Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас адамдардың әлеуметтенуіне іс-шаралар

2016 жылы Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен өзара ынтымақтасу туралы меморандумы шеңберінде «TANDAU» қоғамдық қоры бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенуіне және бейімделуіне бағытталған іс-шаралар топтамасын өткізеді.

Топтама келесі тақырыптар бойынша 13 іс-шарадан тұрады: психологиялық бейімделу және оңалту, репродуктивті денсаулық, еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері. Тәжірибелік сабақтарда Павлодар облысының түзеу мекемелеріндегі (АП 162/2, АП 162/3 и АП 162/4) жас адамдарға білікті мамандар сабақ береді: психологиялық бейімделу және оңалту бойынша сабақтарды психотерапия және психологиялық қолдау орталығының психологы С.И. Павленко, репродуктивті денсаулық бойынша – Павлодар облыстық ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігері А.Т. Сагатова. Тамыз айының екінші он күндігінде жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша консультациялық семинарлар жоспарланған.

Іс-шараларды өткізген кезде жас адамдар бостандықтағы өмірге ауысуға қажетті адамгершілік, психологиялық және тәжірибелік дайындықты алады. Жобаны іске асыру қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарындағы 550-ден астам жас адам үшін осы ауысудың үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

0
0
511

Осы тақырып бойынша

Жас адамдардың әлеуметтенуіне іс-шаралар - Yvision.kz