«Сыбайлас жемқорлықты бірлесіп жеңеміз!»
А.ж. 18 тамызда Қорғалжын ауданының мәслихатында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жабал Ерғалиевтың және Рашит Акимовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты бірлесіп жеңеміз!» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Депутаттар «Адал жол – Честный путь» облыстық марафон аясында аудандық мәслихатта өтіп жатқан дөнгелек үстелге қатысып, өз ой – пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты: аудан тұрғындарының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін насихаттау мемлекеттік саясаттың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ұсыныстарын әзірлеу, жоғары моральдық - этикалық нормалар мен құндылықтарды ілгерілету қағидаттарын, адал бәсекелестік және Отанға адал қызмет ету ықпалын өсіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру процесіне тарту және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, маңызды сұрақтар көтерілді.
Іс-шараға аудандық мәслихат аппаратының жеткшісі және мамандары, ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұркенова және «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты. Шараға 20 адам қатысты.
Іс-шара аяқталғаннан кейін депутаттар аудан активімен кездесті.

