Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі өтті

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні Мерекеге орай 30 қыркүйек күні  Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығында » «Made in Әже» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталмыш шарада әжелеріміз жастарға өздерінің сүйікті істерінің тәжірибесімен  бөлісіп, мастер-класстарын көрсетті.Оған қоса әжелеріміз  қолөнер бұйымдары, ғасырлар бойы сақталған аспаздық құпия, үлгілі ана, табысты әйел болудың қыр-сырын айтып берді.

Мерекелік іс-шараға  жиналған серпіндік студенттер, еріктілер белсенділік танытып, қарияларымыздың көңілдерін бір көтеріп тастады. Жәрме-көрмесінен кейін жастар жиналған асыл қазыналарымызбен шәй ішіп, әңгіме дүкен құрды. Қарияларымызға арнайы Жастар бастамаларын дамыту орталығының дайындалған концертімен жалғасты.

     
0
0
623

Осы тақырып бойынша