Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

RIO: Күнделік

Күнделік жазу менің бұрынғы стилім. Қазіргі өзгешелігім, олимпиадаға бағыттап жазуым.

Сонымен бастайын.

15 тамыз, 2016ж: Біздің ұл, ауыр атлетика:ның Хас шебері Александр Зайчиков 105 кг дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алды.

*БОКС - мыз қарқынды өткенімен, әттеген-айлар, әділетсіздіктер көп болды.  Олжасымыз  1/8 финалда және Жәнібек Әлімханұлы 1/4 финалда есе жіберді. Қарсыластан жеңілді. Ең қиыны, турнирден шығып кетті.  Василий Левиттің жолын кесті, әдейі, қарақ жасады. Төрешілердің кесірінен, финалда ұтылып, күміс медальді қанағат етті. Көңілді көтерген, Данияр Елеусіновтің финалға өткені болды.

*ВЕЛОТРЕК  ше? Артем Захаров  «Omnium» тәртібінде 10 орынға ие болды.

*ЕСКЕКПЕН жүзу: Тимур Хайдаров  жартылай финалда ұтылып, жарыстан шығып кетті. Илья Голендов жартылай финалға өте алмады.  Ирина Подойникова, Наталья Сергеева және Инна Клинова финалға шықты. Ай, бірақ, қайдам? Үміт аз...

*ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН: Нұрмахан Тінәлиев 1/8 финалда ұтылып, турнирден шығып кетті.

*ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: үш қарғып секіруден Роман Валиев квалификацияны өтей алмады. Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова 200 м жүгіруде  жартылай финалға шыға алмады. Дмитрий Коблов пен Ольга Сафронова 400 м-ге кедергілермен жүгіруде жартылай финалға өте  алмады, Диск лақтырудан Мария Телушкина жартылай - финалға өткен жоқ.

*СИНХРОНДЫ ЖҮЗУ: Апалы -сіңілі Екатерина мен Александра Немичтер финалға өткен жоқ.

Менің көз алдымда, осылай өтіп жатты. Түртіп қойдым, қажетіңізге жарап қалар. «Қазақстан» мен «kazsport» тың коментаторлары ұйықтамайды екен. Өзгені де ұйықтатпады)))

0
0
493

Осы тақырып бойынша