Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтаралда «Маусымашар-2016» фестивальі өтті

«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Мақтарал ауданы филиалының ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында Мақтарал ауданы бойынша жайдарман ойындарының «Маусымашар-2016» фестивальі өтті.

Мақтарал жайдарманы 9 лигадан тұрады. Атап айтсақ, 6 «Аймақтық лига», 2 «Орталық лига», 1 «Жоғары лига». Былтырғы жылы осы лигалардың чемпиондары мен арнайы жобалардың жүлдегерлері атанған 16 команда «Маусымашар-2016» фестивальіне қатысып отыр. Аудан бойынша биыл 117 команда құрылып додалы бәсекеде бақтарын сынамақшы. 2015-2016 оқу жылында 45 ойын өтсе, 2016-2017 оқу жылында 50 ойын жоспарлануда.

Айта кетейік, Мақтарал ауданының жайдарман ойындарын ұйымдастыру үшін 4 семинар өткізілді және ойынның басты демеушісі аудандық Білім бөлімі.

 

#Тәуелсіздікке25жыл
#25летнезваисимости


(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
655

Осы тақырып бойынша

Мақтаралда «Маусымашар-2016» фестивальі өтті - Yvision.kz