Мемлекет басшысы Сингапурдың Құрметті аға министрі, Парламент мүшесі Го Чок Тонгпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері жан-жақты талқыланды.
Елбасы Сингапурдың инновация, технология және қаржы салаларындағы тәжірибесі аса бағалы екенін атап өтті.
«Тәуелсіздіктің 25 жылында біз Сингапурмен тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеміз және сіздердің елдеріңізді әрдайым өзіндік бағдар ретінде бағалаймыз. Сингапур қала-мемлекет екеніне қарамастан, әлемнің көптеген елдері үшін дамудың тиімді үлгісі бола білді. Біздің мемлекет құрудағы жолдарымыз көп жағдайда ұқсас. Осыған байланысты түрлі бағдарламалар мен стратегиялар әзірлеу және іске асыру барысында сіздің елдің тәжірибесін мұқият зерделеп отырамыз», – деді Қазақстан Президенті.
Го Чок Тонг Қазақстанға шақырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
« Мен сіздің елде алғаш рет болып отырмын және оның даму қарқынына тәнтімін. Елдеріміздің арасында тығыз серіктестік байланыс орнағанына қуаныштымын. Қазір Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың барлық басты бағыттары айқындалған» – деді Го Чок Тонг.
Соңында Елбасы мен Го Чок Тонг елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
«Мемлекеттік басқару саласындағы өзгерістер барлық дерлік елдерде біртіндеп орын алып отырғанын атап өтті. Мұның себебі үш бағыттағы өзгерістерге байланысты: бірінші - реформалардың тұжырымдамалық идеялары; екінші - қаржы дағдарысы, білімді халық санының артуы, жаһанданудың жоғары қарқыны мен жаңа ақпараттық технологияларға байланысты өсіп келе жатқан қоғамдық қажеттіліктер; үшінші - жаңа тәсілдер арқылы адам ресурстарын басқару саласындағы тәжірибелер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді монетарлық емес жолмен ынталандыру», - деді Макс Эверест-Филлипс.
Сонымен қатар Макс Эверест-Филлипс Сингапур орталығы мен Астана хабы арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін айта отырып, мемлекеттік қызмет саласында белсенділік, елгезектік пен инновацияға баса көңіл аудару арқылы ойлау мен құндылықтар трансформациясы саласындағы бірлескен жұмыс маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі және БҰҰ Даму Бағдарламасы бастамасымен, 25 ел және 5 халықаралық ұйым қатысуымен 2013 жылы құрылған Астана хабы Сингапур орталығы секілді мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибе алмасудың мойындалған халықаралық орталықтарының біріне айналды. Қазіргі уақытта, қатысушы-елдердің саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға жетті. Биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы жоғарғы деңгейдегі Комитеті 19-шы сессиясында Астана Хабына жоғары баға бере отырып, Хаб моделін көп жақты ынтымақтасуды дамытудың үлгісі ретінде тарату бойынша шешім қабылдады. 2014 жылы Хаб БҰҰ Басқармасының Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы ынтымақтастық бойынша сыйлығымен марапатталған.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz