Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтауда жастар сүйікті спортшыларымен кездесті

Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және олимпиада қатысушысы Берік Әбдірахмановқа көптеген жастар жанкүйер болып, екі боксшының да қолдаушылары көбейді. Биылғы олимпиада кезінде Маңғыстау жастары боксшыларға ерекше құрметтерін көрсетіп, алғыстарын жеткізіп жатты.

Сол жастардың қатарында жасотандықтар мен «жас қанат» жастар ұйымының белсенділері бар.

Бірнеше күн бойы екі боксшымен кездесуді қалаған жастар бүгін, Ақтау қаласында кездесуге мүмкіндік алды. Қаланың 14-ші шағын ауданында орналасқан «Достық үйі» ғимаратының екінші қабатында 50 ге жуық жас жанкүйерлер өздерінің сүйікті спортшыларымен кездесіп, керемет әсермен әңгіме құрды. Берік Әбдірахманов өзінің бүгінгі жетістігімен бөлісіп, сенім артқан барша жұртқа өз алғысын жеткізді. Әділбек Ниязымбетов олимпиада кезінде есте қалған қызықты жайттарын айтып, өкінішін де жеткізді. Жастар тарапынан қос боксшыға қойылған сұрақтарға екі боксшы да қысылмастан жауап берді. Кейбір жастарға Әділбектің келесі спорттық карьерасы қызықтырса, және бір жастар жеке өмірінен сұрақтарын қойды. Берікке қойылған бала кезіндегі арманы туралы сұраққа берген жауабы көп қатысушыларға жігер берді деп ойлаймыз. Жиын соңында екі мақтанышымызға «Жас қанат» жастар ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанаты атынан ыстық тілектер айтылып, естелік сыйлық табыс етілді.

   
0
0
331

Осы тақырып бойынша

Ақтауда жастар сүйікті спортшыларымен кездесті - Yvision.kz