Мазмұнға өту

Жаңа

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының барлық білім беру ұйымдарында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы өтті.

Конкурсқа аудан мектептерінің бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары қатысты. Конкурсқа бүгінгі күнгі маңызды мәселе тақырыбына авторлық көзқарасты көрсететін суреттер, коллаждар ұсынылды.

Аудан әкімінің орынбасары Зоя Жұматова жемқорлықты жою ісінде жастардың рөлінің маңызды екенін айтып, «Конкурсқа қатысушылар бұл мәселенің мәнін мәңгілік есте сақтайды. Насихат жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу қажет – сонда бұл шаралар өз нәтижесін береді. Оқушылардың  алған білімдері өмірде жемқорлықтың кез келген түрімен кездеспеуге септігін тигізеді деп сенгім келеді» - деп сөзін қорытындылады.

Департамент госслужбы

0
0
2895

Биыл Батыс Қазақстан облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 15 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 15 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 13-де күрделі жөндеу, 1-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөнделетін ғимараттардың 10 – білім беру, 3 – мәдениет, 1 – денсаулық сақтау және 1 – транспорттық инфрақұрылым нысаны болып табылады. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 765 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 384 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады. Бүгінгі күні 14 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 731 адам…

0
0
296

Балалар жемқорлыққа қарсы

А.ж. 9 қыркүйегінде Егіндікөл ауылындағы «Балбөбек» бала бақшасының сәбилері «жемқорлық» деген жаңа сөзбен танысты. Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында өткен «Бала кезіңнен бір біріңе адал бол» атты балалар ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік аясында «Ертегілер әлеміндегі сыбайлас жемқорлық» тұсаукесері көрсетілді. Балабақша тәрбиешілері балаларға жемқорлық түсінігін ертегі кейіпкерлерінің заңсыз ісі мысалымен қызықты етіп көрсетті, мысалы Тышқан үйінде тұрғызу үшін Көлбақадан 30 доллар сұрады, Айболит кішкентай балаларға көмек көрсеткені үшін Маймылдан бір машина банан сұрайды. Балалар көріністі талқылауға белсене қатысты, өз өмірлерінде кездескен жемқорлық оқиғаларын айтты. Балалар адалдық, әділдік туралы өлеңдер оқыды. Кездесусоңындабарлыққатысушылар «…

0
0
780

«Пара берген кінәлі ме, әлде алған адам кінәлі ме?» тақырыбына пікірталас өткізілді

А.ж. 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының Агротехникалық колледжінде «Пара берген кінәлі ме, әлде алған адам кінәлі ме?» тақырыбына пікірталас өткізілді. Пікірталасқа 80 адам – бірінші және екінші курс оқушылары қатысты. Пікірталасқа кіріспей тұрып директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары О.М.Мицуля және өндірістік оқыту шебері Т.А.Кашапова сыбайлас жемқорлық сипатындағы бірнеше оқиғаны көрсетті және классиктердің ол туралы сөздерінен қысқаша анықтама берді. Студенттер өз пікірлерін білдіре отырып, оқиғалық мысалдар келтірді. 2-курс студенттері Фоминов Евгений мен Магасумов Ринат неғұрлым белсенді оппозиционерлер болды. Пікірталас қорытындысы бойынша студенттердің көпшілігі пара алатындар кінәлі, кейбіреулері пара беретіндер деп дауыс берсе, аудиторияның жартысы пара беруші де, алушы да…

0
0
1343

Мақтарал жастарымен мақтанады

«ЖЖЖ (Жетісай – жер жәннәті) белсенді жастары» деген клуб бар. Мақтаралдың ерікті жастарынан құралған клуб ашылғанына ай болмастан нәтижелі жұмыстар атқаруда. Мақтарал ауданының жастарын патриотизмге тәрбиелеу, қайырымдылыққа, игі істерге шақыру, қоршаған ортамызды таза ұстауға баулу және осындай игі істер арқылы Мақтарал ауданын бүкіл Республикаға танылдыру клубтың басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, жастарымыздың интелектуалын дамытып,мәдениетін арттыру үшін де жұмыстар атқарылуда. Клубтың бас төрағасы Абылайхан Байдиловтың айтуынша, 500-ге жуық мүшесі бар клубтың ерекшелігі Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Арқалық, Павлодар қалаларында филиалдары жұмыс жасайды екен. Клубтың орталығы – Жетісай қаласы және Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Семей сияқты т.б. мақтаралдық студенттер көп…

1
0
571

Ұлысын ұлықтаған ел жүрегі

Бірер сөз Көзінің тірісінде - ақ аты алты алашқа аңыз болып тараған Сарыарқаның саңлақ ақыны, тарихшысы, ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары сонау тоқырау жылдарының өзінде әр жылдарда там - тұмдап болсын «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды» жарық көрсе, оның елден ерек дара қасиеті, әулиелігін кеңінен толғаған кесек дүние түгіл ауызекі айтылатын аңыз әңгімелердің арқауына айналудан қалып, ұмтылып бара жатқандай еді. Оған 1952 - жылы Мәшекеңнің бейіті құлатылып, сол кездегі партиялық идеологияның ақынның аруағын қорлап, былайғы жұрттың үрейін ұшыруға негізделген солақай саясаттың салқыны ерекше әсер еткені сөзсіз. Бір ғажабы идеологтар қаншама тырысып, талаптанса да Мәшекеңді халық санасынан жоя алмады. Оның рухы жылдар өткен сайын асқақтап, аспандай берді. Тек «Өмір бар жерде…

0
0
865

Нар тәуекел еткен екен

Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы кеңшар жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында еңсе көтеріп, іргелі ел қатарына қосылған. 1961 -жылы сол кездегі «Шадыра» совхозынан бөлініп, жеке совхоз болып шаңырақ көтерген. Ол кезде бұл елді мекен «Жаңажол» совхозы аталатын. Аудандағы орта шаруашылықтардың бірі еді. Өткен отыз екі, отыз үш жылда сол қалпынан бір танған емес. Рас, сонау бір жылдарда Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов директор болған тұста әр сала бойынша арты аудан, алды облыс көлемінде жеңімпаз деп танылып, ауыспалы Қызыл туларды жеңіп алған тұстары да болған. Тек мұндай жұлдызды сәттері ұзаққа бармаған. Шаруашылықтың ірге тасы берік болғанымен, шаруасы шалқыған ел еді деп айта қою қиын. Бір сөзбен, оза шауып бәйге алмаса да ұлан бәйгеде шаңға көміліп, тіпті артта қалған жайы және жоқ еді.…

0
0
720

А.Матеус: Астана өзінің бірегейлігі арқасында туристер үшін тартымды болып отыр

Жуырда Астана өзінің бірегейлігі мен архитектурасының арқасында шетелдік туристер үшін тартымды нүкте болуда, деп «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен ұйымдастырылып отырған Қазақстан бойынша ақпараттық турлардың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясында «Kazakhstan tours» Голландық туркомпанияның директоры Адрианус Матеус мәлім етті. Оның айтуы бойынша, Батыс Еуропада Қазақстанға сұраныс үлкен. Еуропалықтар бізге экотуризм мақсатында келеді. «Мен голландық туристік компанияны таныстырамын және біз туризм саласында 10 жыл жұмыс жасаудамыз, көбінесе Қазақстанға Еуропалық одақ елдерінің бағыттары бойынша. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамдар экотуризмге қызығушылық танытуда. Орташа есеппен бес күннен үш жұмаға дейін болады. Соңғы он жылда Алматы облысы ең тартымды болуда. Алайда, ж…

0
0
216

ҚР Президенті Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тарихи байланысты нығайту жолында И.Каримовтің рөлін атап өтті

ҚР Президенті И.Каримов жерленген жерге гүл шоғын қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев И.Каримов жерленген жерге гүл шоғын қойды. Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде Ислам Каримовпен екеуін ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыстырып келгенін айтты. «Өзбекстандықтардың келер ұрпағы, келесі буыны Ислам Каримовты әрдайым есте сақтайды деп сенемін. Оның артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметінің нәтижелерін ұрпақ зерттеп-зерделеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы оның есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан На…

0
0
329

Астанада жұмысшы мамандықтар арасында World skills Kazakhstan-2016 чемпионаты ашылды

Астанада World skills Kazakhstan-2016 чемпионатының ресми ашылуы болды. Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» ұлттық холдингімен бірге ұйымдастырды. WorldSkills – халықаралық қозғалыс, әлемнің 75 елінде өрістеген және оның негізгі мақсаты жұмыс мамандықтардың мәртебесін арттыру және насихаттау болып табылады. Астанаға World skills Kazakhstan-2016 чемпионатына еліміздің 16 аймағынан 140 байғауға қатысушы келді. Чемпионатқа 15 құзырет бойынша жарыстар кіреді: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамханаға қызмет көрсету, кондитерлік, шаштараз және басқалар. Жеңімпаздар ұлттық құрамаға кіреді және Қазақстанның намысын Швейцарияда өтетін Еуропалық турнирде қорғайтын болады. Бүгінгі күні Қауымдастықтың құрамына 75 мемлекет кіреді. 2014 жылы Қазақстан WorldSkills қауымдастығының 70-ші қатыс…

0
0
464