Мазмұнға өту

Жаңа

К.Мәми Ұлттық музейде «Әділет тарихы» бөлімін құруды ұсынды

Астанада Жоғарғы соттың ұйымдастырылуымен «Қазақстанның сот билігі: өткені мен бүгіні» атты тақырыптық көрменің салтанатты ашылуы болды.

«Қазақстанның сот билігі: өткені  мен бүгіні» атты көрмені Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми ашты. Сөз барысында ол Ұлттық музейде жеке бөлім ашу туралы ойын айтты.

«Бұл көрме Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды, сонымен қатар біздің судьялардың алда болатын VII съезіне арналған. Мақсаты - Ұлы дала аумағында сот төрелігі жүйесін қалыптастыру туралы айту. Экспонаттар, құжаттар, фотосуреттер Ұлттық мұрағаттың қорынан, Президенттің орталық мемлекеттік мұрағаты мен Тұңғыш Президенттің кітапханасынан әкелінді. Көрме барлығына ашық және Тәуелсіздік Сарайында 7 қазанға дейін істейтін болады. Болашақта «Әділет тарихы» атты бөлек бөлім ашу керек. Осындай маңызды жұмыс үшін Жоғарғы сот барлық жағдайды жасауға дайын»,-деді Қ.Мәми.

Көрмеде қазақ биінің шапаны, төс белгісі, Қазақ хандығының дәуірін таныстыру бойынша материалдар, 1993 жылғы еліміздің Конституциясы, сот жүйесі бойынша жұмыстардың көшірмесі ұсынылды. Барлығы – 210 фото сурет және 50 экспонат болды.

«Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» ЕО жобасының басшысы Уильям Ирвайн ескі соттың құжаттары қатты қызықтырғандығы айтып өтті.

«Біріншіден, жоғарғы сот мәселесіне ерекше қарайтындығы қатты ұнады. Сондай-ақ мұрагерлік – әділдік кеше ғана болған жоқ, ол бірталай ғасыр бұрын болды. Ал бүгін осы эволюцияны көрдік.Көрме ағартушылық және осы жерден көптеген қызықты деректер алдым. Менің ойымша, ол көптеген адамдарға қызықты – студенттерге, сарапшыларға, ғалымдарға – бұл қазақстандық әділдіктің эволюциялық жүйесін көрсетуге болатын жақсы идея. Мені ескі құжаттар таң қалдырды»,-деді ол.

Көрме барлығына қол жетімді және 7 қазанда дейін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Судьялар VII съезінің күніне дейін  жұмыс істейтін болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
432

200-ден астам әділет қызметкерлері Қазақстан судьяларының VII съезіне қатысады

Қазан айында Астана қаласында Қазақстан судьяларының VII съезі өтеді. Іс-шараға 200-ден астам әділет қызметкерлері қатысады және олардың барлығы Судьялардың этика кодексін қабылдайды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков айтты.

«Биылғы  жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының кезектен тыс VII съезін өткізу жоспарланған. Аталмыш съезд төрт жыл сайын өткізіледі.  Съездің басты күн тәртібі Этика кодексін қабылдау болып табылады»,-деді судья.

Оның айтуынша, Этикалық кодекс мәселесін қабылдау Ұлт жоспары «100 нақты қадамға» тіркелген. Жоба әзірленіп, қоғам үшін Жоғарғы судьялардың сайтында жарияланды және ол жерде әрбір адам жобамен танысып, өз ұсыныстарын айта алады.

Н.Жолдасбековтың айтуы бойынша,  Судьялар одағының жарғысын жетілдіру мәселесі қарастырылады және өткен кезең ішінде атқарылған жұмыстар туралы судьялардың ақпараты тыңдалады.

Оның айтуы бойынша, аталмыш форумға Қазақстанның Судьялар одағының барлық филиалдары қатысады, сонымен қатар шетелден келген халықаралық делегациялар, ТМ елдері қатысады. Барлығы 200-ден астам судьялар қатысады деп күтілуде.

Жалпы алғанда, Н. Жолдасбековтың айтуынша, Қазақстанның сот жүйесі барлық сұраныстарға сай келеді және көптеген тапсырмаларды орындайды.

«Бірінші кезекте сот жүйесі ашық, қолжетімді болды. 90-шы жылдары жұмыстың басқа тәсілмен жасалғанын барлығымыз білеміз. Алайда, жаңа заң қабылдағаннан кейін, адамдардың көбісі сотқа жүгіне бастады және оған статистикалық мәліметтер дәлел болады. Біз бір орында тұрмауымыз керек. Біз халықаралық стандарттарға жету үшін талпыныс жасауымыз керек, сондай-ақ басқа мемлекеттердің тәжірибесін  меңгеруіміз тиіс»,-деді судья.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
378

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу «Спруттың шырмауында. Жемқорлық»

2016 жылғы 15 қыркүйекте Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафонын өткізу бойынша бекітілген жоспар аясында құқық қорғау органдары  қызметкерлерімен «Спруттың шырмауында. Жемқорлық» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары З.Қ.Жұматова, жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Қ.Құсайынов қатысты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алудың қажеттілігі туралы бірыңғай пікірге келді.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
727

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндеМ.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұражайының «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады МСМ баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай 90 жылдық тарихы бар театрдың қазақ руханиятында ерекше орын алатынын атап өтті.

«Бүгін бізге Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театр үлкен көрме алып келіп отыр. Көрме Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және театрдың 90 жылдығына арналған. Біз бұл көрмені бір театрдың тарихы ғана емес, жалпы қазақ өнері мен қазақ интелегенциясының тарихы деп түсінуіміз қажет. Сонау жиырмасыншы ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1926 жылы Қызылорда  қаласында ашылып, «Алтын сақина», «Еңлік-Кебек» пьесаларымен көрерменге жол тартқан театрдың өзіндік тағылымды тарихы бар. Бұл театрда елімізге танымал көптеген өнер майталмандары  қызмет етті. Сондықтан да театрдың келешек жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол. Осы мақсатта театрдың тарихынан сыр шертетін көрменің Ұлттық музейде ашылуы үлкен жетістік деп білеміз. Ұлттық музейге еліміздің түпкір-түпкірінен, алыс-жақын шетелдерден көптеген қонақтар келіп музейді тамашалап жатады. Ендігі жерде сол келушілер қазақтың театр өнерімен, оның тарихымен танысып, мағлұмат алатын болады, – деді Д.Мыңбай.

Көрменің салтанатты ашылуында КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі – Асанәлі Әшімов былай деді:

«Қазіргі көрмеде фотолары мен жеке заттары тұрған театрдың бұрынғы артистерін ерекше сыйлайтынбыз. Біз олар есіктен кіріп келе жатқан кезде қабырғаға тұра қалатынбыз.Бұл біздің оларға деген құрметіміз еді. Әр елдің өзінің  мәдениеті болу керек. Театр халыққа тәрбие беретін орын. Мұндағы әрбір жәдігердің бағасы қымбат. Мұнда фотолары тұрған театрдың бұрынғы тұлғалары біздің құдайларымыз. Олар біздің өмірбақи үлгі тұтар ұстаздарымыз, рухани азығымыз».

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, театр директоры – Ерлан Біләлов, Қазақстанның Халық артисі, профессор – Есмұхан Обаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Журналистика Академиясының академигі – Әлия Бөпежанова және т.б. өнер майталмандары қатысты.

Қазақ өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұражайының 48 жылдық тарихы бар. Мұражай жәдігерлері арасында әйгілі театр және кино актерларының сирек кездесетін фотосуреттері, әр жылдардағы сахналық киімдері, афишалар, спектакльдердің макеттері мен эскиздері, театр өнері майталмандарының портреттері және жеке заттары,тағы басқа құнды заттар сақталған. Театрдың 90 жылдық тарихынан сыр шертетін осынау жәдігерлер аталған көрмеге қойылып отыр.

Көрме 2016 жылғы 5 қазанға дейін өтеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
437

Қ.Мәми Президентке Ұлт жоспарының он қадамы орындалғанын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.

Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканың сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуге, соңғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды.

Қ.Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне көшкенін хабарлады.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы инвестициялық дауларды қарайтын Жоғары соттың мамандандырылған алқасы мен Астана қалалық сотының мамандандырылған құрамы, сондай-ақ Жоғары сот жанынан құрылған Халықаралық кеңес толыққанды қызмет атқарып отырғанын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сот жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіру және судьялардың VII съезін өткізуге дайындық жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
324

Италияда О. Сүлейменовтің «Хат тілі» кітабының тұсаукесері өтті

Порденон қаласында итальяндық «Festa del libro con gli autori» (Авторлардың қатысуымен кітап фестивалі) ірі кітап жәрмеңкесі аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы және мемлекеттік қайраткері Олжас Сүлейменовтің итальян тіліне аударылған «Хат тілі» кітабының тұсаукесері болып өтті.

Қазақстанның Италиядағы Елшілігі еліміз Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы қарсаңында кітаптың аудармасы мен басылуын тарих, мәдениет, әдебиет және филология саласында кітаптарды басып шығаруға мамандандырылған «Сандро Тети Эдиторе» баспа үйімен бірлесіп дайындады.

“Кітаптың тұсау кесеріне Италияның өнерпаз және ғылыми зиялы өкілдері, саяси, қоғамдық, іскерлік топтары, итальян университеттерінің  профессорлары және студенттері, Италияның ірі кітап баспаларының өкілдері қатысты”, - делінген хабарламада.

Атақты итальяндық тарихшы және жазушы Франко Кардини кітаптың авторын таныстыра отырып, жиналған қауымды әлемде алғаш рет антиядролық қозғалысының негізін қалаған О. Сүлейменовтің қоғамдық-саяси қызметімен таныстырды. Ол О. Сүлейменовтің әдеби қызметіне тоқталып, автордың өлеңдері мен дастандары әлемнің көптеген тілдеріне аударылғанын атап айтты.

“Сонымен қатар, «Хат тілі» кітабының итальян тіліне аударылуы еуропалық тілдердің арасында алғаш болды. Сондай-ақ, Ф. Кардини О. Сүлейменовке мәдениет бауырластығы және халықтарды рухани өзара байыту идеясы бұрыннан жақын, ал оның итальян тіліндегі кітабының басылып шығуы Қазақстан мен Италия арасын жақындатуға тағы бір нақты қадам деп айтып өтті”, - деп хабарлады сыртқы істер ведомствосы.

О. Сүлейменов «Хат тілі» кітабының итальян тіліндегі тұсау кесеріне қатысуын айтулы оқиға болып саналады деп айтты. Автор аталған жұмыс дәл 1998 жылы Рим қаласында Италиядағы қазақстандық елшілікті басқару сәтінде аяқталғанын атап өтті. Сонымен қоса, автор өзінің кітабымен жұмыс жасау аясында оны бірнеше он жылдық бойы этимологиялық сөздік негізінде жазғанын жеткізді. Кітаптың тұсау кесері барысында автор Қазақстанда әдебиеттің дамуы туралы қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара қазақ жазушыларының шығармасын Италияда насихаттау арқылы Қазақстанның мәдени имиджін ілгерілетуге сабақтас болды. Тұсау кесер қатысушылары атақты қазақстандық жазушы ақынның кітабы итальян тілінде жарыққа шығуы Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы достық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына тағы да бір маңызды үлес қосу оқиғасы болып саналады деген ортақ ойға ие болды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
434

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жеңісін бағалауды қайта қарау ұсынылды

Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкіметке мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жеңісін бағалауды қайта қарау туралы депутаттық сауал жолдады.

«Бүкiл әлемде мүмкiндiгi шектеулi спортшылардың спорттағы жетiстiктерi денi сау адамдардың табысынан әлдеқайда жоғары бағаланады. Өйткенi олар жеңiс жолында тек қарсыластарын ғана емес, ең алдымен, өз сырқатын жеңуге күш салады», - деді А.Перуашев.

Депутаттың айтуынша, Олимпиада медалiн жеңiп алған спортшыларға 250 мың АҚШ долларына дейiн сыйақы белгiленген. Ал мүмкiндiгi шектеулi спортшыларға берiлетiн ең жоғарғы сыйақы мөлшерi - 50 мың АҚШ доллары.  Бұл денi сау спортшыларға тағайындалған сыйақы мөлшерiнен бес есе аз.

«Халықаралық аренада елiмiздiң мәртебесiн асқақтатын мүгедек спортшыларымыз отанында тиiсiнше бағаланбай жатыр. Бұл Конституциямызға да кереғар. Ата заңымызға сәйкес, бүкiл азаматтар тең және оларды алалауға болмайды. Сондықтан, депутаттың сенiмiнше, Олимпиада мен Паралимпиада чемпиондарына берiлетiн сыйақы мөлшерi тең болуы керек

«Бiздiң паралимпиадалық спортшыларымыздың жеңісі мүмкiндiгi шектеулi мыңдаған азаматты белсендi өмiр сүрiп, барынша еңбекке араласуына мүмкiндiк бередi», - деді  депутат.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейро қаласында жазғы паралимпиадалық ойындар аяқталды. Қазақстанның мүмкiндiгi шектеулi спортшылары паралимпиадалық медальдар жеңiп алды. Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен күмiс медаль, ал Зүлфия Ғабидуллина жүзуден паралимпиада ойындарының чемпион атанды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
419

Қазақстанда балалардың кейбір сирек аурулары бойынша дәрі-дәрмектерді мемлекеттік реестрге енгізу ұсынылды

ҚР Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысы барысында депутат Зағипа Балиева Үкіметке балалардың кейбір сирек аурулары бойынша дәрі-дәрмектерді мемлекеттік реестрге енгізуді сұрады.

Депутаттың айтқандай, «көбелек» балалардың терісі үнемі қабыршақтанып жатады. Ал денедегі жаралар ылғи қанайды. Ондай аурумен туған балаларға арнайы жақпа май мен аса көп таңу материалдары қажет. Ата-аналар соның бәрін сырттан сатып алады. Себебі, біздегі дәрі-дәрмек ем-домға келмейді. Ал шетелден сатып алынатын материалдар мемлекеттік реестрге кірмеген.

«Бұдан бөлек, сүйегі жеңіл сынатын «xрустальды» балалардың ауруы жайында бәріміз жақсы білеміз. Олардың ата-аналары балаларын шетелге апарып, әрбір сапарына 1 млн. теңге шығын шығаруға мәжбүр болып отыр. Себебі, олардың дәрі-дәрмектері де мемлекеттік реестрге кірмейді», - дейді З.Балиева.

«Оларға көмек беретін  дәрі  памидронат медак, ел де ол сертификаттаудан  өткен жоқ, нарыққа да шығарылмаған, сондықтан ана мен балар Мәскеуге  3 айы сайын баруға мәжбүр.  «Хрустальды» балаларға қажетті бір дәрінің құны 12 мың теңге тұрады. Аталмыш ауру түрі емделмейді, бірақ аппарат сүйектің қалыңдығын 70-80 %-ға арттырады», - деді ол.

Депутат балалардың кейбір сирек аурулары бойынша дәрі-дәрмектерді мемлекеттік реестрге енгізуді сұрады. Оның айтуынша, бүгінде «көбелек» пен «xрустальды» балаларды емдеуге қажетті ем-дом бұл тізімге кірмейді. Соның салдарынан ондай балалардың ата-атаналары шетелге барып, қыруар шығын шығаруға мәжбүр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
676

«Даму» қоры ШОБ жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлемінде несие тартады

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлемінде несие тартады, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Еуропа инвестициялық банкінің несие желісі «Даму» Қорына акционері - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің кепілдігімен бөлінеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке деген қаражат ұлттық валютамен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Бұл – банктер мен кәсіпкерлердің валюталық тәуекелге бас тікпеулеріне қолайлы.

ЕИБ қаражаты климат өзгеруінен болатын зардаптарды азайту, электр қуатын үнемдеу, энерготиімділікті арттыру секілді қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен көптеген «жасыл» жобаларға бағытталған.

«Бүгінде біздің ел «жасыл» экономикаға өту үшін белсенді түрде инвестиция тартып жатыр. «Даму» Қоры директорлар кеңесінің 200 млн еуро бөлу туралы  осы жолғы шешімі шағын және орта кәсіпкерлікте қуат көздерін үнемдеу мен энерготиімділікке бағытталған жаңа жобалар ашылуына түрткі болып, бұл сала мен жалпы экономика үшін стратегиялық инвестициялар тартуға сеп болады. Еуропа инвестициялық банкі экономиканың барлық салаларында экологиялық, экономикалық және техникалық бай тәжірибесі бар, әрі негізгі рейтингтік агенттіктердің барлығынан «ААА» рейтингіне ие болған банк. Алдағы екі айдың ішінде бұл жобалар бойынша кәсіпкерлердің несие алу шарттары дайындалады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер де ШОБ жобаларымен айналысатын қосын құрады. Қаражат нақты жобаларға бірнеше траншпен беріледі»,-деді «Даму» Қоры Басқарма төрағасы Қаныш Тлеушин.

Алдын-ала есеп бойынша, осы бағдарлама бойынша берілген несиелер 103,4 млрд теңгені құрайды. Шамамен, «жасыл» жобасы бар 500 кәсіпкер қаражат ала алады. Олар 1 мың жаңа жұмыс орындарын ашып, 87,5 млрд теңге салық төлейді деп болжанып отыр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
364

Қазақстан Мәскеуде Smart-city жобаларымен танысты

Астана мен Мәскеу ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Smart-city жобаларын енгізуге және дамытуға баса назар аударылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған Астананың Мәскеудегі күндері аясында мәскеулік сауда-өнеркәсіптік палатасында Іскерлік ынтымақтастық форумы өтті.

Кездесу барысында Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин сөз сөйледі. Оның айтуынша, Ресей тарапы Қазақстанның елордасымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі.

«Астана – қалалық шаруашылық саласында ең озық технологияларды, инвестицияларды тарта отырып, қарқынды дамып келе жатқан жас қала. Бүгінде іскерлік топтар арасында қарым-қатынас құру оңай емес, біз өте күрделі экономикалық жағдайға тап болдық, бірақ Астана мен Мәскеу арасындағы интеграциялық өзара іс-қимылдың перспективалары әлі де бар. Біздің қарым-қатынасымыз одан әрі дамиды, біз Астанада бизнес-миссия өткіземіз және ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысамыз, - деді Сергей Черемин.

Оның айтуынша, ЭКСПО көрмесі мәскеулік кәсіпорындар үшін электр энергиясын өндіру технологияларын, оның сақталуын, энергетика шаруашылығымен байланысты жаңалықтарды көрсетудің жақсы алаңы болады.

Өз кезегінде елорда әкімі Әсет Исекешев Мәскеу мен Астананың көптеген бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге болатынын жеткізді.

«Астана халқы бір миллионнан асты, бұл белсенді дамып келе жатқан қала. Біздің қалалардың экономикалық модельдері негізінен ұқсайды, сондықтан бизнес қоғамдастықтардың арасында белсенді ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Екі жақта да қызықты бағдарламалар мен технологиялар бар, біз оларды жүзеге асыра аламыз», - деді Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев өз баяндамасында жас елорданың дамуының басты басымдықтарына тоқталды, атап айтқанда: жұмыспен қамту және экономикалық модельдің жаңа құрылымдары, сондай-ақ, өмір сүру сапасын жақсарту арқылы халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз ету. МЖС моделін белсенді пайдалану, шағын және орта бизнесті, сауда секторларын дамыту, индустриалды құрылысқа көшу, тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету, жаңа құрылыс технологияларын дамыту және т.б. маңызды болып табылады. Туризм де маңызды бағыт болып қалады, - деді әкім.

«Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға қазір зерттеліп жатқан смарт-шешімдердің толық спектрі ықпал етеді. Бұл жұмыстың ашықтығын арттыру, ТКШ жүйесінің әлдеқайда айқын жұмысын қалыптастыру, қоғамдық көлік, білім, денсаулық сақтау салаларында смарт-шешімдерді енгізу. Бүгінде бірқатар жобалар жүзеге асырылдқ, - деді Әсет Исекешев.

Бүгін мәскеулік әріптестеріміз қазақстандықтарға Ресей астанасында сәтті жүзеге асырылып жатқан және енгізу жоспарланып отырған бірқатар «ақылды» технологияларды таныстырды.

«Астана мен Мәскеу – ақылды қала технологияларын енгізуді қажет ететін мегаполистер. Мәскеуде «ақылды» қала ортасының элементтері Мосробот сияқты қызықты технологиялар қолға алынды, бұл көшеде немесе маршрутта болып жатқан оқиғалар туралы қала тұрғындарын тікелей хабардар ету сервисі. Сонымен қатар, геоаналитика құралдарын пайдалану енгізіледі. Қазіргі кезде қалада төрт ірі мобильді оператор жұмыс істейді, біз жасырын түрде қалада жүрген адамдардың ағыны туралы мәлімет аламыз және осы мәліметтердің негізінде қалалық инфрақұрылымды дамытамыз», - деді «Ақпараттық қала» МБМ бас директоры Алексей Чукарин.

Сонымен қатар, Форумда мәскеулік тарап көшені абаттандыру, инновациялық қызмет ерекшеліктерімен және т.б. бөлісті. Кездесу барысында Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және даму басқармасы мен Мәскеудің ұлттық саясат, аймақаралық байланыс және туризм департаментінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
266