Мазмұнға өту

Жаңа

Әдеп кодексінің басты аспектілері туралы

А.ж. 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері А. Сайдалин Ақмола облысының қаржы басқармасында «Әдеп кодексінің басты аспектілері туралы» тақырыбында семинар  өткізді.

Кездесу барысында дәріскер Әдеп кодексінің талаптарын түсіндірді.

Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты қарастырылған тәртіптік істер туралы айтылды.

Кездесудің соңында Ақмола облысының қарғы басқармасының қызметкерлеріне Әдеп кодексің талптарына қатысты қойылған сұрақтарына жан-жақты  жауап берілді.

Іс-шараға 20 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
342

«Жас қанат» жастар ұйымымен саяхатқа шықты

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған «Жас қанат» жастар ұйымы және «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай өзге ұлт өкілдерін Маңғыстаудың тарихи мәдени орындарына саяғатын ұйымдастырды. Шара мақсаты: «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелеріне, өзге ұлт өкілдеріне Маңғыстау облысындағы тарихи мәдени орындарын көрсету, өлке тарихын таныстыру арқылы олардың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің құнды жәдігерлерін көрсетіп, патриоттылыққа дәріптеу. Саяхат 18 қыркүйек күні өткізіліп, оған 30 адам қатысты. Ақтау қаласынан бастап экскурсия кезінде таныстыру жұмысын үздіктіксіз жүргізіп отырған «Отпан» мекемесінің қызметкері қатысушыларға толық ақпарат жеткізе білді. Жастардың қызығушылықтары артып, Маңғыстаудың тарихы туралы…

0
0
1063

Мәжіліс ХҒТО қызметін жалғастыру келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. «Келiсiмге сәйкес Қазақстан орталыққа қызметтiк орын-жай бередi, сонымен қатар осы орын-жайға қызмет көрсетудi, коммуналдық және күзет қызметтерiн төлеудi қамтамасыз етедi. Орталық қызметiн жалғастыру туралы келiсiм әлi күнге дейiн ратификацияланбаған. Дегенмен, бұл орталық қазiргi уақытта Назарбаев университетiнiң ғимаратында тегiн орналасқан. Шығындарды Назарбаев университетi төлеп отыр. Жылына 18 млн теңге жұмсалады. Қазiргi кезде министрлiк Астана ЭКСПО-2017 компаниясымен және Астана қаржы орталығымен бiрлесiп, орталықтың штаб-пәтерiн көрме өткен соң ЭКСПО ғимаратының бiрiне орналастыру мәселесiн қарастыруда», - деп баяндады ҚР…

0
0
345

Шетелдік делегаттар Алматы ауруханаларының Универсиадаға дайындығымен танысты

2017 жылғы қысқы Универсиада аясында жұмыс сапарымен келген шетелдік делегаттар Алматы ауруханаларына арнайы барып, ондағы жағдаймен жақынырақ танысты. Қазір қаладағы барлық ауруханалар 2017 жылғы қысқы Универсиадаға тыңғылықты дайындалып жатыр. Шетелдік делегация тобы Алматы қаласындағы №4 қалалық ауруханаға, Қалалық жедел-жәрдем ауруханасына бас сұқты. Бұл ауруханалар Барлық озық технологиямен жабдықталып, шетелдерде тәжірибеден өткен білікті мамандар қызмет атқарады. Аталған емдеу мекемелері жоғары мамандандырылған. Алматы қаласының тұрғындары және республиканың әр түкпірінен келгендерге шұғыл және жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетеді. Медициналық көмектер келесі бағыттар бойынша көрсетіледі: хирургия, травматология нейрохирургия, гинекология, урология, терапия, неврология, инсул…

0
0
317

Ақмола облысында ет өндірісі 8,3%-ға артты

Ақмола облысында өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 8,3 пайызға артты. Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, шаруашылықтың барлық санатында жыл басынан бастап 61,2 мың тонна ет өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 8,3 пайызға жеткендігі байқалады. Сонымен қатар, 260,9 мың тонна сүт өндірілді, 4,2 пайызға артты және жұмыртқа саны 499,4 млн данаға жетті. Сондай-ақ, жыл басынан бері ірі қара мал саны 2,9 пайызға артты және 432,3 мың тонна басты құрады. Олардың ішінде: сиыр-6,0 пайыз (203,8 мың бас), жылқы – 4,5 пайыз (167,9 мың бас), қой мен ешкі-2,9 пайыз (582,7 мың бас), құс-0,3 пайыз (5,2 млн). «Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі бойынша ағымдағы жылы жалпы сомасы 8,9 млрд теңгенің 10 жобасы іске асырылуда. Олардың ішінде 1,8 млрд теңгенің 2 жобасы іске асыты»,…

0
0
367

Көксу қант зауыты 200 мың тоннадан астам қант қызылшасын өндіруді жоспарлауда

Көксу қант зауытына қант қызылшасының биылғы жылғы алғашқы легі жеткізілді, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі. Көксу қант зауытына осы жылы алғаш 200 тонна қант қызылшасын жеткізген Сарқан ауданындағы «Мадияр» шаруа қожалығы болды. Бұл қожалық ағымдағы жылы 200 гектар аумаққа қант қызылшасын еккен. Орташа өнімділігі гектарынан 500 – 550 центнерді құрады. Жалпы диқандар қызылша алқабынан 8 мың тонна тәтті түбір жинауды жоспарлауда, ал бүгінгі зауытқа жеткізгені соның тек бір бөлігі ғана. «Көксу қант зауытының директоры Нұрлан Тлеубаев пен осында жиналған қонақтар зауытқа өнімнің алғашқы легінің жеткізілуіне байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты түрде зауыттың қызыл лентасын қиды. Осылайша, қант қызылшасын өңдеуге ресми түрде рұқсат берілді. Ендігі кезекте зауытқа өңірдің қ…

0
0
744

Түркістанға жақын аймақта түркі тілдес халықтарының қалашығын салу жоспарланып отыр

Түркістан қаласына 60 шақырым кіре беріс жерге түркі тілдес халықтардың қалашығын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады ОҚО-ның қала құрылысы мен сәулет басқармасы. Сәніне сәулеті келіскен жобалардың басым бөлігі, яғни 40-тан астам ірі жоба, соңғы алты жылда – 2009-2015 жылдар аралығында іске асырылып, бой көтерген. Атап айтқанда, «Жер ана» монументі, Ордабасы алаңындағы субұрқақ, Жібек Жолы аллеясы,Көркемөнер галереясы, Абай мұражайы, Диуани Хикмет аллеясы (Түркістан қ.), «Даңқ» мемориалы, Дендросаябақты қайта жөндеу, «Шәмші әлемі» сквері, спортшылар аллеясы, Неке сарайы, Жастар орталығы, Қабанбай батыр ескерткіші, Босанғанға дейінгі орталық, Облыстық филармония, «Қызғалдақ» субұрқағы жобалары болып жалғасып кете береді. «Облыстың сәулеттік сәнін арттырып, көркейтуге бағытталған жұмыстар…

0
0
307

Мақта шаруашылығы: бүгін және болашақ

Кеше Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында мақта шаруашылығының бүгіні және болашағы мәселесінде бейресми жиналыс болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков және Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшылары, мақта зауыттары мен пункттерінің өкілдері қатысты. Мақтарал ауданы аумағында мақта тұқымы шаруашылығын дамыту, мақта өнімін ұлғайту мәселелері қарастырылған жиында Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ибадулла Үмбетаев мақта тұқымы шаруашылығын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктерді атап көрсетті. Оның айтуынша, тұқым егілетін егістіктердің бытыраңқылығы, тұқымдық алқаптарда агротехникалық талаптардың сақталмауы, мақта қабылдау кезінде зауыттарда элиталық және репродукциялық дайындалған…

0
0
723

Қайрат Мәми «Zakon.kz» порталында интернет-конференция өткізді

Бүгін «Zakon.kz» порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтті. Онлайн-режимде өткен конференцияда ол интернет-тұтынушылардан түскен 29 неғұрлым рейтингтьік сұрақтарға жауап берді. Айталық, соттарға сенім туралы сұраққа жауап беру барысында Жоғарғы Сот Төрағасы қазақстандық қоғамның сот жүйесіне деген көзқарасының неғұрлым шынайы сипатын БАҚ-тағы жарияланымдар мен интернеттегі комментарийлер емес, әлеуметтік сауалнамалар көрсете алады. Ол 2012 жылы «Транспаренси Казахстан», 2015 жылы – БҰҰДБ және 2016 жылы өткізілген онлайн-сауалнама нәтижелелерін мысалға келтірді. Осы зерттеулер барысында респонденттердің сәйкесінше 75%, 71,3 % және 74,4% сотқа сенім білдірген. Қылмыстық жазалауға баламалы шараларды енгізу туралы сұраққа жауап беру барысында Қ.Мәми жазала…

0
0
474