Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарының мəселесі талқыланады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарының мəселесін шешу: халықтың мобильділігі, босқындар мен осал мигранттардың құқықтары жəне аймақтық ынтымақтастық» тақырыбында жоғары деңгейдегі кездесу өтеді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» хабарлағандай, басқосудың басты мақсаты – Орталық Азияда және жалпы аймақтағы аралас көші-қонға байланысты күрделі мәселелердің шешімін табуда қатысушы мемлекетердің әлеуетін нығайту.Келелі жиын КХҰ «Орталық Азиядағы аралас көші-қонға әлеуетті нығайту арқылы әрекет ету» бағдарламасы аясында Орталық Азиядағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (КХҰ) Субөңірлік үйлестіру кеңсесімен бірлесе ұйымдастырылған.

Кездесудің алғашқы күні «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтың қажеттігі: реэмиграцияның негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық салдары» атты бағалаудың таныстырылымы өтеді. Оның барысында адамдардың мобильділігі, мигранттар мен босқындар арасындағы осал санаттардың құқықтары және аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Жиын барысында Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің аймақтық директоры Аргентина Cзабадош, Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) үйлестірушісі - Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстан ХКҚҰ миссиясының басшысы Деян Кесерович, Орталық Азия бойынша үйлестірушінің орынбасары Татьяна Хаджиэммануэль өз пікірлерін білдіреді.

Екінші күні өтетін кездесуге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Алматы процесінің төрағасы Біржан Нұрымбетов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов, БҰҰ Орта Азия бойынша босқындарды қорғау жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының аймақтық өкілі және аймақтық үйлестірушісі  Ясуко Ода қатысады.

Жиын барысында КХҰ халықаралық сарапшыларының және Орталық Азия елдеріндегі КХҰ сарапшыларының баяндамалары жоспарланған. Кездесуге қатысушылар көші-қонның өзекті мәселелерін, әлемдік озық тәжірибелерді,  сонымен қатар мигранттар мен босқындардың құқықтарын жүзеге асыруға септесетін мүмкіндіктерді талқыға салады. Іс-шараға Қазақстан және Орталық Азия елдерінің орталық мемлекеттік мекемелері өкілдері және жетекші сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен шетелдік елшіліктердің өкілдері, талдау құрылымдары мен ведомстволардың қызметкерлері қатысады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
490

Қоғам мен мемлекеттің өзара сенімділігі жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді — Талдықбаев

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – дәл осы тақырыпта мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерінің жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  баспасөз қызметі хабарлағандай, «Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өткізілген іс-шараларға   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Каскин қатысты.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты -  сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту.

«Бүгінде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет - гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлері арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзушілік атмосферасын құру мәселесі тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді», - дейді Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай іс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік корпорацияның барлық аумақтық департаменттерінде жүйелі түрде өткізілетін болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
290

Мәжілісте ядролық сынақ пен апаттардан жәбір көргендерге арналған медорталық ашу мәселесі көтерілді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ядролық сынақ пен апаттардан жәбір көргендерге арналған медорталық ашу мәселесі көтерілді. Чернобыль АЭС қатысушылары мен олардың отбасыларына жеңілдіктер қарастыру талқыланды.

Бүгінде Қазақстанда  Чернобыль апатының жойылуына қатысқан 32 мың қазақстандықтың  5 мыңға жуығы қалды.  Оның жүзден астамы мүмкіндігі шектеулі жандар. Қазақстанның  Коммунистік халықтық партиясына  Қазақстанның Черноболь одағының  өкілдері «ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету мен жеңілдіктер туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді  ұсынды.

«Денсаулықты қалпына келтіру маңызды мәселе болып табылады. Қазақстанда сәуле ауруынан емдейтін маман жоқ. Сапалы медициналық көмекке таяу шығыста қол жеткізуге болады, мәселен, Украина мен Ресейде. Үкімет бұл мәселеге назар аударып, ядролық сынақ пен апаттардан жәбір көргендерге арналған медорталық  ашу мәселесін қарастырған жөн», - деді Премьер-Министрге өз депутаттық  сауалында  Магирам Магирамов.

Сондай-ақ, ол  қазақстандық чернобыльдықтар душар болған мәселелерге тоқтады.

«ЧАЭС жою кезіне қатысушыларға бастапқыда ұсынылған жеңілдіктерге келетін болсақ, қазір жер мен транспортқа салықты алып тастау ғана бар. Қалғандары ортақ тәртіп бойынша қаралады, бірақ Черноболь құрбандары ҰОС мүгедектерінің мәртебесімен бірдей. Заңда Черноболь қатысушыларының әйелдері мен мүгедектерінің мәртебесі анықталды. Бүгінде көптеген чернобыльдықтардың жарлары төсекке танылып отыр. Олар өмірден өткен кезде балалар әлеуметтік қолдаусыз қалады. Чернобыльдықтардың балаларына медициналық тіркеу қажет.  Арнайы емделуге қол жеткізе алмай жүргендер де бар. Оларды да жеңілдік санатына қосу қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, ол тұрғын үйге тұрған кезекті де айтып өтті. Чернбыльдықтар ортақ адамдардың тәртібімен кезекте тұр. Оған қоса, олар орын ауыстыратын жағдайда, 5 жыл бір жерде тұрған соң бірақ жеңілдікке ие болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
387

ЖОО академиялық дербестігінің кеңейтілуі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады – ҚР БҒМ

2017 жылдан бастап, ИИДМБ кәсіпорындарына кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық жоодарына даму бағдарламасы негізінде дербестік беру жоспарлануда. 2021 жылдан бастап аталған тәжірибе қалған жоодарға жүргізілетін болады.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78 қадамында және 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамыту бағдарламасыннда «Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып ЖОО-дың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту қарастырылған. Жеке меншік ЖОО-ның халықаралық тәжірибеге сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға ауысуы».

ЖООдарының ұйымдастырушылық-құқықтық формасының коммерциялық емес акционерлік қоғамға және басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық формаларға айналуы ең алдымен әлемдік тәжірибеге жақындата отырып олардың басқарушылық дербестігін кеңейтуге, кірістілікті арттыруға және қаржылық модель қалыптастыруға бағытталған. Одан басқа бұл – жұмысқа тарту мәселесін дербес шешудің, мамандықтар мен білім беру бағдарламалары кескінінде студенттердің  контингентін қалыптастырудың, ЖООдарының академиялық құрылымн анықтаудың мүмкіндігі.

Академиялық дербестік ЖОО-ның студенттерді қабылдау мәселесінде, профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасындағы қатынасты орнатуда, білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын анықтаудағы құзыреттерді үлестіруді топшылайды.

Аталған қадамды іске асыруда нақты шаралар және жоолардың академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту жолдары қарастырылған. 2016 жылдан бастап, 28 жоода ректорларды таңдаушылық және бақылау кеңестері енгізілуде, сонымен қатар, қоғам алдындағы есеп берушілік. 2017 жылдан бастап, ИИДМБ кәсіпорындарына кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық жоодарына даму бағдарламасы негізінде дербестік беру жоспарлануда. 2021 жылдан бастап аталған тәжірибе қалған жоодарға жүргізілетін болады.

Мемлекеттік және ұлттық жоодарын жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық форма-100%мемлекеттің қатысуымен комерциялық емес акционерлік қоғамға айналдыру тұспалданып отыр. Сонымен қатар, жеке меншік жооларды комерциялық емес білім беру ұйымдарына айналдыру механизмдері жетілдірілетін болады. ЖОО-ның жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық формаға ауысуы бақылау кеңестерінің құрылуын, эндаумент-қор, қаржылық іс әрекеттерге аудит өткізу және жыл сайынға жария есеп беруді қарастыратын болады.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдарда келісілуде жатқан «Жоғары оқу орындарының басқарушылық және академиялық дербестігі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Концепциясы даярланды.

Жоғары оқу орындарының басқарушылық және академиялық дербестігін кеңейту жоолардың интернационализацияның кеңеюі арқылы бәсекеге тұрақтылықты жоғарылатады деп күтілуде, білім беру бағдарламаларының дамуымен білім беру қызметінің экспорты, табыс көздерінің диверсификацилануына және т.б.. ЖОО-ның өзі көрсеткен  қызметінің нәтижелілігіне деген әлеуметтік жауапкершілігі артады, кадрлар даярлау сапасына, рухани бай, кәсіби шебер, инетллектуалды креативті, инновациялы қабыл алғаыш болуы тиіс өскелең ұрпақтың заманауи көзқарасының қалыптасуына жауапкершілік артады. ЖООдары жаңа білімнің және инновацияның генерациялық сонымен қатар заманауи біліктілікті қалыптастыру орталықтарына айналады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
746

Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда айналымы соңғы 10 жылда 230 млн долларды құрады

Мәжіліс Парламентінің отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Сербиямен өзара сауда туралы стратегиялық деректерді айтып өтті. Оның айтуы бойынша, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда айналымы 230 млн долларды құрады.

«Сондай-ақ, Сербиямен өзара сауда туралы статистикалық деректерге тоқтау орынды болып табылады. Осылайша, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда айналымы 230 млн долларды құрады, сондай-ақ, 2015 жылы- 56 млн долларды құрады»,-деді қаржы минитсрі Бақыт Сұлтанов.

«Қазақстандық сарапшының  негізгі баптары мұнай газдарындағы минералдық тыңайтқыштар болып табылады. Импорт құрылымдарында дәрілік құрылғылар мен құрылыс материалдарының тауарлары ұсынылады. Сербияның Қазақстанға инвестициясы соңғы 10 жылда 6,4 млн долларды құрады, ал өткен жылы – 0,2 млн долларды»,-деді Б. Сұлтанов.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.

Конвенция Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастық тың кеңеюі мен нығаюына бағытталған», - деп хабарлады Мәжілісте.

«Бұл конвенцияны ратификациялау, бiрiншiден, уағдаласаушы мемлекеттердiң резиденттерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табысына қосарланған салық салуды жоюға мүмкiндiк бередi. Салық төлеушiге бiр рет, атап айтқанда, уағдаласушы мемлекеттердiң бiрiнде ғана салық төлеу рәсiмi бекiтiледi, ал әрiптес мемлекет оған салықтың төленген сомасын есепке жатқызуды ұсынады. Екiншiден, инвестициялар үшiн қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге жол ашады», - дейдi ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов.

Министр айтып өткендей, 50 мемлекет осы сынды конвенцияны ратификациялады. 27 ел ЭЫДҰ құрамына енеді, 12 ел Таяу Шығыс қатарында тұр.

Сондай-ақ, екi мемлекеттiң құзыреттi органдары арасында салық мәселелерi бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтаруларды болдырмау мәселелелерiн шешуге көмектеседi.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
377

Қазақстандықтардың дамыған ел құруға деген ниеттері сүйсіндіреді — Дьердь Сабо

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабомен кездесті. Отырыстың басты тақырыбы Қазақстанның халықаралық ұйыммен ынтымақтастығына арналды.

ЕҚЫҰ халықаралық ұйымына  57 ел мүше. Қазақстан 2010 жылы ұйым қатарына қосылды. 6 жыл бұрын Астанада  ЕҚЫҰ соңғы саммиті өткен болатын.

«Бізде жастарды біріктіретін дәстүрлі бағдарлама бар – Орталықазиялық жастар жүйесі,  ол 11 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Біздіңше, бұл бағдарлама бойынша адамдар  дамытуды жүзеге асыратын ұяшық құрады. Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты қолдайды, бұл өте маңызды, Елбасыларыңыз әрбір баяндамада бұл ел үшін аса маңызды екенін атап өтеді», - деді Дьердь Сабо.

Ол атап өткендей, қоғамда әйелдерді қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде, кәсіпкерлікті қолдау мен   жасыл экономиканы қолдау да жүзеге асырылды, бұл салада әйелдердің қызмет етуі өте маңызды.

«Мен жарты жыл осында  жұмыс істеймін, сіздерде әйелдер қауымы өте белсенді», - деді ол.

«Айта кететіні, біз  секілді дипломаттарды бұл орындарға ешкім тағайындамайды, өзіміздің қалауымыз бойынша байқауға құжат тапсырамыз. Мен неге Қазақстанды таңдадым? Мен өңірлерде болдым, әрқашан сіздердің жұмысқа деген құлшыныстарыңыз, жетістікке жету ұмтылыстарыңыз сүйсіндіретін.  Жаңа Астана – барлық құлшыныстың нышаны.  Біз Президенттің «Әлем. XXI  ғасыр» манифесті аясында қандай бағыттар бойынша жұмыс істеуге болатынына да көңіл бөлеміз», - деді ол.

Өз кезегінде, Г.Әбдіқалықова  ЕҚЫҰ – 25 жыл бұрын елдің тәуелсіздігін қолдаған алғашқы ұйымдардың бірі екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Г.Әбдіқалықова мәртебелі мейманды Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының орындалу барысы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өтетін іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол тәуелсіздік жылдарында экономиканың нығайып, халықтың әл-ауқаты артқанын, Қазақстан қоғамы жалпыұлттық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың үлгісі ретінде қарастырылып отырғанын, ал еліміз жауапты әрі құрметті халықаралық серіктес ретінде танылғанын атап айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
724

380-нен астам қазақстандық соңғы 5,5 жылда шетелде емделуге жіберілді

2011 жылдан бастап 385 Қазақстан азаматы мемлекеттік қаражат есебінен шетелге емделуге жіберілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтарды тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу мәселелері бойынша Жұмыс органы құрылып, Бюджет қаражаты есебінен ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу туралы ережелер (әрі қарай - Ережелер) бекітілді

2015 жылғы 30 маусымдағы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бекіткен бұйрығы бойынша қолданыстағы Ережеге сай Қазақстан азаматтарының келесі санаттары шетелге жіберіледі:

Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудың рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардың емдеу тиімділігінің нәтижесі болмаған жағдайдың көрсеткіштері бар 0 мен 18 жас аралығындағы балалар;

Кәмелетке толған азаматтар 8 нозология бойынша:

- Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері;

- Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер;

- Трансоральдік алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.

- Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері;

- Кератопротездеу;

- Жүректі, бүйректі, бауырды, өкпені, жұлынды транспланттауды талап ететін аурулар;
- Өңеш стеноздары;

- Трахея стеноздары;

ҚР Президенті пен Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік міндеттерін орындау барысында ауыр жарақаттар алып, Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудың рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардың емдеу тиімділігінің нәтижесі болмаған жағдайдың көрсеткіштері бар мертіккен құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлері ерекше жағдайларда.

Сырқаттанған адамды шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туындаған жағдайда Жұмыс органы Қазақстан азаматына барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін емхананы қарастырады.

Сонымен, 2011 жылы шетелге 78 пациент, оның ішінде 17 ересек және 61-і бала жіберілді. 2012 жылы - 64, оның ішінде 17 ересек, 47 бала, 2013 жылы – 64 (18-ересек, 46-бала) адам, 2014 жылы – 70 (45 ересек, 25 бала), 2015 жылы – 57 (30 ересек, 27 бала) адам жіберілді.

2016 жылы шетелдік емхананы анықтау бөліміне аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларынан 176 өтішніш келіп түсті. ҚР азаматтарын шетелдік медицниалық ұйымдарға емделуге жіберу бойынша Комиссияның 11 отырысы өтті. Комиссия келесі шешімді қабылдады: 52 пациентті шетелге жіберу, 12-не Қазақстандағы шеберлік сыныптары аясында емдеу, 80 пациентті Қазақстандық медициналық ұйымдарында емдеу. Өзге өтінімдер қарастырылып жатыр.

Соңғы жылдары қазақстандықтар үшін еліміздегі жаңа қымбат медициналық технологиялар қолжетімді болып отырғанын атап айту керек. 2010 жылы республикада диагностикалау мен емдеудің 40-қа жуық жаңа технологиясы енгізілді. 2015 жылы оның саны 120-дан асты. Отандық дәрігерлердің біліктілігін арттыру мен тәжірибесін мақсатында үздік шетелдік мамандарды шақыру арқылы шеберлік сыныптарын өткізу тәжірибесі енгізіліп отыр.

Шетелде өздігінен емделуге кеткен Қазақстан азаматтары көрсетілген медициналық қызметтер шығынын мемлекет қаржысы есебінен төленуін талап ете алмайды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
416

Мәжiлiс 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарауды бастады

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен бiрқатар заң жобасы жұмысқа қабылданды.

Оның iшiнде «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бар. Қарастырылып отырған өзгерiстер дағдарысқа қарсы iс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Қаржы және бюджет комитетi аталған заң жобасы 2016 жылғы 18 қазанға дейiн қорытынды әзiрлеуге дайын.  «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы да жұмысқа қабылданды.

Сондай-ақ,  депутаттар Ұлттық қордан 2016-2018 жылдары республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерiн азайтуды көздейтiн заң жобасын қарастырады. Айта кетейiк, таяуда өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Президент Ұлттық қордағы қаражатты сақтау үшiн трансферттердi

Мәжіліс Спикері атап өткендей, аталған ұйым бүкіл әлемде бюджет ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Н. Нығматулин ұйымның осы саладағы зерттеулерінің шынайы әрі тәуелсіз екенін алға тарта келіп, барлық бюджеттік бағдарламаларды қарайтын Парламент үшін бюджеттің ашықтығы мен бақылау тиімділігін арттыратын ұсынымдарды зерделеудің маңыздылығы зор екенін айтты.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: -Алтыншы сайланған Парламенттің екінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Парламенттің алдына бюджет қаржыларын игеруде қатаң бақылау мен заң шығармашылық қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Мәжілісте заң жобаларын қараудың мүлдем жаңа тәртібі енгізілді,-деді. Одан әрі Палата Төрағасы Мәжіліс қарауына түскен еліміздің негізгі қаржылық құжаттары жайында баяндады.

Биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығын қарсы алғалы отырған Қазақстанның экономикалық жетістіктерін де назардан тыс қалдырмады. Өз кезегінде мейман біздің мемлекетіміздің даму қарқынына ерекше көңіл бөліп, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету шараларына жоғары баға берді. Н. Нығматулин Клэр Шутенге мазмұнды кездесу үшін алғысын білдіріп, алдағы бірлескен жұмыс Қазақстан бюджетінің тиімділігі мен ұтымдылығын бұрынғыдан арттыра түсетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
593

Қызылордада «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 350 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын

«Бәйтерек» холдингі өз еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы Қызылорда қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 350 пәтерден тұратын жеті тұрғын үйдің құрылысын аяқтауда, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған әлеуметтік үйлердің пайдалануға берілуі қазан айына жоспарланған. Тұрғын үйлер «Сәулет» шағын ауданында орналасқан, жаңа пәтерлердің ауданы 21 мың шаршы метрден асады.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Қызылорда қаласында жалпы ауданы 96 мың шаршы метрден асатын 1470 пәтер құрылысына жеке құрылыс салушыларымен 7 инвестиция шартын жасасты. Тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру 2016 – 2017 жылдарға жоспарланған. Пәтерлер екі бағыт бойынша өткізіледі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша кредиттік тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдар арқылы жалға берілетін тұрғын үй.

Банк салымшылары үшін бір шаршы метрдің бағасы 141 мыңнан 149 мың теңгеге дейін (объектіге байланысты) құрайды. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде пәтер алу кезегінде тіркелген, әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға беріледі.

2016 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қызылорда қаласында «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй алуға салымшылардан өтінімдер қабылдауды аяқтайды.

Бұдан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша басқа да өңірлерде салынып жатқан бірқатар нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр немесе аяқталып қалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда, Тараз, Шымкент, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға тапсырылады деп жоспарланып отыр.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ  Қазақстанның 13 өңірінде тұрғын үй объектілерін салуға 40 шарт жасасты. Компания алдағы екі жыл ішінде республика бойынша жалпы ауданы шамамен 456 мың шаршы метрді құрайтын 7 500 пәтер салу үшін шарттарға қол қойды. Компания 2016 – 2017 жылдары Қазақстан бойынша  691 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салуды жоспарлайды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
435

Мәжіліс Қазақстан мен Сербия арасындағы салық салу туралы конвенцияның ратификациясын мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан мен Сербия арасындағы салық салу туралы конвенцияның ратификациясын мақұлданды.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.

Конвенция Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастық тың кеңеюі мен нығаюына бағытталған», - деп хабарлады Мәжілісте.

«Бұл конвенцияны ратификациялау, бiрiншiден, уағдаласаушы мемлекеттердiң резиденттерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табысына қосарланған салық салуды жоюға мүмкiндiк бередi. Салық төлеушiге бiр рет, атап айтқанда, уағдаласушы мемлекеттердiң бiрiнде ғана салық төлеу рәсiмi бекiтiледi, ал әрiптес мемлекет оған салықтың төленген сомасын есепке жатқызуды ұсынады. Екiншiден, инвестициялар үшiн қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге жол ашады», - дейдi ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов.

Министр айтып өткендей, 50 мемлекет осы сынды конвенцияны ратификациялады. 27 ел ЭЫДҰ құрамына енеді, 12 ел Таяу Шығыс қатарында тұр.

Сондай-ақ, екi мемлекеттiң құзыреттi органдары арасында салық мәселелерi бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтаруларды болдырмау мәселелелерiн шешуге көмектеседi.

«Сондай-ақ, Сербиямен өзара сауда туралы статистикалық деректерге тоқтау орынды болып табылады. Осылайша, соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда айналымы 230 млн долларды құрады, сондай-ақ, 2015 жылы- 56 млн долларды құрады»,-деді қаржы минитсрі Бақыт Сұлтанов.

«Қазақстандық сарапшының  негізгі баптары мұнай газдарындағы минералдық тыңайтқыштар болып табылады. Импорт құрылымдарында дәрілік құрылғылар мен құрылыс материалдарының тауарлары ұсынылады. Сербияның Қазақстанға инвестициясы соңғы 10 жылда 6,4 млн долларды құрады, ал өткен жылы – 0,2 млн долларды»,-деді Б. Сұлтанов.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
489