Мазмұнға өту
Didar-1502

Didar-1502

Сайтта 2015 ж. 8 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

2

пікірлер

2

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы.

Мен Балқаш қаласы №7 мектеп-гимназиясында білім нәрінен сусындадым! Ұстаздарымды әркез ілтипатпен еске алып жүрем! Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін айрықша абзал  жандар.

 

Ұстаз  берген  тәрбие әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.

Құрметті Ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын !!!

0
0
752