Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне келіп, өңірдің тарихи-мәдени нысандарының жағдайымен танысты. Қорық музейдің директоры Жандос Әубәкір экскурсия барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енетінін және Қазақстан тарихында сәулеттің көрнекті ескерткіші, Түркістанның негізгі мәдени орындарының бірі саналатынын атап өтті.
Үкімет басшысына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық музейінің құрамындағы Қылует, Жұма мешіті, Шығыс моншасы сынды тарихи мәдени ескерткіштері жайлы, көне Түркістан қаласының тарихы және музейдің болашақтағы жоспарлары жөнінде мәліметтер берілді.

1
0
343

Осы тақырып бойынша

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде - Yvision.kz