Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныбас директорының бос лауазымдық орнына орналастыруға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан орны: 010000, Астана қаласы, Орынбор көш., тел. 8-7172-79-83-80.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Кәсіпорынның қызмет нысанасы қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін, мемлекеттік бақылау желісін пайдаланумен метеорологиялық және гидрологиялық мониторингін жүргізу болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

гидрометеорология, техникалық ғылым және технология саласындағы жоғары білім, мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес экономика саласындағы басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы, қаржы-шаруашылық қызметтерін басқарудағы ғылымдар мен технологияларды тәжірибеде қолданудағы білімі, машығы және тәжірибесі. Гидрометеорология саласындағы, және/немесе сонымен аралас экология саласындағы мемлекеттiк саясатты және нормативтiк-құқықтық актілерді білуі;

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылуға міндетті құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім барлық құжаттар бар болған жағдайда қабылданады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады. Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, 301 каб., электрондық пошталары[email protected], [email protected], анықтама телефондары: 8(7172) 78-68-92.

Конкурс 2016 жылғы 31тамызда мекенжай бойынша өтеді: 01000, Астана қ., Орынбор көш., 8. 14 кіреберіс.

 

http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=6790

0
0
599

Осы тақырып бойынша

«Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныбас директорының бос лауазымдық орнына орналастыруға конкурс жариялау туралы хабарландыру - Yvision.kz