ақырын қарап отырсақ, біздің Агим, қақпадан алыстаған Гордонның аяқ алысын, сразу қарап, есепті теңестіріп кеп жіберді. Ух (у) , деп біз іштей демалдық. Сонымен, 1:1 болды. Әрі қарайғысы... Өздеріңіз білесіздер... no comment...Жоқ, айта салайын. Одан кейін де, араны суытпай, тағы бір голды бізге тоғытты. Сонымен, 2:1. Астана Чемпиондар лигасымен қош айтысты. Ұлттық арнаға рахмет, осылайша жақсы бір ойынды көріп тастадық. Жеңіс ғана емес, жеңілістің өзі, кейде адамға күш береді.
