Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Адалдық рухындағы спорт

А.ж. 10 қыркүйекте № 2 Егіндікөл орта мектебінің спорт залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында волейбол мен баскетболдан жарыстар өткізілді.  Жарыстың ашылу кезеңінде еліміздің болашағы - қазақстандық жас ұрпақ, болашақ азаматтық және мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкерлер  мен түрлі мамандық өкілдерінің мемлекеттілік, экономика, заманауи, адал және өркендеуші қоғам құрудың негізгі қағидаларын білетіні байқалды. Қатысушыларға «Біз жемқорлыққа қарсымыз» ұрандары бар «адал қоғамды» насихаттайтын парақшалар таратылды.  Жанкүйерлер  өз командаларын белсене қолдады.

Қорытындысында барлық қатысушылар денсаулық, сергектік қуаты мен жағымды эмоция алды.  Сыбайлас жемқорлық марафоны аясындағы жарыстар қорытындысы бойынша № 1 Егіндікөл орта мектебі волейбол мен баскетболдан жарыс чемпионы атанды. Жеңімпаз мен жүлдегер командалар грамоталармен және бағалы жүлделермен марапатталды, сондай-ақ үздік ойыншылар марапатталды.

Департамент госслужбы

0
0
413

Осы тақырып бойынша

Адалдық рухындағы спорт - Yvision.kz