«TIKA» өкілі Әзірет Сұлтанда
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне Түркия Республикасы Үкіметінің «TIKA» Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің жаңадан сайланған Қазақстандағы өкілі доктор Али Ихсан Чаглар келіп, музей жұмысымен танысты. Бұдан бұрын музей территориясын жарықтандыру жұмыстары «TIKA» агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Али Ихсан Чаглардың айтуынша алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
