Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2016 жылы Мақтарал ауданында орын алған жол-көлік оқиғасының 81%-ы жылдамдықты асырудың нәтижесінде болған – Ж.Егемберді

Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемеаралық жиналыс өтті. Аудан әкімі Ғалым Исмаилов, аудан прокуроры Нұржан Боранбаев, аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Серік Шалқаров қатысқан жиында 3 бірдей мәселе қаралды. Сондай-ақ, жиынға барлық қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және Ветеринария бөлімінің мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Мақтарал аудандық жергілікті және уәкілетті органдарымен аудан көлемінде орналасқан сауда орындарында ет, сүт және тағы басқа да халық тұтынатын тауарлардың санитарлық және ветеринарлық талаптарының сақталу жағдайына қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы жайлы аға прокурор Мақсат Ералиев кең көлемде түсіндіріп өтті. «Мырзакент, Атакент базарларында сауда павилондары жоқ. Ет, сүт өнімдерін сатушылар ветеринариялық талаптарға сай киінбеген. Санитариялық тексерілістерден өтпеген ет, сүт өнімдерінің сатылып жатқанын кейбір базарлардан анықтадық. Сойылған малдардың қалдықтарын тастайтын арнайы орындардың болмауы да үлкен мәселе» - дейді Мақсат Ералиев. Жалпы, жиын барысында аудан әкімі Ғ. Исмаилов санитариялық талаптарды орындамаған базар басшыларын тұрғызып қойып сұрақтың астына алды және бұл мәселелерді дереу шешуді талап етті.


Мақтарал ауданында орын алып жатқан жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде адам өліміне алып кеп соққан оқиғалардың өсу жағдайының себеп-салдары туралы аудандық Ішкі істер басқармасының өкілі Жандос Егемберді мәлімдеді. «2016 жылы Мақтарал ауданы аумағында 158 жол-көлік оқиғасы орын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда 95 %-ға артқан. Соның салдарынан 19 адам қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасының 81%-ы жылдамдықты асыру нәтижесінде орын алса, қалғандары қарсы жолға шығу себебінен болған. Жетісай қаласының Әуезов және Қожанов көшелері, Асықата кентінің орталық көшесі, Жаңажол, Қазыбек би, Ділдәбеков, Мақтарал ауылдық округінің орталық көшелерінде жол-көлік оқиғалары жиі болады және ең қауіпті жолдар осылар» - дейді ол. Сонымен қатар, жол белгілерін сақтау үшін мектеп оқушыларына арнайы семинарлар ұйымдастыру керектігі, кейбір көшелер мен көпірлерді үйлкейту керектігі айтылды.

 

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
848

Осы тақырып бойынша

2016 жылы Мақтарал ауданында орын алған жол-көлік оқиғасының 81%-ы жылдамдықты асырудың нәтижесінде болған – Ж.Егемберді - Yvision.kz