ru
Мемлекет
Мемлекет
2 218 жазбалар14 тіркелуші
0

БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Қазақстанға сапармен келеді

БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Жан Тодт Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

2016 жылғы 14 - 17 қыркүйекте Қазақстанға БҰҰ Арнайы елшісі келеді. Оның келу мақсаты – жоғары деңгейде жол-көлік оқиғаларын төмендету мәселелерін талқылау және мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар арасында стратегиялық байланыс орнату, сонымен бірге Онжылдық Бағдарламаны орындау бойынша жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұлттық бағдарламаларды қабылдауда көмектесу.

Қазақстан БҰҰ шеңберіндегі қызметтің белсенді қатысушысы болып, жол жүрісі қауіпсіздігі деңгейін көтеруге елеулі мән береді және мемлекеттік саясаттың келесі дамуында, құқықтық негіз және осы салада басқаруда қажеттілікті мойындайды. Жол қауіпсіздігі саласында заңнаманы нығайту, ұлттық бағдарламаларды әзірлеу бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

Сонымен бірге, елде ДСДҰ және БҰҰ ЕЭК ресми басылымдар материалдарымен расталатын жол жүрісі қауіпсіздігінің маңызды проблемасы бар.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның Ішкі көлік жөніндегі комитеттің қолдауымен БҰҰ Арнайы елшісі сапары шеңберінде мүдделі министрліктер және ведомстволар, бизнес-қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жақтар жол қауіпсіздігі мәселелін талқылайды, пікір алысады және Қазақстанда жол-көлік оқиғаларды төмендету бойынша ұсынымдар жасап шығаратын «Жол жүрісі қауіпсіздігі. Ағымдағы жағдайы. Арттыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Үкімет, Инвестициялар және даму министрлігі басшылығымен және Астана мен Алматы әкімдерімен, сонымен бірге Қазақстандық автомотоспорт федерациясымен кездесу жоспарланды. Орталық коммуникациялар қызметіндегі келуі нәтижесінде БҰҰ Арнайы елшісі және министрліктің өкілдерінің қатысуымен баспасөз-конференциясының өткізілуі жоспарлануда.

БҰҰ Арнайы елшісі Жан Тодттың келуі Қазақстанның жол жүрісі қауіпсіздігі деңгейін көтеруде ұмтылу кепілі болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz