Жемқорлық туралы КВН
А.ж. 10 қыркүйекте Егіндікөл ауданында «Адал жол – Честный путь» марафонына орай мектеп оқушыларының КВН турнирі өтті. Шараға екі команда қатысты: Днепропетров орта мектебінің «Жастар КZ» және № 2 Егіндікөл орта мектебінің «Новое поколение» командалары қатысты. Турнирге төрағалық ету мектеп қызметкерлеріне ұсынылды. Біз сол кештің қалай өткенін байқамай да қалдық. Қыздар ән салды, әзіл айтып, би биледі.«Жастар КZ»командасы команданың әр мүшесіне ерекше рөл беріп, өте қызықты өткізді. Оларда зиялы қауым, ботаник бала, Жемқор, және көптеген қызықты кейіпкерлер болды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «Новое поколение» командасы бірінші орын алды.

