Мазмұнға өту

Жаңа

Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсат беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылады – Бишімбаев

ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Заң жобасында жарнама саласындағы уәкілетті органды – жарнама мәселелері бойынша басшылық пен салааралық үйлестіруді жүргізетін орталық атқарушы органды (ҰЭМ) анықтау ұсынылады. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар жеке салада басшылық жасайтын мемлекеттік органдар болып табылады», - дейді министр.

Заң жобасында Қазақстан аумағында, оның ішінде жарнамада сатылатын өнім құнын ұлттық валютада ғана көрсету туралы талап енгізіледі.Сондай-ақ жарнама саласындағы тыйымды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделеді. Заң жобасында теле, радиоарналар бір ай ішінде өтеусіз негізде жарияланатын жарнамалардың бір пайызы көлемінде әлеуметтік жарнама орналастыруға міндеттеледі екен.

«Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсаттың қолданыс мерзімін ұзарту көзделіп отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыртқы жарнаманы орналастыруға 1 жыл мерзімге рұқсат беріледі. Жарнама беруші жыл сайын рұқсат беру органдарына құжат тапсырып, жарнаманы орналастыру мерзімін ұзартып жүр. Бұл қосымша әкімшілік кедергі болып табылады. Осыған байланысты рұқсат мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзарту ұсынылады», - дейді министр.

Заң жобасында 5 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанған.

Оның айтуынша, Заң жобасы арқылы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске жарнама саласындағы заңнаманы бұзғаны, тауарлардың бағаларын ұлттық валютада көрсетпегені, биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті енгізу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға берілетін рұқсаттың мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзарту, сондай-ақ жарнама саласындағы рұқсат беру құжаттарын, олардың қайталануына байланысты оңтайландыру бойынша түзетулер енгізіледі.Сондай-ақ, «Автомобиль жолдары туралы» Заңға автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру құжатының (паспорт) түрін нақтылау мақсатында түзетулер енгізу көзделеді.

«Заң жобасын қабылдау жарнама қызметін мемлекеттік реттеу тәсілдерін жүйелеуге, жарнама туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік жарнама рөлін күшейтуге және ұлттық валюта мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді», – дейді Бишімбаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
530

Таллинде Қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Таллинде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысы өтті.

ҮАК-тің қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, эстондық бөлігін Эстония Республикасы сыртқы істер министрлігінің вице-канцлері Вяйно Рейнарт басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Отырыс барысында оған қатысушылар екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды қозғайтын баяндамаларын оқыды. Тараптар инвестициялық және таринзиттік-көлік салаларындағы, агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, құрылыс және туризм болашағын талқылады. Ақпараттық технологиялар, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың едәуір даму әлеуеті атап өтілді.

«Екі елдегі экономикалық жағдайды қарау кезінде әлемдегі дағдарыс құбылыстарына қарамастан, Қазақстан мен Эстонияның экономикалары тұрақтылық пен дамудың оң динамикасын көрсетіп отырғаны атап өтілді», - делінген хабарламада.

В. Рейнарт өз сөзінде Қазақстан Эстония үшін өңірдегі маңызды сауда-экономикалық әріптес болып табылатынын мәлімдеді. Экономикалық қарым-қатынастарды талқылау шеңберінде негізгі тақырып ретінде транзиттік-көлік саласында өзара іс-қимыл жасау ұсынылды. Эстондық тарап «Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру үшін өз елінің порт және теміржол қуаттылықтарын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.

Өз кезегінде, Р. Василенко Эстониямен қарым-қатынастарды жан-жақты дамыту міндетін еуропалық бағыттағы маңызды міндеттердің қатарына жатқызатынымызды атап өтті. Эстония Қазақстан мен ЕО арасындағы, әсіресе экономикалық салада қосымша байланыстырушы буын бола алады.

Қазақстандық дипломаттың айтуы бойынша, еуразиялық кеңістікте жаңа транзиттік-көлік дәліздерінің, магистральды бағдарлардың ашылуы осы мақсатқа ықпал етуі мүмкін.

Тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі елдің жоғарғы оқу орындарының өзара іс-қимылы туралы келісімдерді іске асырудағы өзара жетістіктерін атап өтті. Одан басқа, Қазақстан мен Эстонияның бірлескен жобаларға, әсіресе АТ-технологияларды енгізу саласындағы бағдарламаларға қатысатын жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының санын одан әрі ұлғайту орындылығы да атап өтілді.

Туризмді дамыту мүмкіндіктерін талқылай отыра, Р. Василенко экономиканың осы саласы үшін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда әзірленген, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және туристік әлеуетімен таныстыратын «Қазақстан – Ұлы дала елі» атты қосымшамен таныстырды.

Отырыс қорытындылары бойынша, екіжақты ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын көрсететін Хаттамаға қол қойылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
323

ОҚО-ның Қазығұрт ауданында 16 елді мекен табиғи газға қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соның бір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыңға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарының шаңырақтарын көгілдір отынға жалғаудың салтанатты жиыны өтті.

Нақтырақ айтқанда, табиғи отын әзірге, аталған елді мекеннің бір көшесіне берілді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиналған тұрғындардың қуанышына ортақтасып, құттықтаған аудан әкімі Төлеген Телғараев: «Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараның бірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесінің қосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесінің қосылуы үлкен қуаныш. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздың жұмысын жеңілдетеді», - деді.

Ал, Шарбұлақ ауыл округінің төбе биі Амантай Құтымбет ақсақал тұрғындарға газдың берілуін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына жасалған тарту ретінде дәріптеп, бұл үшін аудан, облыс басшылықтарына ауыл халқының атынан ризашылығын жеткізді.

Жалпы бұл күні, көгілдір отын аудандағы 16 елді мекенге берілді. Шарбұлақтан бөлек, Ащыбұлақ, Жаңабазар, Жылыбұлақ, Жаңажол, Жаңаталап, Қарабастау, Тілектес, Үлгілі, Қарабау, Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Махамбет Өтемісұлы ауылы, Үшбұлақ және Жіңішке елді мекендерінің тұрғындары да табиғи газ тұтынып, өркениеттің игілігіне қол жеткізуде.

Айта кету керек, мұнан бөлек, жыл соңына дейін Қазығұрттағы тағы 16 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Таратып айтсақ, аудандағы Жігерген ауыл округінен төрт елді мекен, С.Рақымов ауыл округіндегі үш елді мекен, Алтынтөбе және Тұрбат ауыл әкімдіктеріне қарасты төрт-төрттен – сегіз ауылды көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін аталған елді мекендер газға қосылғанда, аудандағы көгілдір отынмен қамту жұмыстарының көрсеткіші 65 пайызға жететін болады.

Бұған дейін Шарапхана (екі ауыл), Жаңабазар (сегіз ауыл), Қарабау (төрт елді мекен) және Қазығұрт (бір елді мекен) ауыл округтеріне газ берілген болатын.

Қазығұрт ауданында 2012 жылға дейін 64 елді мекеннің 10-ы табиғи газбен қамтылса, 2012-2014 жылдар аралығында аудан бойынша 32 елді мекенді газбен қамтудың құрылыс жұмыстары жүргізіліп, олар толық аяқталған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
590

Н. Назарбаев Сауд Арабиясының кәсіпкерлерін ҚР-ның индустрияландыру жобаларына қатысуға шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің іскер топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуге Сауд Арабиясының  әлемдік деңгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларының басшылары қатысты.  Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы біздің елдің Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесінің бірі екенін айтты.

«Екі ел арасындағы 2015 жылы 16,3 млрд долларға жеткен тауар айналымы көлемін бүгінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Корольдік компанияларының қатысуымен Қазақстанда 17 ұйым жұмыс жүргізуде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ынтымақтастығының перспективалы бағыттарын да атап өтті. Олардың арасында тау-кен металлургиясы кешені, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, қаржы және ислам банкингі, атом өнеркәсібі бар.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы сияқты Қазақстанның да табиғи ресурстарға бай екеніне назар аударды.

«Соған қарамастан біз экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформаларды іске асырудамыз. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – әлемнің ең озық 30 елінің қатарына қосылу. Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бизнеске барынша жеңілдіктер қарастырып, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев іскерлік және инвестициялық ортаны жақсарту үшін Қазақстанда қолға алынып жатқан жүйелі шараларға тоқталды.

«Дүниежүзілік банктің «Бизнеспен айналысу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 41-ші орынға ие болды. Бизнес үшін әкімшілік кедергілер мейлінше азайтылды. Қазір бізде 10 арнайы экономикалық аймақ құрылып, онда либералды салық режімі қолданыла отырып жұмыс жүргізілуде», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы кәсіпкерлерін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.

«Өз кезегінде Қазақстан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Мәселен, инвестор корпоративтік табыстан және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазір республикада ірі мемлекеттік нысандарды жекешелендіру науқаны жүргізіліп жатқанын айтты.

«Жалпы құны 10 миллиард доллар болатын 800-дей мемлекеттік кәсіпорын бәсекелестік ортаға шығарылды. Тізімге мемлекеттің үлесі бар тау-кен металлургиясы, мұнай өңдеу, энергетика, көлік және байланыс саласындағы кәсіпорындар, инфрақұрылым нысандары енгізілген. Сауд Арабиясы компанияларының осы жекешелендіру шарасына қатысуын қолдаймыз», – деді Қазақстан Президенті.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына және келер жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне тоқталды.

Сауд Арабиясы бизнес құрылымдарының жетекшілері Қазақстанда жасалып жатқан қолайлы инвестициялық жағдай үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін жеткізді. Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу, металлургия және атом энергетикасы салаларына қызығушылық танытты.

Соңында Қазақстан Президенті өзара тиімді серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері жасала беретінін және оның перспективасына сенімді екенін айтып, Сауд Арабиясы бизнесінің «капитандарына» табыс тіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
375

Өңірлер МЖӘ аясында инвестиция тарту жұмысын белсенділетуі қажет – ҰЭМ

Өңірлер МЖӘ аясында инвестиция тарту жұмысын белсенділетуі қажет, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Жергілікті атқарушы органдар  64 проблемалық мәселе енгізді, оның ішінде  27 мәселе  республикалық бюджеттен  222,7 млрд теңгенің қаржыландыруын қажет етіп отыр. Проблеманың көп бөлігі көлік инфрақұрылымсына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, өңірлер инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға қаражат сұрап отыр, сумен қамту (38,4 млрд теңге), өнеркәсіпті дамыту (34,2 млрд теңге), қоршаған ортаны қорға мен ТЖ-ның алдын алу (11,7 млрд теңге), білім беру (9,6 млрд теңге), денсаулық сақтау (1,2 млрд теңге), ветеринария (0,2 млрд теңге) құрады», - деді Қ.Бишімбаев.

Көлік инфрақұрылымы бойынша  5 өңір проблемалық мәселе енгізді,  78,2 млрд теңгеге қаржыландыру қажет болып отыр.  Ең ірі жоба Алматы облысына тиесілі,  ол 59 млрд теңгені құрап отыр.

«Алматы облысының әкімдігі ірі жоба (Алматы қаласының 6 көшесін ҮАААЖ-ға кіргізу) ұсынып отыр. Ол 59,0 млрд. теңге. Бұл жобаны ҮАААЖ құрылысы аяқталғаннан кейін қарауды орынды деп есептейміз. Атырау облысының әкімдігі 2016-2018 жылдары 11,3 млрд теңгеге қаржыландыру үшін тағы бір жоба («Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» облыстық жолын жөндеу, 123 км) ұсынды. Батыс Қазақстан облыстық жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен жыл сайын 7 млрд. теңгеден бөлуді сұрайды. Қызылорда облысы әуежайды жаңғыртуға 0,8 млрд. теңге сұрап отыр» - деп атап өтті министр.

«БҚО жыл сайын облыстық жолдардың жөнделуіне  7 млрд теңгеден бөлуді сұрап отыр. Қызылорда облысы  әуежайды жаңғыртуға  0,8 млрд теңге сұрап отыр», - деді министр.

5 өңірдің инфрақұрылымдық  саласы бойынша  49,2 млрд теңгенің жобасын қаржыландыру қарастырылған. Ірі жобалар – Астана қаласының ІІД жеке құрамын орналастыру үшін нысан құрылысы (21,7 млрд теңге),  Алматы облысындағы Нұркент жаңа қаласының инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыру (11,3 млрд теңге), Қызылорда облысында  3 елді мекеннің су беру құбырын салуды  (11,2 млрд теңге)  жүзеге асыру қарастырылған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
312

Шетелге, ең алдымен, нағыз білім мен жанның рақаты үшін сапарлаңызшы!

Қазір жастардың, (менің айналамдағылардың) санасын "шетелге шығу" мәселесі жаулап алған. Мейлі, ол оқу болсын, мейлі ол қыдыру, демалу болсын, әйтеуір, "жұрттың баласынан" қалмай шетелге шығу керек. Алғашқысын себеп етіп барғандардың жағдайы, тіпті, сорақы. Бірден айтайын, көпке топырақ шашудан аулақпын, жай ғана мысал келтірем(ін). Мәселен, ҚазҰУ, ЕҰУ сынды "мәртебесі биік" ЖОО өз магистранттарын екі аптаға алыс-жақын шетелдерге тағылымдамадан өтуге жібереді. Екі аптаға! Ал оған ағылшыншасы "Мутко мен Есімовтен аспайтын" студенттер барып алып, сол екі жұмасын қыдыру мен суретке түсумен өткізеді. Сонда бұл екі апта кімге пайда әкеледі?! Сонда білім мен тәжірибенің, қазақтар туралы қалыптасып үлгірген "репутацияның" қайтарымын әдемі суреттер мен сатып алған брэндті киімдерден сұрау керек пе?! Жақын танысым сол ҚазҰУ-дың докторанты. Осы арада оның әңгімесі есіме түсіп отыр: факультетінің студенттері "Академиялық ұтқырлық" бағдарламасымен Австрияға барып, сабаққа қатыспай жүр екен. Ол туралы Венадағы профессор апамның поштасына "студенттеріңе ескерту жасаңызшы",- деп жазып жіберіпті. Өте ұят жағдай, меніңше. Сонда осы ма "шетелге шығу, шетелде оқу" деген?
***
Жарайды, оқуды да талқыладық. Енді бірі шетелге демалуға барады. Барады да, күні бойы телефонмен айналаны фото-видеоға түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіде жариялап, достарымен бөліседі. Сонда басқа елдің мәдениетімен танысып, одан ляззат алу, эстетика мен жаңашылдықтарға тамсанып, өзге ұлт xалқымен араласу шетте қалмай ма?! Сонда нағыз демалыс смартфондар мен фотоаппараттардың ықпалында кетпей ме? Кім үшін, не үшін бұл демалыс? Білмеймін, әлде мақтаныш па? Не болса да, адамдар мына гаджеттер келгелі айналаның негізгі құндылықтарынан ада болып бара жатқан тәрізді. Жарайд, ол бөлек тақырып екен ғой...
P.S шетелге сапарласаңыз - ең алдымен, нағыз білім мен жанның рақатын іздеңізші.

1
0
784

«91» тобы жайлы шулап болдық па?

«Ninety One» тобының өнерін қолдайтын мәдениет және қоғам қайраткерлерінің саны күннен күнге артуда. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртістері – Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, RinGo, Renzo және Ayumi топтарының продюсері – Алуа Қонарова, KeшYou, Алау топтарның продюсері – Баян Мақсатқызы бар. Жақында белгілі режиссер, комедия актері, шоумен және сценарист Нұртас Адамбай да топты қолдайтынғын айтты. Жігіттерді қолдаушылардың қатарында белгілі жүргізуші, журналистер де аз емес. Мысалы, «Хабар» арнасының журналисті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Менеджмент жəне маркетинг" кафедрасының оқытушысы – Дəулет Төлеутайұлы өзінің Instagram парақшасында Ninety One тобы жайлы жүргізген журналистік зерттеу барысында бұл топты айыптайтындарды түсінбегендігімен бөлісті.

"91" тобы жайлы шулап болдық па? Махаббат, дін, саясат осы үш тақырып төңірегіндегі əңгіме ешқашан таусылмайды екен. Сол секілді төртінші етіп "91" тобына қатысты əңгімелер бітпейтін секілді. ФБ мен Инстаға салған бір бейнежазбамда 500-ге жуық пікір жиналыпты. Əрине, ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. Бірақ, кей адамның жазбалары ашуымды келтірді. "Хабар" арнасындағы бағдарламаға сюжет жасау үшін, бұл топ жайлы журналистік зерттеуімді бастаған едім... Ойлана келе, бұл топты айыптайтындарды түсінбедім. "Қайтадан" бейнеклипінің 3 айда ютубтағы көрілімі 2 млнға жуықтаған. Біздегі қазақ эстрадасында қай əншінің клипі аз уақытта миллионнан асып жатыр? Санаулы ғана шығар. Оның өзінде сол əншілердің сахнада жүргендеріне 10 жылға жуықтаған. Ал бұл топтың құрылғанына бір жылдан ғана уақыт асты. Осы бір жыл ішінде мыңдаған фанат жинап та үлгерді. Біздің көптеген əншілер тойхана сахнасынан аса алмай, жанды дауыста əнін айта алмай жүр. Одан қалса, қазақ тілінде екі сөйлемнің басын қоса алмай жүргені қаншама. "91" тобының бояну, сырға тағуына келсем, бұны "стиль" деп баға беру керек. Жəне онысы уақытша құбылыс деп ойлаймын. Мойындайықшы, олар шашын боямай, сырға тақпаса Музарт, Жігіттер, Алашұлы, Ринго, Орда топтарының көлеңкесінде аты шықпай қалар еді. Инстада отырып, пікір жазатын "патриоттарға" айтарым- 93-98 жылғы балалармен алыспай, қоғамдағы бұдан да қиын проблемамен алысайық. Мəселен, жемқорлық, педофиль, жезөкшелік, тонау, ұрлық осымен күрессек екен. Газды айтпағанда, суы жоқ ауылдар бар, "оларда неге су жоқ" деп шулап жатқан ешкім жоқ? Қазақ тілін менсінбейтіндер қара көздеріміз бар, оларға тілді неге үйретпейсіздер? Бұларды айтуға, көрсетуге қорқамыз, ə?! Қоғам бұзылады дейсіздер, сол 5 жігіттің артынан жігіттер жүгіріп, оларға еліктеп жүрген жоқ қой. Қыздарымыз ұнатып жүр! Кезінде корейлік "F4" шыққанда талай қазақ қызы соларды фанат еткен! Түптеп келгенде ұрпақты тəрбиелейтін үйдегі ата-ана емес пе? Темекі шегетін, ішетін достарым бар, бірақ мен оларға еліктеп жатқаным жоқ. Себебі ата-анам дұрыс тəрбие берді. Барлық нəрсе үйдегі тəрбиеден бастау алады!!! Ірі болайық, тірі болайық, көп сөйлемей ісімізбен дəлелдейтін мықтының бірі болайық.

Еске сала кетейік, Дəулет Төлеутайұлы "Әңгіменің ашығы" атты тележобаға арнайы журналистік зерттеу жүргізу мақсатында 23 қазан күні Ninety One тобының жанкүйерлері – EagleZ'дармен жеке кездесіп, шағын сұхбат алған. Сұхбат барысында қыздар қолдарына қолдау плакаттарын ұстап, 91 тобын қолдайтындықтарын айтты. Тіпті "Топ хейтерлеріне не айтасыздар?" деген сауалға олар "Бақытты болыңыздар!" деп жауап қайтарды.

5
1
2231

Сен барсың тек менде...

Өміріңде кездескен кез-келген адам өзіндік бір із қалдырмаса да, сені бір нəрсеге үйретеді, - деп жатады. Мына бес күндік ғұмырда қанша адамды бір-бірімен жолықтырады Жаратқан. Соның əрбірінің қылығын, ойын, пікірін, көзқарасын елеп-ескеру мүмкін емес те шығар. Бірақ адамның болмысы, қасиеті, рухани танымы қандай болса, əрқайсымен тілдесіп, пікір алмасқан кезде, тура сол таным-түсінікті ұғыну үшін дəл сол деңгейге түсіп немесе өресі жеткенше сол биікке бойлайды. Адам мен адам жолыққанда ең алдымен антиптия, содан соң симпатия орнайды дейді араларында. Кім болса да, бір жолыққанда сынай қарап, келіспейтін қырлары мен ұнамайтын тұстары көзге оттай басылып, оғаш көрінетіні содан. Ал содан соң, тіл табысып, жөн біліскен соң ғана, ол кісінің ниетін, басқасын біліп жатамыз. Осы кезде симпатия оянып, пікірлестік, ортақ көзқарас қалыптасуы мүмкін. Ал одан соңғы импатия деңгейіне айлар, жылдар бойы жете алмай жүрген талай дос, бауыр, тіпті сүйем деген ғашықтар да бар көрінеді. Сана мен сананың, адамгершіліктің, танымның, ниеттестіктің, түйсіктің тоғысуы, шын ұғынысудың белгісі осы!
Зымыраған өмір ағынында мұндай адам сен үшін уақытты тоқтатып қоя алады. Əбден көңілің қалып, жан баласына сенбейтін қатал жүрегіңді жібіте алады. Бей-жай тірліктің қамында, өзгені елемейтін, ешкімті ойламайтын тар пейіліңді кеңейтіп, қамсыз, өзімшіл, тəкəппар кеудеңді де иілтетін осы адам.  Біреуге шын жанашыр болсаң, шын ниетіңмен тілекші болсаң,   ішкі сырыңды еш бүкпесіз төге алсаң, ол саған жақсылық жасауды үйретсе, міне, нағыз еркіндік, батырлық, ашықтық - осы! Бұл нəрсеге тек жанымыздағы нағыз жанашыр адам үйретеді. Мен таптым сондай адамымды...
0
0
510

Павлодар облысының жастары облыс әкімімен кездесті

Павлодар облысында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 7 жылдың ішінде 4345 жас маман жұмысқа орналасқан. Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың жастармен кездесуі барысында "Жастар бастамаларын дамыту орталығының" директорының орынбасары Саят Жүсіпбаев мәлім етті.

- «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы елімізде 2009 жылдан бері іске асырылуда. Осы жеті жылдың ішінде облыс ауылдарына жас мамандар білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларына жұмысқа орналасқан. 2016 жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама арқылы 240 жас маманға ауылға қызметтік жолдама беріліп, бұл бағытқа мемлекеттік бюджеттен 636 млн. 455 мың теңге бөлінген, - дейді Саят Жүсіпбаев.

Кездесу барысында облысымыздың түкпір-түкпірінде ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосып жүрген белсенді жастар өз аудандары мен ауылдарында туындаған түйткілді мәселелерді ортаға салды. Мәселен, Павлодар ауданындағы «Нәби» шаруа қожалығының фермері Нұрлан Сүлейменов жастар бос уақытта бас қосатын мәдениет үйін ашу туралы өтініш білдірді.

- Павлодар ауданында 7 мыңнан астам жастар бар. Ағымдағы жылы 1-қарашаға дейін жастар бастамаларын дамыту орталығын ашу жоспарланған. Сіздің ұсынысыңыз бойынша, аудан әкіміне тапсырма беріледі, - деді аймақ басшысы.

Шара соңында облыс әкімі Болат Бақауов ауылдық елді мекендерде үш жылдан көп уақыт жұмыс істеп, ауыл әлеуметінің өрлеуіне өз үлестерін қосып жүрген жеті жас маманды марапаттады.

pavlodarnews.kz тілшісі ,Тілеуберді Сахаба

 
0
0
646

Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалі өтуде

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға»- «Серпін 2050 »  мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысында білім алушы жастар арасында  облыстық «Аламан» фестивалі өтуде. Фестиваль мақсаты- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар белсенділігін арттыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен шығармашылық қабілетін арттыру, олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау.

24 қазан күні Павлодар химия-механикалық колледжінде «Аламан» фестивалінің «Мамандығым мақтанышым» байқауы өтті.  Байқауға әр қатысушы өзінің жазып әкелген эссесің оқып, қорғады.  Агрономия саласы, мал шаруашылығы, заманауи техникадағы түрлі-түрлі өзекті тақырыптар қозғалды. Іс-шара қортындысы: І орынды Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Өміржанова Талшын қанжығасына байласа,  ІІ орынды   Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенті Тұңғышбай Сейітжанға бұйырды. Ал, ІІІ орынға Красноармейка аграрлық - техникалық колледжінің студенті Абдулла Баянсұлу  ие болды.

Сондай-ақ,  «Аламан» фестивалі аясында Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Мені шыңдаған – Серпін» атты байқауы өткізілді.  Байқауға «Серпін – 2050» бағдарламасына қатысатын 7 оқу орны қатысты. Олар Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар бизнес колледжі, Павлодар көлік және комуникация колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Красноармейка аграрлық - техникалық колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Палодар химия -механикалық колледжі.

Павлодар облысының Серпін студенттерінің жетекшісі, бүгінгі байқаулардың әділқазы төрағасы Ғабит Хафиздың айтуынша, білім алушы серпіндіктер бұл фестивальге ерекше ынтамен дайындалады.

-Әр оқу орны өздері алдын ала дайындаған бейне түсірілімін және фото суреттерін интерактивті тақтады көрсетіп, жұмыстарымен таныстырды. Әрі республикалық кезеңге дайындықтары жоғарғы деңгейде- дейді Ғабит Хафиз.

Байқаудың нәтижесіне тоқталсақ: І орынды  Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері жеңіп алса, ІІ орынды Павлодар технологиялық колледжінің студенттері жеңіске жетті. ІІІ орынға Павлодар бизнес колледжі және Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі ие болды.

 
0
0
1085