Балабақша көбейсе, халық саны артады
Бізге балабақшаны көбірек салу керек. Сол кезде халық саны артады. Себебі қазір барлығы жұмыста, баласын кімге тастап кетемін деп уайымдайды. Ал, балабақша көбейсе, ата-ана уыйымсыз жұмысын жасап, бала табудан қорықпайды. Бұл сөзді бүгін Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектен естідім. Өте дұрыс. Шынымен де, қазір баласы бардың уайымы балабақша. Кезекке тұрады, кезегі келгенше бала мектепке баратын жасқа жетеді. Әйтеуір мәселе көп. Басқа қалаларды білмеймін, бірақ Алматыда осы мәселе өз шешімін тауып келеді. Айтсаң мақтағандай боласың, мақтауға тұрарлық іс істеп жүргендерді сөз етпесең азаматтыққа жатпайды. Бабалар жақсының жақсылығын айт нұры тассын дейді. Бұл сол бабалар ұстанымымен жазылған бір пост болсын! Қаланы дамуы, тұрғындар көңіл-күйінің көтеріңкі болуы тікелей әкіміне байланысты…

