Мемлекеттік бюджетте кірістердің өсуі ҚР Ұлттық қордан бөлінген трансфертін азайтуға жәрдемдеседі
Ағымдағы жылы республикалық бюджет кірістерінің артық орныдалуына сәйкес, ҚР Мәжілісі 2016 жылға арналған Ұлттық қордан бекітілген трансферт мөлшерінің төмендеуіне байланысты заң жобасын мақұлдады.
Парламенттің төменгі палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдады. ҚР Мәжілісінің қаржы және бюджет бойынша комитеті заңнама бойынша оң қорытынды берді.
«Заң жобасымен 2016 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін түзету көзделген. Республикалық бюджеттің артығымен орындалуын ескере отырып, ағымдағы жылы Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу мақсатында республикалық бюджеке Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 2 трлн 880 млрд теңгеден 2 трлн 479,7 млрд теңгеге дейін қысқарту көзделген»,-деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Министрдің айтуы бойынша, босатылған 413 млрд теңге саланың үздік динамикасының есебіне беріледі.
«Мұнай бағасы 30 доллар деңгейінде болды, бүгін 8,5 ай ішінде оның бағасы 40,5 доллар деңгейінде тұр. Экспорттық кедендік баж салығы бойынша 179 млрд теңге, мұнай өндірудің болжамы бойынша, бізде жақсы динамика байқалады: егер 2016 жылдың жоспарында 74 млн тонна болса, бүгінгі күні 8 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру белгіленген жоспардан артық болуда»,-деді ҚР ҰЭМ басшысы.
Дауыс берудің қорытындысы бойынша, мәжілісмендер ұсынылған заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Одан әрі, заңнамалық тәртіп бойынша заңның жобасын ҚР Сенаты қарастырады.
Айта кетейік, заң жобасы Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 53-ші қадамын іске асыру аясында әзірленген. Заң жобасы өкілеттіктер мен тапсырмаларды нақты анықтауға бағытталған.
Ведомство басшысы айтып өткендей, 2-ші кезеңде (2016 жылы) – «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын қарастыру аясында ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес егжей-тегжейлі заңнаманы қамтамасыз ету қарастырылған.
«Заңнамалық деңгейде міндеттерді, мәртебе мен монополияға қарсы қызметтің рәсімдерін анықтау болжамданады, сонымен қатар басқа елдердің құқық қорғау және монополияға қарсы органдармен өзара іс-қимыл тетігі қарастырылады»,-деді Қ.Бишімбаев.
Сонымен қатар, оның мәліметі бойынша, басқа маңызды құралдарға жобада монополияға қарсы кешен қарастырылады.
«Оңтайлы тәжірибенің орын алуын ескере отырып, хабарландыру институттарын қолдануды кеңейту ұсынылады. Сонымен қатар, аталмыш заң жобасы бүгінгі күні қалыптасқан тиімді институционалдық орта құруымен ерекшеленеді. Яғни, заң жобасы қоғамдық ұйымдарды тартумен медиация тәжірибесін енгізуге көмектеседі»,-деді ведомство басшысы.
Келесі бөлігі өзгеріске енген маңызды мәселеге арналған - 2017 жылдың 1 қаңтарынан кейін жекеленген тауар нарықтары қалай реттелетін болады.
«Өзеріңіз білетіндей, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап құнды реттеуден бас тарттық. Оның орнына монополияға қарсы жауап қату институтын ұсындық. Зерттеуден кейін маңызды деген 47 тауар нарығы ұсынылды»,-деді ол.
Бишімбаевтың айтуы бойынша, темір жол көлігі саласында жүк тасымалдары реттеу астында қалады. Осындай тәжірибе бар, мысалы, Беларус, Украйна және Ресейде.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
