Мазмұнға өту

Жаңа

З.Шаукенова: Қазақстан қазіргі заманғы дамудың барлық тәуекелдерін ескеруі керек

Бүгін әлемде байқалып отырған дағдарыс құндылықтарына ҚР Президентінің Манифесті қалай әсер ете алатынын ҚР БҒМ саясаттану және дінтану, философия институтының директоры Зарема Шаукенова Астанада «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресінде айтып өтті. «Әлемдегі жағдай өте күрделі: бір дау бәсеңдей түссе, екіншісі өршіп жатады. Бұл даулар мен лаңкестіктің, көші-қон дағдарысының ішінде «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті үміт отын жаққандай», - деді З.Шаукенова. 4 жыл бұрын Елбасы өзінің халыққа Жолдауында қазіргі заманғы даму тәуекелдерін атап өткен болатын. «Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев адами өркениет құндылығын атап өтті. Дағдарыстың әсерлері Араб әлемі мен Таяу Шығыстағы келеңсіз жағдайлар болып отыр. Сарапшылар өркениеттің қақтығысы туралы айтып о…

0
0
425

Словенияда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Любляна қаласында (Словения) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов пен Словения Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Сани Штиглицтің басшылығымен Қазақстан-Словения сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысы өтті. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыс барысында екі елдің өкілдері медицина, құрылыс, туризм, тамақ пен ауыр өнеркәсіп және т.б. салалардағы қазақстандық және словениялық компаниялардың сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту мәселелерін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың аясын кеңейту жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге, тараптар қазақстандық медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру, ауруларды диагностикалау…

0
0
360

Н. Нығматулин Финляндия Парламенті басшысымен кездесті

Парламентаралық үнқатысуды нығайту – Қазақстан мен Финляндия арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен өзара сенімнің және халықаралық дипломатияның маңызды бөлігі. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Республикасына ресми сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Хельсинки қаласында қазақстандық мәжілісмендер Финляндия Парламентінің Спикері Мария Лохеламен келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-финдік парламентаралық комиссия жетекшілерімен кездесіп, «Отаниеми» технопаркіне барды. Н. Нығматулиннің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы ауқымды реформаларын жүзеге асыру бағытында финляндық әріптестердің инновациялық дамуды заңнамалық қамтамасыз ету, білім саласы…

0
0
381

Д.Абаев барша қазақстандықтарды үздік ұлттық брендке дауыс беруге шақырды

Барша қазақстандықтарды үздік ұлттық брендке дауыс беруге шақырамыз,деді Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудың аралық нәтижелеріне арналған брифингте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. «Белсенді дауыс беру қажет, себебі нәтиже дауыс беру арқылы іріктеледі», - деді министр. «Қазіргі уақытта байқаудың I кезеңі – интернет-қолданушылардың дауыс беруі өтіп жатыр. Барлық түскен жұмыстар Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында орналастырылған. Әрбір азамат ұнатқан жұмысына SMS-хабарлама жіберу арқылы дауыс бере алады. Интернет-қолданушылардың дауыс беруі 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Айта кетейік, ұнаған жұмысқа министрліктің сайты арқылы 1414 нөміріне «Brand #», # - белігісіне өтінім…

0
0
256

Кеше Халықаралық Бизнес Университетіне, «Іскерлік тәжірибе» курсына қатысып — өз тәжірбиеммен бөлістім

Кеше Халықаралық Бизнес Университетіне, «Іскерлік тәжірибе» курсына қатысып - өз тәжірбиеммен бөлістім. Кәсіпкер дегеніміз кім жане қандай қасиеттер бойында болу керек деген сұрақтарға өз ойыммен бөлістам, қысқа мәтінімен сіздермен бөлісемін: 1. Қай істі бастамасаң да қаржылық пайдаңды ойла, егер қаржылық пайда болмаса ол тек әлеуметтік сипаттағы қайырымдылық болып қалады. 2. Өмірде өз мүмкіндігіңді жіберме. 3. Өз ісіңнің кәсіби маманы бол. Кәсіби маман дегеніміз – өзі білмесе үйреніп алатын, үйрене алмаса істеп білетін адамды тауап, сол істен нәтиже шығара алатын адам. 4. Ақыл ойдың икемділігі. Бастаған ісің белгілі бір шыңына жеткенде оны түрлендіре біл. Шығармашылығың үлкен рөл атқарады. 5. Әрқашан жетістікке жеткен адамдармен араласып жүр. Жаман ортаның жақсысы болғанша, жақсы ортаның…

4
1
671

ШҚО-ның қоғамдық көліктері 9,6 млрд теңгеге жаңғыртылады

«Altai Invest-2016» халықаралық форумында Өскемен мен Семей қалаларындағы қоғамдық көліктерді модернизациялау бойынша алдын ала келісімдерге қол қойды. Аталмыш жобалардың жүзеге асырылуы - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы. Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан Шығыс Қазақстанның екі ірі қаласына қауіпсіздік талаптарына сай жайлы, заманауи автобустарды сатып алуға несиелік қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жобаның аясында автокөліктердің қозғалыстарын диспетчерлік және GPS бақылау, электронды төлем жүйесін енгізу үшін арнайы қондырғыларды сатып алу көзделіп отыр. Банк бөлген 9,6 млрд теңгенің 5,1 млрд теңгесі Өскемен қаласына, 4,5 млрд теңгесі Семей қаласына арналған. Қолға алынған жоба қоғамдық көліктерде электронд…

0
0
258

Қазақстанның әсерлі ілгерілеуі – Канада елшісі

Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның әсерлі дамуы туралы өз пікірімен Strategy2050.kz АА берген айрықша сұхбатында бөлісті. «Біздің елдеріміздің дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл толып отыр. Қазақстанның жылдам дамуы соншалықты, кейде біз оның жасы туралы да ұмытамыз. Мен Канаданың Қазақстан дамуына қатысқанын мақтан етемін. Біз мемлекеттік реформаға, экономикалық секторға, ауыл шаруашылығына, әлеуметтік дамуға өте белсенді қатысамыз. Қазақстанның осы бастауларын қолдаймыз. Қазақстанда дамып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалар, әсіресе «Қазақстан 2050» стратегиясы үлкен қызығушылық туғызады, себебі бұл елді жоспарлау мен дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы», - деді Ш. Стайл. Дипломаттың…

0
0
372

Орал ақпараттық технологиялық колледж студенттерімен кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру аясында, Департаментпен 2016 жылдың 20 қазан күні Орал ақпараттық технологиялық колледж студенттерімен жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кездесу өткізілді. Кездесуде департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Төлепқалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және осы саладағы заңнамаларда болған өзгерістер туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, шара барысында колледж оқушылары салған сыбайлас жемқорлық тақырыбында суреттер карикатурасын Департамент өкілі ме…

0
0
496

Сырға салу

Үйлену тойы - әрбір адамның өміріндегі ең басты, маңызды және жүрекке жылы тиетін жарқын оқиғалардың бірі. Қазақстанда осындай үлкен көлемдегі той, бірнеше кезеңнен өтіп, қазақ халқының мәдениетінің терең мағынасын көрсетеді. Тойды өткізу кезеңі барлық салт-дәстүрді қамтиды және ерекше мәнге ие. Тойдың басы - «құдалықтан» басталады. Қалыңдықтың отбасымен танысу үшін, арнайы белгіленген бір күні күйеу жігіттің ата-анасы мен жақын туыстары 7-8 адам болып құда түседі. Бұл кезде алда болатын тойдың барлық сұрақтары шешіледі. Қалыңдықтың ата-анасы дәстүрлі қазақ тағамдарымен кең дастархан жайып, сыйлықтарын дайындайды. Сөзді күйеу жігіттің туыстары арасындағы - «бас құда» бастап, өзін және келген қонақтарды таныстырады. Содан кейін қонақтар әңгіме дүкен құрып отырғанда, бас құда оңтайлы сәтті…

0
0
2561

Ресейлік сарапшы қазақстандық фермерлерге ауыл шаруашылығы кооперацияларына бірігуді ұсынады

Ресейлік сарапшы, Академик Л.К. Эрнст атындағы бүкілресейлік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Николай Стрекозов Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында АӨК-де ауыл шаруашылығы кооперацияларын құрудың несімен пайдалы екенін айтып берді. Статистикалық деректер бойынша, сүт индустриясының дамуы шетелдік капиталы бар сүт өңдеу жөніндегі ірі компанияларға негізделеді. Жеке қосалқы шаруашылықтардан өндірілген сүттің 30,6%-ы ғана өңдеуге жіберіледі, қалғаны жеке өндірушілерде қалады. Жалпы, сарапшы өндірілген сүттің 60%-ы зауыттарға өңдеуге жіберіледі, ал 40%-ы өндірілген жерінде қалады деп хабарлады. Оның пікірі бойынша, егер кооперация анағұрлым қарқынды дамыса, жеке және ауыл өндірушілерінен сүт алуды, инфрақұрылым жасауды қамтыса, жағдай одан да жақсы…

0
0
337