Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тіл емес, ар тазалығы маңызды!

Кейде, артық етем деп "тыртық" етіп жатамыз. Сөз бен тіл мәдениеті деп арға тиесілі "огородқа" түсіп кеткенімізді білмей қаламыз. Кешелі бері солай болып жатыр. Спортшымыз моңғол қызын тілдеп, бізде бәрі "жалдамалылар" деп намысқа тисе, Елдосымыз алтын ала алмады дегенді алға тартты. Айыптауға келмейтін, тағдыр ісі екенін олар білмейді-ау. Тілге келейік, тіл үшін тілім_тілімім шығып жүргендей сыңай танытатын "әсіре" "тазалықшылар" бар. Жазғанда, Мұқтар ағаның өзін шаң қаптыратындай етеді. Сынға, тілге келгенде, енді "шебер"! Тікелей эфир, эмоциямен-әсермен xабар таратудың қаншалықты ауыр екенін олар білмейді-ау. Айтпақшы, мен болашақ журналист, жазбагер ретінде айтып отырмын. Өз ойым, өз пікірім. Сын, міннің де өз орны, реті болады. Сондықтан, дұрыстап олимпиада көрейік. Қазақстаны бар ма, xабары бар ма?!(((

1
0
675

Осы тақырып бойынша