Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтарал ауданы қауын экспорттаудан Орта Азияның көшбасшысы

Бір кездері бүкіл КСРО-ға «Ақ алтын өндіру заводы» деген атпен танылған Мақтарал ауданының шаруалары соңғы 10 жылда қауын өсіруге жаппай бет бұрды. Бүгінде мақтаралдық диқандар қауын өсіруді шебер меңгеріп алған және жыл сайын қауын ұрықтарын будандастырып, экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын жасап шығаруда. Бір ғана мысал, Мақтарал ауданы соңғы 2 айда 238 000 тонна қауын-қарбыз экспорттаған және оның жартысынан көбі «Мырзашөл» қауыны. Күзге дейін бұл көрсеткіш 2 есе артуы мүмкін. Мұның өзі Мақтаралдың қауын экспорттаудан Орта Азияның көшбасшы екендігін көрсетеді.

Балдай тәттілігімен көптеген елдерді мойындатқан Мақтаралдың «Мырзашөл» атты қауыны Ресей мен Беларусьяға жеткізіліп, одан әрі қарай ресейлік кәсіпкерлер Батыс Еуропа мемлекеттеріне тасымалдайды екен. Мәселен, Ресейлік кәсіпкер Станислав Каспаров «Мақтаралды «Қауынның Отаны» деп санаймыз. Бұл жердің қауынының дәмі ерекше тәтті. Сол себепті, Мәскеу мен Минск қалалары осы жердің қауынына тапсырыс береді. Біз осы жерден жеткізіп тұрамыз» - дейді бізге берген сұхбатында.

Орта Азияда Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қауын өсірумен айналысады. Дегенмен, Еуразиялық экономикалық одақтың арқасында Мақтарал ауданының шаруалары қауындарын Ресей мен Беларусьяға оңай экспорттап, кедендік мәселелердің болмауының арқасында «Мырзашөл» қауыны шет елдерге жол тартуда. Осылайша балдай тәттілігімен көптеген елдерді мойындатқан Мақтаралдың «Мырзашөл» атты қауынының Қазақстандікі екендігін көптеген елдер біліп алған.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
2553

Осы тақырып бойынша

Мақтарал ауданы қауын экспорттаудан Орта Азияның көшбасшысы - Yvision.kz