Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада Хэйлунцзян провинциясының апталығы өтеді

Қалалық мәслихат депутаттары Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян провинциясының делегациясымен кездесті. Кездесудің мақсаты Хэйлунцзян провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі мен Астана қаласы мәслихатының арасында достық қарым-қатынас орнату болып табылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов қытайлық әріптестерін елордалық өкілетті орган айналысатын мәселелермен таныстырды. Мәслихат пен оның тұрақты комиссияларының қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Халық қалаулылары сайлау округтарында тап болатын мәселелер, соның ішінде баспана алуға кезекке тұру, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үйді жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру және асфальттау және т.б. туралы айтып берді.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Қытай Халық Республикасы еліміздің басты әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан мен Қытай арасында екі жақты өзара қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастық белсенді дамып келеді. ҚХР қалаларымен және провинцияларымен достық байланыс орнату аясында Астана мен Бейжің және Үрімші қалаларының арасында тығыз бауырластық қарым-қатынас орнады.

Мәслихат хатшысы қонақтарды елорданың дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты алдағы іс-шараларға толығырақ тоқталды.

«Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланған 2017 жыл тек туризмде ғана емес, сондай-ақ, индустрия, инновация және инвестициялар салаларында да белсенді ынтымақтастықтың орнауына ықпал етуге тиіс», - деді мәслихат хатшысы.

Қытайлық делегацияны бастап келген Хэйлунцзян провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Ду Цзимин маслихат депутаттарын делегация мүшелерімен таныстырды. Депутаттарға жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Хэйлунцзян провинциясы туралы мәліметтер ұсынды, провинцияда дамыған негізгі салаларға тоқталды.

Қытайлық кәсіпкерлер Астана қаласының аумағында жүзеге асырылып жатқан «Астананың жаңа көлік жүйесі. LRT 1-кезек» жобасына қызығушылық танытты. Жоба аясында жылжымалы құрамды, жабдықтар мен жүйелерді жобалау, салу, жеткізу, сондай-ақ, фотобейнетіркеу камераларын орнату бойынша Smart City Astana қарастыралғын. Хэйлунцзян провинциясының делегациясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тікелей қатысуға ниет білдірді және Астана қаласының аумағында Хэйлунцзян провинциясының аптылығын өткізуді ұсынды.

Ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың жоспарларын талқылауға және пікір алмасуға мәслихат депутаты Мажит Шайдаров пен Алмаз Ким қатысты.

«Бұл біздің бірінші кездесуіміз, достық қарым-қатынасымыз одан әрі жалғасады деп үміттенемін. Астана қаласының мәслихаты осы бағытта барлық жақсы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын», - деді мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов кездесу соңында.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
326

Жемқорлықпен күрес жастардың көзімен

А.ж. 20 қыркүйекте  Көкшетау қаласының орталық алаңында    Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Көкшетау қаласының мәдениет бөлімімен және Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының  25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бірқатар акциялар өткізілді, атап айтқанда – аниматорлар ақпараттық буклеттерді таратты,  іс-шараға келген жастар мен қала тұрғындары қалау тақтасына өздерінің игі тілектерін жазып, VK әлеуметтік желісіндегі Департамент парақшасының алдында естелік суретке түсті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа, сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне  төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды  сақтау және  нығайту.

Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев іс-шараға қатысушылардың бәрін құттықтады және халық арасында жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндады.

Іс-шара қалалық мәдениет бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен дайындалған қызықты концертпен аяқталды.

Іс-шараға 600-ден астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
391

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тетігі ретінде

А.ж. 19 қыркүйекте  Ақмола облысы бойынша  мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі мәслихаттардың депутаттары мен Қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен өткен «Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің Қазақстанның тәуелсіздігін дамытудағы рөлі» тақырыбындағы облыстық форумға қатысты.

Қ. Жапақов өзінің баяндамасында ведомствоның жаңа қағидаттары әдептілік пен құқық бұзушылықтарға төзбеушілік екенін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның және жаңа Әдеп кодексінің қолданысқа енгізілуімен халыққа қызмет етуді өз қалауы  ретінде таңдаған азаматтардың  кәсіби тұрғыда өсуіне және  өзін танытуға қолайлы жағдайлар қалыптасқанын  атап өтті.

Іс-шараға 300 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
813

Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады, деп хабарлады ұйымның сайты.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы күннің екінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында  өтеді.  Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеңесінің екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеңейтілген отырыс  Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен өтеді.

ТМД атқарушы комитетінің ақпараттық-сараптмалық департаменті хабарлағандай, маңызды жобаларға келесілер жатады:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына орай мәлімдемесі.

Мәлімдеменің жобасында ТМД қызметінің 25 жылдық қорытындысы айтылады, атап айтсақ, Достастықтың бірегейлігі мен әмбебаптығы, халықаралық қарым-қатынастағы маңызды рөлі талқыланады.  ТМД форматындағы ынтымақтастықты  заманауи сын-қатерлерге қарсы бағыттау туралы ортақ шешімі айтылды.

- ТМД елдері басшыларының  Нюрнберг процессі жұмысының аяқталуының 70 жылдығына байланысты мәлімдемесі.

Нюрнберг трибуналы ірі саяси-құқықтық жетістікке айналып, заманауи халықаралық құқықты дамытуда маңызды рөлге ие болды.

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының  замануи жағдайға бейімделуі туралы құжат.

Жобада ТМД-ның замануи жағдайларға бейімделуі бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралары қарастырылған.

Гуманитарлық салада  өзара байланысты кеңейту аясында бірқатар шешімдерді қарау жоспарланған: 2017 жылды Отбасы жылы етіп жариялау, 2018 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Мәдениет жылын атау,  Әзірбайжан Республикаында  «Достастықтың мәдени астаналары»  Мемлекетаралық бағдарламасын  2017 жылы жүзеге асыру туралы,  «Достастықтың мәдени астаналары»  Мемлекетаралық бағдарламасы  Қосымшасына   өзгерістерді енгізу туралы.

Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мақсатында бірқатар құжаттарды қарау жоспарланған: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2020 жылдың халық санағын өткізу шешімі туралы жоба.

2020 жылға раундтың халық санағын өткізу Достастық елдеріне мемлекеттер арасында халық санағы туралы ақпарат алуға, демографиялық, этникалық, экономикалық және әлеуметтік қоғам құрылымы мен мемлекет пен өңірдегі жағдай туралы ақпарат береді.

Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы өңіраралық ынтымақтастық  конвенция жобасын қарау жоспарланып отыр.

ТМД отырысында  жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжат жобалары қарастырылады.

Отырысқа қатысушылар  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2017 жылғы төрағалық ету шешімі мен  кезекті МБК отырысын өткізу орнын анықтайды.

Айта кетейік, ТМД-ға 11 ел  мүше: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина. ТМД 1991 жылдың 8 желтоқсанында құрылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

 
0
0
253

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Әңгімелесу барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.

Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканың сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуге, соңғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды.

Қ.Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне көшкенін хабарлады.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы инвестициялық дауларды қарайтын Жоғары соттың мамандандырылған алқасы мен Астана қалалық сотының мамандандырылған құрамы, сондай-ақ Жоғары сот жанынан құрылған Халықаралық кеңес толыққанды қызмет атқарып отырғанын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сот жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіру және судьялардың VII съезін өткізуге дайындық жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қайнар:
"akorda.kz" сайтынан алынған ақпарат
0
0
610

Қазақстанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына бақылау күшейтіледі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі құрылыс салушылардың жиын өтті, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Холдингтің еншілес компанияларының өкілдері, сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын құрылыс салушы-компания өкілдері қатысты.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев Холдинг алдына қазақстандықтарды қолжетімді тұрған үймен қамтамасыз ету міндеті қойылғандығығын еске салды. Бағдарламаны іске асыру үшін алдағы 2 жыл ішінде республика бойынша барлығы барлық 1,4 млн. ш.м. немесе 22,5 мың пәтер салу жоспарлануда. Аталған шараны іске асыруға шамамен 200 млрд. теңге бағытталуда.

Қазіргі уақытта  еліміздің барлық өңірлерінде жалпы сомасы шамамен 140 млрд. теңгеге есептелген 874 мың ш.м. немесе 13 мың пәтер салу үшін шарттарға қол қойылған.

Жиында сөз алған Қ.Өскенбаев Холдинг пен оның еншілес құрылымдарының міндеттеріне тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау ғана емес, процестердің толық ашықтығын бақылау кіретіндігін атап айтты.

«Біздің басымды міндеттеріміздің бірі алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясаты жүзеге асыру, сондай-ақ  мұндай құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты жүргізу болып табылады. Осыған байланысты  жақында бірқатар шаралар қабылданады,- деді Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар, біздің еншілес ұйым қызметкерлері ретінде әлеуетті және жұмыс жасап жатқан серіктестердің алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу белгілерін анықтау үшін жауапкершілігі енгізіледі.

Жасалатын инвестициялау шарттарында  тараптар өкілдерінің сыбайлас жемқорлық іс қимылына «мүлдем төзбекшілік» саясаты көзделетін болады.

Бұдан басқа, Холдинг «адами» факторды  болдырмау және  сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындау тәуекелдерін барынша азайту үшін түйінді бизнес-процесстерді толық автоматтандыруға  енгізуге ниетті.

Ол үшін  ағымдағы жылдың соңына дейін  Холдингтің және оның барлық еншілес компаниялары  тіркеліп және өтінім беруді жүзеге асыруға, оның мәртебесін бақылауға және жүзеге асырылатын бағдарламалар бойынша ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретінпортал құрылады.

«Аталған порталдың перспективасы жұмыс жасайтын  барлық серіктестер сияқты әлеуетті серіктестермен де «бір терезе» қағидаты бойынша бірлесіп жұмыстар жүргізуге арналған бірыңғай алаң болып табылады»,- деді Қ. Өскенбаев өз сөзінде.

Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін Холдингте  ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін  құрылыс салушылар тарабынан шағымдар қабылдау үшін (оның ішінде анонимді) «жедел желі» құрылатын болады.

Сондай-ақ  Холдингтің құрылыс компанияларының тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу кезінде  құрылыс-монтаждау жұмыстарының қазақстандық мазмұны 75%-дан кем емес деңгейде жобаларға басымдылық берілетін болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
383

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама түсіндірілді

Үстіміздегі жылғы  19   қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында, аудан әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің шағын залында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды сақтау тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова оқыды. Тыңдаушылар дәріс барысында жемқорлық түсінігі, оның түрлері, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және олар үшін жауапкершілікпен танысты. Әкімнің орынбасары сыбайлас жемқорлықпен күрестің Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

Іс-шараға 22 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
331

Спорт – салауатты өмірдің негізі

2016 жылғы 17-18-қыркүйекте Егіндікөл ауылының спорт алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында оқушылар мен жастар арасында шағын футболдан турнир өткізілді.Турнир басталмай тұрып қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тармақтары түсіндірілді. Жарысқа 40-тан астам адам қатысты.  Адал да ымырасыз күресте турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Оқушылар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды № 1 Егіндікөл орта мектебінің командасы жеңіп алды. Екінші күні жалғасқан жастар арасындағы турнирде техникалық шеберлігі мен ерекшеленген азаматтық қызметшілер командасы жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлеркомандалары, сондай-ақ, үздік ойыншылар грамоталармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Департамент госслужбы

0
0
494

И.Тасмағамбетов: Білім беру саласындағы реформа әр адамға жеткізілуі және түсіндірілуі тиіс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекеттік органдардың жұмысымен танысты және әлеуметтік саланың маңызды бағыттарының жай-күйін бағамдады.

Білім және ғылым министрлігіндегі кездесуде жалпы орта білім беру бағдарламасына үштілділікті енгізу, 12 жылдық білім беруге көшу, ҰБТ-ның тың үлгісі, біртіндеп біртекті біріккен мектепке өту қалай жүзеге асырылады, кәсіби және техникалық білім беруді дамыту, жоғары білім сапасын арттыру және басқа да өзекті тақырыптар қозғалды, деп хабарлады pm kz.

Өз кезегінде И. Тасмағамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдан бері елімізде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бекітілген аталмыш стратегия отандық білім беру баспалдақтарын толық қамтиды. Макроэкономикалық тұрақтылық пен ел ішіндегі саяси жағдайдың орнықтылығының арқасында аталмыш бағдарлама аясында қазақстандық билік әлеуметтік мәселелермен, оның ішінде білім беру саласының мәселелерімен айналысуға мүмкіндік алды. Қазір бағдарлама жемісін көріп отырмыз.

Сонымен қатар кездесу барысында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы да тілге тиек етіліп, педагогтар мен ата-аналарды толғандырған сауалдар ортаға салынды.

«Білім беру саласы еліміздегі әрбір отбасына қатысты. Сондықтан бұл саладағы реформа әр адамға жеткізілуі және түсіндірілуі тиіс. Мұндай жауапты әрі нағыз халықтық реформаны енгізуде асығыстыққа жол жоқ», - деді И. Тасмағамбетов.

Оған қоса, вице-министр кәсіби-техникалық білім берудің жай-жапсарын талқыға салды. Бұл бағытты және жалпы отандық білім беру жүйесін тың жаңалықтар күтуде. Осы орайда Иманғали Тасмағамбетов: «Бұл тек білім беру процесі экономика қажеттіліктерін өтеуге сәйкес  кәсіби-техникалық оқу орындарының бірізді жүйесін іске қосқанда ғана мүмкін болмақ. Және жоғары білікті кадрларды дайындауда тек отандық емес, әлемдік экономика қажеттіліктерін ескеруді ойластыруымыз керек»,- деді.

Вице-премьер Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жетекшілерімен кездесуінде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру маңыздылығы мен медицинаның инновациялық дамуындағы өзекті мәселелеріне тоқталды.

И.Тасмағамбетов қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласы сәт сайын өзгерген ғалам мәселелелеріне шұғыл әрекет ете білуі керектігін және сәйкесінше, халық сенімінен шығуы керектігін қадап айтты. Бұл алдымен, алғашқы жедел жәрдем жүйесін дамытуға назар аудартуды көздейді.

Сонымен қатар, кешенді медициналық көмек, денсаулықты қолдау және профилактика бойынша ресурстарды таратуға байланысты мәселелер өз шешімін күтуде. Әлеуметтік маңызды ауруларға қатысты сұрақтарды шешуде негізгі күш түрлі скринингтік бағдарламалар арқылы профилактикалық шаралардың деңгейін арттыруды бағыттауға, ерте диагностикалау мен кадрларды даярлауға, жоғары технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ерте диагностикалауды бақылауға жұмсалады.

«Әлбетте, осы жылдар аралығында енгізілген түрлі бағдарламалар өз жемісін берді. Алайда отандық денсаулық сақтау саласында әлі де шешілмеген түйткілдер бар», - деді кездесу барысында И.Тасмағамбетов.

Вице-премьер атап өткендей, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты міндетіне азаматтарды жоғары өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ету жатады. Осы мақсатта Қазақстан Үкіметі әлеуметтік бағытта алдағы уақытта денсаулық сақтау саласын дамытуды күштеп қолға алады. Сонымен бірге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қозғаушы күші саналатын қолданыстағы бағдарламалардың орындалу сапасына басты назарда ұстамақ.

Жұмыс кездесулері сондай-ақ, байланыс және ақпарат, мәдениет және спорт, дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінде өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
310

Егіндікөл ауданындағы веложарыс

2016 жылғы 16 қыркүйектесыбайласжемқорлыққақарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында Егіндікөл ауылында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» тақырыбындағы  парақшалар таратылып, веложарыс өткізілді. Веложарысқа № 1 және № 2 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Білім, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы В.Шевцов веложарысқа қатысушыларды республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның мақсатымен таныстырды. Қазақстандықтардың жас ұрпағы – біздің болашағымыз және олар сау моральдық-этикалық қағидаттар: адалдық пен әділдікке тәрбиеленуге тиіс. Біздің халқымыздың, біздің еліміз – Қазақстан Республикасының тағдыры өскелең ұрпақты қалайтәрбиелеуімізге байланысты.

Барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  туралы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» тақырыбында парақшалар таратылды. Веложарыс ауыл көшелерінде өткізілді. Велосипедшілер өз істерімен салауатты өмір салтын насихаттай, сергектік қуаты мен жағымды әсер ала отырып, ынтымақты топпен Егіндікөл ауылының бойымен жүріп өтті.

Веложарысқа 20 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
567