Биыл БҚО-да «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасы шеңберінде 15 әлеуметтік нысан жөнделеді
2016 жылы Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қаражат есебінен 15 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 13-де күрделі жөндеу, 1-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөнделетін ғимараттардың 10 – білім беру, 3 – мәдениет, 1 – денсаулық сақтау және 1 – транспорттық инфрақұрылым нысаны болып табылады. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 765 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 384 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады. Бүгінгі күн…
